Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет18/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім «Биопоэма» тәсілін қолданып, әрбір оқушыға «Алтын адам» деген тақырып бойынша А4 парағына жазылған бірнеше сауал береді.

Оқушылар 1—1,5 минут ішінде бір параққа сауалдарға жауап береді. Биопоэмалар оқылады, талданады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.



Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Қайнаркөздерден Алтын адам туралы ақпарат табады, қызықты

мәліметтер жинайды, хабарландыру мәтінін жазады.






3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тап- сырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 4, 6-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріне жазып алады, синонимдер, антонимдерін табады, мәтіннің мазмұнына байланысты бір-біріне сұрақ жазады, жауап береді.

66



4-тақырып. Ежелгі көшпелілер мәдениеті



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 5, 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтіннің әр абзацындағы ақпа- ратты талдайды, сол абзацқа тақырыпша қояды, мазмұны бойынша жоспар құрады,

«Оймоншақ» ойынының шартын орындай- ды.






4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 12-тапсырманы орын- датады.

Диаграмманы толтырады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сабақта алған мәліметтерге сүйеніп, «Көшпелілердің ғажайып мұралары» тақырыбында ойтолғау жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Шарты: әр жұпқа жаңа тақырып бойынша бір сөз беріп, оқушылардың әрқайсысына түсінікті болатындай сипаттап беруін сұрайды.

Әр жұп өзіне берілген сөзді түсіндіріп береді.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Ақпарат көздерінен «Алтын адамға» қатысты материалдар жинап, тұсакесер жасайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Мұғалім оқу- шыларға кесте салынған А4 парағын таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа белгілерді қою арқылы білдіреді.

11-12 сабақ


Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім















Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?

Білімділік:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық:

Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде қазақша ақпарат бере алады, сұрақтарға жауп береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілдеседі, диалог құрады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты шағын мәтін құрайды.

Негізгі түсініктер:

Тұмар патшайым, ежелгі көшпелілер, мәдениет.


67

5-сынып. Мұғалім кітабы


Сабақта қолданылатын материалдар:


Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, плакаттар, маркерлер, желімқағаздар.



Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Тірек сөздер» стратеги- ясы, ассоциаграмма, «Бинго» ойыны, диалог, постер, «Жалпы сұрақ» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.

Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығды. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.

ІІ. Мағынаны тану

1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. «Бинго» ойынын ұйымдастырады.

Жазылым. Әр торға тиісті сөздерді жазады.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. «Оймоншақ» ойыныныңшартын орындайды.




2. Сергіту сәті. «Тұмар — Аңыз-патшайым» тақырыбында постер жасатады. (3-тапсырма)

Постер жасайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Сөзжұмбақ құрайды.

IV. Бекіту

Жұптық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.

Өз жұбымен «Тұмар патшайым» де- ген тақырыпта мәтін құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

«Көшпелілер мәдениеті» тақырыбында эссе жазу.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипат- тайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсы- рады.

68



5-тақырып. Су — тіршілік көзі
5-тақырып. Су — тіршілік көзі
1-2 -сабақ

Сабақ тақырыбы:


Сусыз өмір жоқ



Білімділік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді меңгерту.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша судың тіршілік көзі екендігін түсінеді, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді Сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, суды үнемдеу керектігін түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің сыныптастарымен сұхбат құрады, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Үнемдеу, сұрауы бар, аштық, шөл.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, желімқа- ғаздар.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, рөлдік ойын, жағдаят- тық тапсырма, «Кім жылдам?» ойыны, эссе, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет