Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа қатысты дайын- даған слайдтарын көрсетеді, көшпелілер мәдениетімен таныстырады, қосымша мәліметтер береді, «көшпелілер» сөзіне кластер (2-тапсырма) құрастыруларын сұрайды.
Ә)Жазылым.Дұрыс,сауаттыжазуғамашықтандыру үшін 5, 8-тапсырманыорындатады.
Жазылым. Мәтіндегі қара қаріппен жазылғансөздердіңаудармасындәптері- не жазады, антонимдерін айтады, мәтін- ненжіктеу,сілтеу,сұрауесімдіктерінтеріп жазады.
Б) Оқылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Сөйлемді толықтырып оқиды.
В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орында- тады. «Аквариум» тәсілінің негізінде жағдаяттық тапсырма береді.
Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шар- тын орындайды, рөлдік ойын ойнайды.
Жазылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, жар- тылай көшпелілер мекендеген аймақтарды анықтайды, «Көшпелілер мекендеген аймақтар» тақырыбында Қазақстан карта- сын постер түрінде жасайды.
Мұғалім«Жағымдысөздер»тәсілібойыншасабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысын- да қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабаққорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
3-4-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Көшпелілер — жауынгер халық.
Білімділік:
Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы көшпелілер өркениеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашы- лыққа баулу.
Тәрбиелік:
Тілдік қарым-қатынас барысында сипаттау мәтіндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айта- ды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Данышпан, аттылы, садақ атқыштар, баспана, билігін берген.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, «Сақ мәдениеті» деректі фильмі, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, фломас- терлер мен маркерлер, парақшалар, желімқағаздар.
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тарихшылардың ежелгі сақ мәдениеті туралы жазбаларын оқиды, «Сақ мәдениеті» деректі фильмін көрсетеді.
Оқушылар деректі фильмді тамашалайды, жазба- ларды тыңдайды.