Байланысты: Ғаламның құрылысы туралы түсініктер.Галактикалар.галактикаларды топтастыру.элементар бөлшектер.Ғаламның қәзіргі жағдайындағы..
Астероидтар. Марс және Юпитер орбиталар аралығындағы ішкі және сыртқы планеталарды бір-бірінен бөліп тұратын шекараны астериодтар немесе кіші планеталар белдеуі деп атайды. Қазіргі кездегі белгілі астероидтар саны 2000-ға жуық. Олардың ішіндегі ең ірілері — Церера (767 км), Паллада (489 км), Веста (386 км), Юнона (193 км) болып саналады.Астероидтардың жалпы саны 100 мыңнан астам, ал массалық салмағы жер массасының 0,001 бөлігіндей ғана деп есептеледі. Олардың құрамы тасты-темірлі, ал сыртқы пішіні үшкір қырлы болып келеді. Қөп ғалымдардың пікірі бойынша олар ғарыштық катастрофа кезінде бөлшектенген Қүн жүйесінің Фаэтон атты оныншы планетасының қалдық сынықтарынан құралған деп жо-рамалданады.
Метеорлар — кометанын, өте ұсақ сынық бөлшектері болып саналады. Олар ғарыш әлемінде пайда болып, өте ұсақ минералдық заттар түрінде планетааралық кеңістіктен Жердің атмосфера қабатына үлкен жылдамықпен (11—72 км/с) келіп соқтығысады да, буға айналып “аққан жұлдыз” секілді із қалдырады. Ал метеориттер астероидтардың сынық бөлшектері деп есептеледі. Олар жер бетіне жетіп құлайды, сондықтан осының нәтижесінде кратер пішіндес орлар мен ойықтар пайда болады.
Ең ірі кратер — “Метеордың” (АҚШ, Аризона штаты) диаметрі 1,6 км, ал тереңдігі 150 м. Жер бетіне жетіп құлау кезінде байқалынған метеориттердің жалпы саны (Ф. Стейсидін. санағы бойынша) 700-ден артық. Метеорит-тердің құлау кезін дәл суретке түсіру мүмкіндігі екі-ақ рет жүзеге асырылды (Чехо-Словакия, Пршибрам, 7.IV. 1959 ж.; АҚШ, Лост-Сити, 4.01.1970 ж.). Құрамына қарай метеориттер үш топқа бөлінеді: 1) темірлі метеориттер (сидериттер) көпшілік жағдайда темірден (95%) және кобальт пен никель қоспаларынан құралады. Олар барлық табылған метеориттердің 6%-ін құрайды. Темірлі метеориттердің құрамы Жердің ядро қабатының құрамымен сәйкес келеді; 2) темірлі-тасты метеориттер (сидеролиттер) бірдей мөлшерде кездесетін темір мен силикатты минералдардың қоспасы деуге болады. Олар жер бетінде сирек кездеседі (барлық табылған метеориттердің 2%-і). Олардың құрамы Жердің жалпы құрамымен ұқсас; тасты метеориттер (эвкриттер) силикаттардан (оливин, гиперстен, бронзит) және никельді темір қоспаларынан (камасит, тэнит) тұрады. Олар жер қыртысында кездесетін кейбір тау жыныстарына өте жақын. Эвкриттер — хондриттер және ахон-дриттер болып екіге бөлінеді.Метеориттердін шіндегі тасты метеориттер ең көп таралған (барлық табылған метеориттердің 92%-і) түрі болып есептеледі. Метеориттердің массасы бірнеше грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді. Осы уақытқа дейін табылған метеориттердін, ішіндегі ең ірісі — Гоба (Африка, 1920) атты метеорит болып саналады. Оның құрамы темірлі метеоритке жақын, ал массасы 60 тоннаға жуық. Одан кейінгі орында Кейп-Йорк (Гренландия) —33,2 т. ТМД территориясынан табылған ен, ірі метеориттер: Богуславка (1916) —257 кг, Сихотэ —Алинь (1947) — 130 кг.
Кометалар — аспан әлемінде ұзынша созылған, құрамы жағынан алып планеталардың атмосфералық құрамына жақын ғарыштық денелер. Олар эллипстік орбита бойымен Күнге жақын аралықты және одан ары Плутон орбитасын басып өтіп, Күннен біртіндеп қашықтай береді. Кометалар ыстық денелер емес. Олардың жарық шығаруы Қүн сәулесіне байланысты. Қазіргі кезде бізге 1000-ға жуық кометалар белгілі болды. Олар өз орбиталарынан ауытқып кеткен жағдайда, басқа планеталармен соқтығысып қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ірі ойықтар мен кратерлар пайда болады. Соңғы кезде ғалымдар Сібір территориясында (1908 ж.) байқалған белгілі Тунгуск метеоритінің жаратылысын шағын (5 млн. т) кометаның Жермен соқтығысу әрекеттерімен байланысты деп түсіндіреді. Бұл метеорит кометаның ядросы немесе онын, сынықтары болуы мүмкін, бірақ осы уақытқа дейін метеорит сынықтары табылған емес.