Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар



бет5/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2

Себебі, норадреналин қантамырлары рецепторларына әсер етеді және АҚҚ жедел түрде түсірмейді. Ол үшін оны бұлшықетке егу керек, бірақ норадреналинды бұлшықетке еге алмаймыз

16. Науқас жедел гипотониямен ауруханаға түсті. Қарау барысында жүрек соғу жиілігі 120 соққы/минутына анықталды. О2 ге қажеттілік 30 % артқан. Перифериялық тамырлар қарсыласу индексі қалыпты.



  1. Гипотонияны емдеу үшін қандай емдік препаратты тағайындайсыз?

  2. Препарат қандай фармокологиялық топқа жатады?

  3. Таңдау жасаған препартыңызды неліктен тандадыңыз,түсіндіріңіз?

  4. Тамырларға әсер ету механизмін түсіндіріңіз?

17. Науқас Н. ұзақ уақыт бойы гипертония ауруымен Д есепте тұрған. Соңғы 10 жылдай емделіп келеді. Соңғы жарты жылда Х. препаратты қабылдаған. Тағайындау барысында дәрігер тарапынан дәріні қабылдау барысында пульсті қадағалап отыруын және препаратты қабылдауды бірден тоқтатуға болмайтындығы түсіндірлген.Дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындап, науқас жағдайының жақсарғанын байқаған. Жаз басында саяжайға көшкен соң науқас дәріні қабылдауға ұмытып кеткен. Бір күненн кейін науқас басының қатты ауыруын,басының айналуын,жүрек айнумен құсу, жүрегінің үнемі ауруын сезген. Есі жоғалған күйде науқас аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Сұрастыру барысында пайда болған симптомдардың дәріні қабылдауды бірден тоқтатқандығынан екендігі анықталды.


1. Науқас қандай препарат қабылдады?
Жауап: Клофелин
2. Бұл препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?
Жауап: нейротропты гипотензивті заттар
3. Артериалдық қысымға дәрінің әсер ету механизмін анықтаңыз?
Жауап: Гипотензивті әсері сопақша мидың құс тұмсықты вентролатералдық бөлігіндегі солитарлық жолдар ядросы нейрондарының постсинапстық α2-адренорецепторлары мен имидазолиндік I1-рецепторларды ынталандыруға байланысты. Бұл өз кезегінде сопақша мидағы вазомоторлық орталықтың тежелуіне және симпатикалық иннервацияның төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде эфференттік импульсация кенеттен преганглионарлық симпатикалық талшықтарда тежеледі. Бір мезгілде кезбе жүйке тонусы жоғарылайды. Айқын және тұрақты гипотензия жүрек жұмысының және шеткі қан тамырлары қарсыластығының төмендеуіне байланысты болады.
4. Неліктен дәріні қабылдауды бірден тоқтату осындай кері әсер көрсетіп тұр?
Жауап: Препаратты қабылдауды бірден тоқтату синдромын туындатады. Ол көбінесе дәріге бейімделулік немесе тәуелділік туындататын препараттарды қабылдағанда туындайды.
18. Бронх демікпесінің ұстамасымен қабылдау бөліміне түскен Ж. науқасқа бронхолитик ретінде адреналин гидрохлрид ерітіндісі енгізілді. Ұстама басылды, бірақ сонымен қатар жедел тамырлық коллапс дамыды. Анамнезінде науқас мигреньмен ауратындығы және жиі дигидроэрготамин препаратын қабылдайтындығы анықталды.
1. Адреналин гидрохлориді қандай фармакологиялық топқа жатады?
Жауап: α- және ß- адреномиметик
2. Дигидроэрготамин препараты қандай фармакаологиялық топқа жатады?
Жауап: α - адреноблокатор
3. Адреналиннің бронхтарға әсер ету механизмін түсіндіріңіз?
Жауап: Бронхтың ß2- адренорецепторларын ынталандырып, тегіс бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді. Бронхоспазмды жояды.
4. Мигрень кезінде дигидроэрготамин препаратын науқас қандай мақсатта қолдаған?
Жауап: Бас сақинасының ұстамасын тез тоқтату үшін
5. Науқаста адреналин енгізгеннен кейін неліктен коллапс дамыды?
Жауап: адреналиннің әсерінен тамырлардың ß2- адренорецепторларының ұзақ уақыт қозуына байланысты.
19. Науқас С., паркинсонизммен ауырады, препарат тағайындалды. Препаратты қабылдағаннан кейін ауру белгілері азайды, бірақ сол уақытта науқаста жүрек соғысының жиілеуіне, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауына, іш қатуға шағымдана бастады.
1. Науқасқа қандай препарат тағайындалды?
Жауап: циклодол
2. Препараттың фармакологиялық тобын көрсетіңіз (топ, топша).
Жауап: Паркинсонға қарсы заттар, холинергиялық әсердерді тежейтін заттар.
3. Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз.
Жауап: Орталық холинорецепторларды тежеу арқылы базальды ганглийлерге холинергияның ынталандырғыш әсерін төмендетеді.
4. Жанама әсерлердің даму механизмін түсіндіріңіз.
Жауап: шеткі м-холинорецепторларды тежеуге байланысты
20.Жедел психозбен (елес және сандырақпен) ауыратын науқасқа нейролептик енгізілді. Психоз белггілері жойылды, бірақ кушеткадан тұрын жатқанда науқас есінен танып құлап қалды.
​1.Науқасқа қандай препарат енгізілді?
Жауап: Аминазин
​2.Оның фармакологиялық тобын жазыңы з
Жауап: психозға қарсы «типтік» заттар
​3.Препараттың психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Жауап: мидағы постсинапстық мезолимбиялық және мезокортикалық дофаминергиялық рецепторлардың тежелуімен байланысты.
​4.Препарат қандай жағымсыз әсер туғызды?
Жауап: әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, гипотензия, ортостатикалық коллапс, іркілістік сарғаю.
​5.Бұл немен байланысты екенін және қалай алдын алуға болатыны түсіндіріңіз
Жауап: Препаратты қолданғаннан кейін енгізу тәсіліне қарамастан науқастар 1,5-2 сағат жатуы тиіс; горизонталды жағдайдан ертикалдыға күрт ауысу артериялық қысымның айқын және тез түсуін тудырады, ортостатикалық коллапс дамиды.

21.Ұйқысыздықпен ауыратын науқас Ю., түнде ұйықтататын дәрі қабылдаған. Ұйқы жеткілікті терең болды, науқас жақсы ұйықтады. Келесі күні препаратты қабылдағаннан кейін науқас әлсіздікке, бас ауруына, зейіні мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданды.


1.Науқасқа қандай препарат тағайындалды? Нитразепам
2.Препарат қандай фармакологиялық топқа, топшаға жатады? Бензодиазепин туяндылары
3.Препараттың ұйықтататын әсерінің механизмін түсіндіріңіз.
Орталық жүйке жүйесінде тежеуші медиатор ретінде гамма аминомай қышқылы ( ГАМК ) белгілі . Бұл медиатор екі түрлі ГАМК - А және ГАМК - В рецепторлерiмен әсерлеседі . ГАМК - А рецепторлермен аллостерикалык комплекс түрінде бензодиазепинді және барбитуратты рецепторлермен байланысты . Бұл рецепторлерді ұйықтататын дәрілер қоздыру нәтижесінде ГАМК - А рецептордiң ГАМК - на сезімталдығы жоғарылап , жалпы тежегіш әсер пайда болады .
4. Препаратты қабылдағаннан кейінгі болған жанама әсер қалай аталады? Бұл жағдай немен байланысты екенін түсіндіріңіз?
Препаратт әсер ету ұзақтығы t 1/2 = 24сагат. Препараттың әсері қаншалықты ұзақ болса, әсерден кейінгі әсері соншалықты жоғары болады. Науқастағы жағымсыз әсерлер күні бойы сақталады, олар қозғалыс реакциялар баяулауы, тыныштандырғыш әсер, есте сақтау қабілетінің бұзылуы.
22. Науқас ауруханаға шок алдындағы жағдайдағы кеуде қуысының терең тесілген жарақатымен түсті. Қарау кезінде: науқаста қанды қақырумен жүретін тұрақты жөтел байқалды.
1. Науқасқа шокқа қарсы және жөтелге қарсы әсері бар препарат тағайындаңыз. КОДЕИН
2. Препарат қандай фармакологиялық топқа, топшаға жатады? Опиоидты анальгетик. Фенантрен туындылары.
3. Препараттың шокқа қарсы және жөтелге қарсы әсерлерінің механизмін түсіндіріңіз.
Опиоидты рецепторлардың му, дельта және каппа кіші түрлерін ынталандырады. Ол афференттік жолдың орталық бөлігіндегі ауыру импульстарының интернональды берілуін тежейді, ауырсынудың эмоционалдық бағасын, оған реакцияны төмендетеді, эйфорияны тудырады (көңіл-күй көтеріледі, жағдайдың нақты жағдайына қарамастан психикалық жайлылық, жайбарақаттық және жарқын перспектива сезімі пайда болады), бұл тәуелділіктің қалыптасуына ықпал етеді (психикалық және физикалық). Жылуды реттеу орталығының қозғыштығын төмендетеді, вазопрессиннің бөлінуін ынталандырады.Бұл іс жүзінде тамыр тонусына әсер етпейді. Жоғары дозада ол тыныштандыратын белсенділікті көрсетеді, тыныс алу, жөтел және тітіркену орталықтарын тежейді, окуломоторлы (миоз) және кезбе (брадикардия) нервтердің орталықтарын қоздырады. Супрастинальды анальгезия, эйфория, физикалық тәуелділік, тыныс алу депрессиясы және кезбе жүйке орталықтарының қозуы mu рецепторларына әсер етумен байланысты. Каппа рецепторларын ынталандыру жұлын анальгезиясын, седацияны, миозды тудырады. Дельта рецепторларының қозуы анальгезияны тудырады.
23.Жедел жәрдем бригадасы улану белгілері бар науқасты ауруханаға жеткізді. Объективті тексергенде: коматозды жағдай, сирек тыныс алу, тері және шырышты қабаттардың цианозы, брадикардия, қарашықтардың қатты тарылуы, дене қызуы төмендеген.
1. Уланудың себебі қандай препарат болуы мүмкін? Фенобарбитал препаратымен уланған.
2. Препарат қандай фармакологиялық топқа, топшаға жатады? Препарат барбитураттар тобына жатады. Барбитал препаратының туындысы.
3. Улану белгілерінің даму механизмдерін түсіндіріңіз. 1) жасуша мембранасын ерітіп, жасуша ішіне енеді - қозу жүргізілмейді;
2) және сонымен қатар ацетилхолиннің әсері тежеледі – өткізгіштік болмайды;
3) негізгі тежегіш зат – ГАМҚ синтезін ынталандырады.
4. Көмеккөрсетушараларынтүсіндіріңіз.
- бөлме температурасында 18-20 ° C, алдын ала трахея интубациясынан кейін кома жағдайында асқазанды ағынды сумен шаю;
- ішектен уды кетіру үшін, адсорбциялық агенттер - белсендірілген көмір 1 г/кг, ішекті шаю (ішектерді шаю) - макрогол (форлакс);
- мәжбүрлі диурез - фуросемид (лазикс) қанның сілтіленуімен бірге - натрий гидрокарбонаты;
- детоксикация гемосорбциясы, ерте гемодиализ;
- тыныс алу бұзылыстарын түзету – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, тыныс алудың тежелуі кезінде механикалық желдету;
- гемодинамиканың бұзылуында никетамид (кордиамин);
- симптоматикалық терапия (кофеин, В дәрумендері, глицин, антибиотикалық терапия).
24. Имидазолпиридин тобына жататын ұйықтататын дәрі, ұйқы бұзылыстары кезінде (пресомния, интерсомния, постсомния) қолданады. Ұйқыға кету уақытын азайтады, түнгі оянулардың санын төмендетеді, ұйқының ұзақтығын арттырып сапасын жақсартады. Жатар алдында қабылдайды.
1. Қандай препарат жайлы айтылып тұр? Золпидем
2. Фармакологиялық тобын атаңыз?Имидазолпиридин туындысы
3. Ұйықтатқыш әсерінің механизмін түсіндіріңіз?
Бензодиазепиндік рецепторларға туыстығы бар ұйықтатқыш заттар. Олардың байланысу орны қарапайым безнодиазепиндерден ерекшеленеді. Бірақ олар да ГАМК - А рецепторларының белсенденуіне, хлор ионофорларының жиі ашылуына және гиперполяризацияның дамуына әкеледі

25. С. науқаста седативті препараттармен емдеуден кейінгі уақытта: шырышты қабаттардың катаральдық белгілер пайда болды - мұрын бітелуі, сілекейдің бөлінуі, көп мөлшерде сұйық қақырық, терідегі бөртпелер, ауыздағы металл дәмі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет