Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет135/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб

Тілдік
мақсат

Оқушылар орындай алады: салыстырып баға береді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: махаббат, абырой, салт-дәстүр
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Кейіпкерлер заманға сай ма?

  • Дәлелде?

  • Жаңашылдығы неде деп ойлайсың?

Құндылықтарды
Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • Рухани құндылықтардың заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

  • Өз көзқарастарын, ойын дәлелдейді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

«Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны, тақырыбы мен идеясын біледі.



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы




1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2.Психологиялық ахуал
3. Ширату. «Дирижер» тәсілі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға бір оқушы шығып дене жаттығуларын жасайды. Қалғандары сол жаттығуды қайталайды.












Топқа бөлу. Сыныпты фигуралар арқылы 6 топқа бөлу. Топ мүшелері келесі рөлдерді бөліп алады: тілші, хатшы, уақыт белгілеуші, бағалаушы




Сабақтың ортасы



Назарын шоғырландыру. «333» әдісі
«Махаббат – Абырой – Салт-дәстүр». Осы үш сөзді байланыстырып, өз ойларыңызды білдіріңіздер. Осы үш ұғымның байланысы қандай?
Махаббат күші қандай? Оқушылар стикерге жазып, жеміс ағашына іледі.
Жеке жұмыс
Тапсырма. FILA кестесін толтыру
FILA кестесі



Кейіпкер

Сұрақ

Әрекет

Идея













Дескриптор:
- кейіпкерге сұрақ қояды;
- сұраққа сай әрекет ұсынады;
- әрекеттен туған идеямен бөліседі.
Жетекші сұрақтар қою:

  • Кейіпкерлер заманға сай ма?

  • Дәлелде?

  • Жаңашылдығы не деп ойлайсың?

Топтық жұмыс. «Ойлаудың алты қалпағы» тәсілі
Тапсырма. Кейіпкер өз заманының адамы ма? Берілген сұрақ пен рөлге байланысты дәлелдеңдер.



Топ

Рөлі

Тапсырмасы

1-топ



Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті фактілер, шынайы ақпараттар. Кейіпкердің шынайы әрекеттері қандай? Ол не үшін құнды болды? Баға беріңдер.

2-топ



Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындады?

3-топ



Сары түс – күн көзінің түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себепті осы істі істеді? Автор ойының артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы?

4-топ



Қара түс – қараңғылық, қорқыныш, қауіп-қатер. Қандай жағымсыз жақтарын көрдіңіз? Жағымсыз сюжеттер не үшін керек? Қандай олқылықтар бар? Кемшіліктері неде? Бұл идея не үшін қажет және жүзеге асады ма? 

5-топ



Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда сіз не істер едіңіз? Баламалы идеялар бар ма? Сіз автор болсаңыз қандай сюжет қосар едіңіз?

6-топ



Көк қалпақ – аспан түсі. Ол қорыту, түйінді ой айтумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта нені ескеруіміз керек?



Дескриптор:
Кейіпкердің заманауи жаңашылдығын берілген рөлге сай дәлелдейді.

ҚБ: Шапалақ



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы



Сабақтың_соңы___«Шығу_билеті»'>Сабақтың соңы


«Шығу билеті»
– Сендер бүгін не үйрендіңдер?
– Тағы не білгілерің келеді?





Сабақ тақырыбы

«Еңлік-Кебек» дастанына пікір

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Б/С4 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.



Сабақтың
мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін анықтап жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет