ҚБ: Шапалақ Топтық жұмыс. 2. «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша
Оқыту қадамдары:
1-қадам. Топтарға тақырыптар ұсынылады:
1-топ: «Дастандағы салт-дәстүр»
2-топ: «Дастанның трагедиямен аяқталуы»
3-топ: «Кеңгірбайдың шешімі»
2-қадам. Әр топ өз үзіндісінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
3-қадам. Әр топ өз тақырыптарының ішінен Еңлік пен Кебекке жасалған әділетсіздіктерді теріп алады
4-қадам. Әр топ флипчартқа адамның сұлбасын салады. Адамның екі аяғына тақырыбы мен идеясын анықтап жазады. Адамның екі қолына Кебекке жасалған әділетсіздіктерді, ішіне, яғни жүрек тұсына Еңлік Кебек әрекеттерін, екі көзіне «Кім кінәлы?», басына «Қалай жеңді?» сұрағына жауап жазады. Адам сұлбасының сыртына кейіпкерге қойғысы келген сұрақтарды қояды.
5-қадам:Қабырғаға іліп қойып, топтар қорғайды.