50
волдағы образдар мүлтіксіз, кесек сомдалса ғана жазушы мұра-
тына жетеді. Қазіргі қазақ прозасында ойды символикамен жет-
кізу әдісін батыл игерген жазушының бірегейі – М.Мағауин.
М.Мағауиннің алып отырған символикасы –Қасқыр –
Бөрі. «Қасқыр – Бөрі» атты шағын әңгімесі өзінің құрылымдық
жағымен ерекшеленеді. Төрт бөлімге бөліп берілген әңгімедегі
символикалық мән «Қасқыр-Бөрі» ұғымымен көмкерілген. Ша-
ғын әңгіменің «Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт ке-
зінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған» дейтін
бастауынан бастап бүкіл өн бойында шағын әңгімеде бабамыз-
дың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас ерліктің ұра-
нына айналған боз құрт, шене туралы автор өзінің танымын ас-
қан шеберлікпен жеткізген.
Түркілер өздерінің ата-тегі қасқыр деп санағандығы жай-
лы көптеген ғалымдар жан-жақты пікірлер білдірген. Осы қай-
ратты да ерікті, айлакер де ақылды түз тағысы жаулардың
шабуылынан қырғынға ұшыраған тайпаның ең соңғы ұрпағы,
кішкентай сәбиді желеп-жебеуші, асыраушы, құтқарушы болып
танылған. Бағзы заманда түркі тайпалары қасқырды «Көк құрт»
деп атаған. Мұндағы «көк» сөзі «аспан» және «көк түс» деген
мағына береді. Сонымен бірге аспан құдайы Тәңірдің қасиетті
символдық түсі көк түс. Ал «құрт» сөзі «құтқару», «аластау» ма-
ғынасындағы қазіргі түрік тіліндегі «куртулуш» сөзінің түбірі.
Сонымен қатар «көк» сөзінің астарын
Достарыңызбен бөлісу: