44
қырандар жайын жырлайды. Ал, М.Мағауиннің
«
Құмырсқа қыр-
ғын»
әңгімесі болса, құмырсқалар өмірінен сыр шертеді.
«
Құмырсқа қырғын» – жай ғана көркем шығарма емес,
идеясы соны философиялық әңгіме. Бұл әңгімеде өмір үшін кү-
рес, ұрпақ жалғастығы тәрізді көкейжарды мәселелер филосо-
фиялық толғаммен, автордың кірпияз талғамымен шебер үнде-
сіп, жымдасып кетеді. Суреткердің бұл туындысы қазақ әңгі-
месіне жетпей тұрған айшықты бояларды жинақтаудың тәжі-
рибесі, ойды символикамен жеткізу тәсілін батыл игерудің же-
місі сияқты. Айтпақ ойын жорамал, болжам арқылы білдіруі әб-
ден заңды. Бұл әдіс қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған
нәрсе емес, фольклорлық шығармаларымыз бен әлем әдебие-
тінде де бар нәрсе. М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» атты фи-
лософиялық ойға құрылған
әңгімесі табиғат құдіретіне бас
июді ғана емес, өмір үшін күрес, қазіргінің жалғасы, болашақ-
тың тұтқасы жас ұрпақ пен ертеңіміздің кепілі – жер-анамызды
қастерлеу туралы сыр десе де болады. Сырт қарағанда өзімізге
таныс, өмірде жиі кездесетін қарапайым ғана оқиға. Кейде ая-
ғымыздың астында тапталып қалатын құмырсқалар өмірі автор-
кейіпкердің
көзімен бағамдалып, баяндалады.
Сонымен автор
Достарыңызбен бөлісу: