Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


Қазіргі  қазақ  прозасындағы



Pdf көрінісі
бет5/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

 
1.2. Қазіргі  қазақ  прозасындағы  
Желтоқсан тақырыбы. 
 
Еліміз  егемендік  алып,  тәуелсіздік  тұғырын  қолымызға 
қондырғалы  өткенімізге  көз  жібергелі  бұрын  айтуға  тиым  са-
лынған,  «жабық»  тақырыптардың  бірі  −  Желтоқсан  тақырыбы. 
Ел тарихында  өзінің  қанды  ізін  қалдырған, жан  жарасын  сыз-
датып  келген   ауыр  тақырып еді. Күңгейі  ашылса  да,  әлі  де 
санамыз да   көлеңкесі  қалып  қойған  мәселені  қазақ   қалам-
герлерлері   өз  шығармашылықтарына  арқау  етіп,  сөз  қозғай  
алды ма?  Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кі-
табында: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының 


 
32 
сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға 
жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген то-
талитарлық  жүйенің  алдында  бірінші  болып  айылдарын  жиған 
жоқ.  Жастар  бұдан  әрі  кез-келген  ұлтқа  тән  ұлттық  мақтаныш 
сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мә-
лімдеді» - деп дәл бағалаған. Өйткені белгілі бір ел әдебиетінің 
тарихы  сол  халықтың  қоғамдық  санасының  және  мәдениетінің 
тарихымен тығыз байланысты. Егер бұл тақырыпты қозғай алды 
десек, қандай  дәрежеде, қандай  формамен  бейнеледі  деген  са-
уал  еріксіз  туындайды.  Қазақтың қылшылдаған қыз-жігіттері-
нің  көз  жасынан  тұратын  бұл  тақырыпты  біраз  қаламгерлер  өз 
шығармаларына 
арқау 
еткені 
белгілі. 
Р.Нұрғалиевтың, 
Т.Сәукетаевтың 
«Ай 
қараңғысы» 
атты 
романы 
мен 
Н.Құнантайұлының  «Қараөзек»  романы    бұл    тақырыптың   үл-
кен    прозада    сөз  болуына  негіз  болса,  әңгіме-повестерде  – 
А.Алтай, М.Байғұтұлы, Ж.Қорғасбек пен  Қ.Түменбайлар  түрен 
салды.  
Қазақ әдебиеті тарихында – желтоқсан тақырыбына қалам 
тартушылар  аса  көп  емес.  Қазіргі  қоғам  мәдениетіндегі  болып 
жатқан  өзгерістерге  сай,  оқырман  қауым  бірыңғай  философия-
лық, психологиялық, тарихи романдардан гөрі, шынайы өмірдің 
шындығына  негізделген,  тарихи-саяси,  ақпараттық-интеллек-
туалдық мәлімет беретін деректі роман жанрына қызығушылық 
танытуы да түсінікті. 
Өз  шығармаларында  уақытқа  үн  қосумен  бiрге,  өткеннің  
өшпес  ізін де,  атап айтар  болсақ  еліміздің  ақтаңдақ  тарихы  
болып  қалып  отырған  Желтоқсан  ызғарын да тұңғыш аңғар-
ған жазушылардың бiрi – М.Байғұтұлы. Ол iс-әрекетi, мiнез-құл-
қы өзгеше кейiпкерлердiң бейнесiн сомдауға талпынды. 
М.Байғұттың  «Жоғалған жұрнақ»  әңгімесі оқыс хабардан 
басталып,  оқырманын  еліктіре  түсетін  әдіске  құрылған.  «Жұр-
нақ көке жынданып кетіпті». Әңгіме оқушы баланың көзімен бе-
ріледі. Жазушының шеберлігі айқын. Оқып шыққан жан кейіп-
кер тағдырына жаны ашиды. Жалған пафостан ада. Текемет кен-
ті  тегіс  білетін  Қонақбай  ағайдың  жалғыз  ұлы  –  Жұрнақ  тек 
желтоқсан қасіретінің құрбаны болған жас жігіт. Оның есімі ән-
шейін  берілмеген.  Бұл  жоғалған  ұрпақтың  символы.  Мәңгүрт-


 
33 
тену  симптомдары  аллегория  арқылы  айтылған.  «Жынды  Жұр-
нақ адамдарды бір-бірінен айырмайтын, кісі танымайтын, кімнің 
кім  екенін  мүлде  білмейтін».  Қазіргі  қазақ  баласының  кейпіне 
ұқсайды, ана тілін білмейді, өзі мен жатты, ақ пен қараны ажы-
рата  алмайды.  Ұлтсыздану  мен  жаһандану  дертіне  шалдыққан 
ұрпақ қасіреті бейнеленген. Санасы мәңгүрт. Ұлтының қасиетін 
танудан қалып, қазақтықтан аулақ кетіп барады. Жұрнақ − текті 
әулеттен.  Сондай  озық  жасты  заманы  қор  қылды.  Мәскеуде 
оқып жүрген  білімді жігіт.  Алматыға сүйген  қызы  Алмаға кел-
генде  тепкіге  ұшырайды.  Басынан  арматура  темірімен  ұрған. 
Жұрнақтың  жындануының  негізгі  себебі  сүйген  қызынан  ай-
рылуы, сол бір қазақ қыздарының көрген қорлығы. Әкесі тіл мен 
әдебиеттің  маманы.  Ол  күйіктен  қайтыс  болды.  Директор 
Сағындықовтың анасы  ғана  жынды  Жұрнақтың бетінен  сүйеді. 
Оған  кейін  Жұрнақ:  «Жоқ,  сізді  танымаймын,  бірақ  бетімнен 
сүйгеніңізді  білем  ғой,  неге  білмеймін»  дейді.  «Ана  байғұс  ал 
кеп  еңіресін-ай  сонда».  Директор  Сағындықовтың  анасы.  Жұр-
нақ  жынданған,  қоғамдағы  асыл  қызметінен  айрылған.  Текті 
ағалар  да  заманға  күйлеген.  Сондықтан  қалың  елі  қазағы  қор-
ғаусыз.  Жұрнақ айнала жұрттан  ән-күйден  сабақ  беретін  Сағы-
нышты,  директор  Сағындықовты  тануы  тегін  емес.  Бұл  қазақ-
тың  тегі  мен  өткеніне  сағынышты,  тектілікті  аңсауды  тұспал-
дайды. Бұл символдық әңгіме. Жұрнақ өлерінде туған үйінің та-
балдырығына кеп тізе бүгеді. Автор мұны  кейіпкер санасында 
сағыныш деген ұғым өлмеген деп түйіндейді. 
Өзгеше оқуға өз күшімен түсіп, алты жылдан астам уақыт 
оқып,  Алматыдағы  сүйген қызына келген кезінде,  Желтоқсан  
көтерілісі басталған кезге тап болған Жұрнақ пен осы сыбырлап 
айтуға қорқатын оқиғаны  ұйымдастырушысының әкесі ретінде 
күнде ауданға, тіпті обылысқа сүйреп,  зықысын  шығарып,  ма-
засы кетіп  жүрген  әке  бейнесі  нанымды  шыққан.  
«Сонда  ғой,  қысқы  каникулдан  кейінгі  алғашқы  сабаққа 
кірген    Қонақбай  ағайды  біз  танымай  таңырқағанбыз.  Мектебі-
міздегі барлық  мұғалімдерден  биік  көрінетін  ағайымыз  мұ-
қым-мүлде  кішірейіп кеткен екен. 
Бәрінен  де  бетер  қайран  қалдырғаны  қалжыраңқы 
Қонақбай  ағайымыздың жайшылықтағы жылуарлы жанарының 


 
34 
бұрынғы нұрынан  жұрдайлығы еді» – деп, автор көтеріліске  қа-
тысты  деген  ұлының  қай  қуыста, қай түрмеде жатқанын біл-
мей  жаны  қиналған,  елінің,  жұртының  еңбегі  сіңген    абыройы 
мен  беделі  бар  ұлағатты  ұстаздың тергеу мен  тексеру жанын  
жегідей  жеп  қойғанын  суреттеу  мезетін    сәтті    шығара  білген. 
Сарсаң  болып  сандалған,  шақшадай басы  шарадай  болып    қал-
жыраған,  ешкімнен  демеу таба  алмай,  тірі  пендеден  көмек те 
сұрай  алмай  сенделген,    түңілген  кейіпкер  бейнесі    нанымды  
шыққан.  «Нұры  тайған  жанарды»  суреттеу  арқылы  арқылы  ав-
тор  болашағынан,  «үміт  еткен    көзімнің  нұры балам»  дегендей 
үміті үзіліп, мойынұсынған пенденің бейнесін берген. Жазушы-
ның   көрсетіп  отырғаны,  ел аман, жұрт  тынышта төрт  құбы-
ласы сай шаңырақтың төбесі ортасына  түсіп,  кешегі  Мәскеуде 
оқуын    оқып,  бітіріп    келе  жатқан  ұлымен    мақтанып    жүрген  
әке,  кіріптар  болып,  көзін  көтере алмай,  ел  бетіне  тіктеп  қа-
ра    алмай  жүзімен    жер   шұқып    жүргені.    Бұның    сыры    неде  
деп  мәңгілік  жауабын бірде тауып,  бірде таппай, оқиға желісін  
трагедиямен өрбіте,  ширықтыра  түседі. 
Автор сюжет желісін  шиленістіруде  бірте-бірте үдемелі, 
градация  әдісін  қолданады.  «Әйтеуір  Жұрнақ  Қонақбайұлы 
сынды  мәскеулік  студенттің    де    «бүлікшілерді»  бастаушылар-
дың  бірі екенін естідік. Текемет  кентінде, Қазғұрт тауының  бір  
бүйіріндегі  кеңшар  орталығында  сыбыр  мен    күбір    көбейді. 
Жұрттың бәрі бір-біріне ашып ештеңе айтпауға айналған. Күдік 
пен  күмән  ауруы  асқына  түскен.  Жұрнақ  көкені  соттағалы  жа-
тыр екен десті. 
Міне,  сексен  сегізінші  жылдың  көктемгі    каникулында 
Жұрнақ көке  жынданып  кетіпті деген  қан  жоса  хабар да  ке-
ліп жетті. Қонақбай  ағай. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бе-
ретін, жыл жарымға жуық  уақыттан  бері  жаһаннам қоғам  ба,  
жандайшап  адам ба, азапқа буып,  тозаққа  таңып тастаған   қай-
ран ағатайымыз  қайтыс бопты. 
...Ол кісіні жерлеуге жеті-сегіз адам ғана қатысыпты. Жа-
назасы    жасырын  шығарылған  деседі.  Мектеп  мұғалімдері  мен 
оқушылардың   баруына мұқым тыйым  салынған.» 
Қаламгер сол жылдарда нақ осындай фактiлердiң көп бол-
ғанын, сол бір желтоқсан оқиғасына  байланысты ел басына түс-


 
35 
кен  әртүрлi  жағдайларды  суреттеу  арқылы  үлкен  әлеуметтiк 
шындықты  батыл  ашып  отыр.  Ресми  насихат    басқаша    деген-
мен, шындықтың  шын  бет-әлпеті осындай  еді  дейді  авторлық  
таным    парасаты.  Жазушы  сол  шындықты  көре  бiлген  және 
соны батылдықпен, жүректiлiкпен шынайы жеткiзе бiлген. Көзi 
ашық,  көкiрегi  ояу  парасатты  азамат  бүкiл  қоғамымызда  белең 
алған көзбояушылық iндетiн аша бiлген. 
Қазақы  танымда    күнәһар  адамды    ақтық  сапарға  шығар-
ғанда ерте  замандарда осылай ел көзінен жыраққа, тіпті жана-
засын жасырын шығарып жататын. Жалпы шариғатта о дүниеге 
аттанған  адамды  қаралап,  даттап,    кінә  арту  үлкен  күнә  болып 
саналады. Яғни, пенде күнәһар екен, еместігін  Алланың алдын-
дағы  ар-амал  сотында  ғана  жауап  береді. Күнәсі бар ма,  жоқ 
па, оны  тек  Алла-тағала ғана   шешіп,  төрелік  етпек.  
Жазушының    кейіпкері  өмірінің  соңғы    күндерін  ел  ал-
дында  кінәлі болып, баласы үшін жазықты  болып, бұ дүниеден 
еңсесін   жаза  алмай,   кінәсі   не   екенін   білместен      пұшайман 
хал  кешіп    өтті.  Сол  жағылған    қара  дақ    өле-өлгенше,  өлген  
күнде  де  кетпек емес. Мұңлық  әкенің  күйі ол  болса, көтері-
ліске қатысқаны үшін жынды жазықты болып, жынданған бей-
шара ұлының күні тіптен мүшкіл еді. Барынан айрылған, адам-
зат  пендесіндегі ең ұлы қасиет санасынан, ақыл-есінен айрыл-
ған жарымес атанып, көрінгеннің  есігінде қу құлқыны үшін  өл-
местің  күнін кешіп  жүр.  Қаламгер  кезінде  оқу  озаты  болған,  
Мәскеу оқу  орны  студентінің  бүгінгі  мүшкіл  халін суреттеу  
арқылы    тағдыры  да    заманы  да,    солақай  саясаты  да    аямаған  
жас  жігітті  туып-өскен  ортасы, кіндік  қаны  тамған   ауылдас-
тары да аяды ма, мүсіркегендері бір күндік боқ дүниемен теңел-
гендігін шебер  суреттеген. 
 «Жынды Жұрнаққа да  сөйттік қой. Оны айтасыз,  алғаш  
аяп,   бой таратыңдар,  бірте-бірте, бара-бара  оның  жуастығын  
басып,  көпе-көрнеу  мазақтайтынға  айналды. Тірліктерін тап-
тұйнақтай  тындыртып  алып,  түк те берместен, дым да татыр-
мастан,  тепкілеп  қуып  жіберетіндер  де    табылатын  еді.    Алты  
шақырым жердегі Айқұмырсқа ауылынан Текеметтің орта мек-
тебіне  қатынап  оқитын оншақты оқушы бүкіл  сөмкелері мен  
бар      киім-кешектерін  жынды  Жұрнаққа  артып  қойып,  қырдан 


 
36 
асып, белден басып,  билеп кетіп  бара  жататынына да көз  үй-
ренді. Ет өлді» деп, автор бала екеш  баланың  мазағына, ойын-
шығына  айналған  кейіпкерінің  мүсәпір  халіне  оқырман көңі-
лін  жеткізеді.   
«Ол Айқұмырсқадан көшпей қалған  жеті-сегіз үйдей сәл  
былайрақтағы Тақиятөбенің  тепсеңінде, өзі туған үйдің орнын-
да    шапанының    етегінен    тас    төгіп    отырған    күйінде    қатып 
қапты. Зерттеңкіреп қарасақ, Жұрнақ көке тұп-тура туған үйінің  
табалдырығына  тізерлеген  екен.  Байқадыңыздар  ма,  Жұрнақ  
жынды бола тұра  туған  табалдырығына  тізерлеп, кіндік  кес-
кен үйіне  басын иген тәрізді.» Жалпы шығарманың әлеуметтiк 
мазмұнын, жазушы үй, қарашаңырақ мотиві арқылы  айқындап 
отырады.  Демек,  қаламгер  ұлттық  танымға  тән  мотивтер  мен 
дәстүрлі символдарды шебер пайдалану арқылы Желтоқсан қа-
сіретінің  қазақтың  халықтық  рухына  тигізген  зардаптарын  аша 
білген. 
Себебі,  “Жалпы  ұлттық  идея  –  белгілі  бір  ұлтқа  тән,  ұлт 
ерекшеліктерін  көрсететін,  қамтитын    ұлттық  дәстүр.    Ұлттық 
идея  –  ұлттық    болмыс-қасиетінің    бейнесі    іспеттес.    Ұлттық 
тағдыры  деген  сөз  исі қазақ  тағдыры деп ұғамыз. ”,
1
- дейді аса 
көрнекті  әдебиеттанушы  Ш.Елеукенов  ұлттық  сана-сезім, ел-
жандылық хақында.  
Ана  тілінің  қадір-қасиетін  шәкіртіне  ұқтырып,  ұлт  жо-
лында адал қызмет атқарған ұстаздың трагедиялық тағдыры осы 
оқиғадан  зардап  шеккен  әрбір  қазақ  отбасының  ортақ  ахуалы. 
Өз ортасынан оқ бойы озық тұрып, білім қуып ресейде жүрген 
студент ұлдың желтоқсанда сүйгенін құтқарам деп соққыға жы-
ғылуы,  миы  шайқалып  «жынды  атануы»,  ауылдас,  ағайынның 
тәлкекке  ұшыратып,  кемсітіп,  қорлауы,  перзентінің  тағдырына 
налынған әке күйініші шығарма оқиғасы шираттыра түседі. Әң-
гіме негізін құрайтын екі желі бар. Біріншісі: Заман, қоғам әді-
летсіздігі, екіншісі: Ортаның, әлеуметтің жеке адамға қиянат, оз-
бырлығы. Осы арқылы автор қазақ жұртының бауырмалдық, өз-
ара  мейірім,  қайырым  қасиеттерінен  де  азғындай  бастағанды-
ғының ауыр суреттерін береді: Ал қалың жұрт «жынды» атаған 
                                                 
1
  


 
37 
Жұрнақ жанында мейірім мен ізгіліктің шуағы мол. Әке шаңы-
рағына деген адалдық, өз туған босағасына деген сүйіспеншілік 
сезімдерін  жадынан  шығармауы  оның  шын  мәніндегі  адамдық 
болмысын  биіктете  түседі.  Қоғам  қысымы,  қолдан  жасаған  қы-
састық  пен  ортаның  зәбірі  оның  болмысын  аласарта  алмайды. 
Шығарманың көркемдік қуаты да осында. 
Әңгiменiң  «Жоғалған  жұрнақ»  деп  аталуының  өзi  тегiн 
емес. «Қазақ  тілінен  сабақ беретін мұғалімнің  ұлының есімін  
«Жұрнақ»  қоюының  өзі сол өзі беретін тіл сабағына  қатысты  
шығар    бәлкім,    дегенмен,  автордың    өз    туындысына  салып 
отырған    салмағы  мүлдем    басқа  тәрізді.  Шын  мәнiнде,  мұның 
сыры  өзгеде.  Жас  өрімдей  болашағынан   үлкен    үміт  күттірген 
жігіт Жұрнақтың  өмірі  неліктен  өксікпен  өтті  деген сауалға? 
–  Өрімдей    жастың      жынданып,  ақыры    өмірмен    ерте  қошта-
суына   итерген жағдайдың қоғамдық, әлеуметтiк астары бар. Ол 
–  тоталитаризмнiң  жұқпалы,  жабысқақ  «көзбояушылық»  дертi. 
Бір Жұрнақтың  ғана  емес, қаншама жастың  өмірін  қыршыны-
нан қиып,  сотта сағын сындырып, жігерін жасытты. Автордың 
айтпағы    осының  алдын алып,  осындай    дәрежеге    жеткізбеске 
болмады ма, деген  сауал. Жауабы жоқ сұрақ.  
Әрине бұл  тақырыпта жазылған шығармалар саны санау-
лы.  Себебі,  оқиғаның  тарихи  бағасы  да  күні  бүгінге  дейін  шы-
найы берілген жоқ. Десе де қалам иелерінің бұл тақырыпқа түр-
лі  көркемдік  тұрғыдан  қалам  тербеуі  де  бүгінгі  прозаның  жар-
қын белгілерінің бірі деуге болады. Желтоқсан оқиғасының қай-
ғы-шері, дағы қазақтың жүрегінен еш  кетпек  емес. Дегенмен,  
арада уақыт өте келе, егемендігіміз  еңселене келе,  осы бір жү-
рек сыздатар, жан ауыртар мәселенің жай-жапсары көркем про-
зада  қалай  көрініс  тапқан  екен  деген  сауалға  жауапты 
А.Алтайдың «Прописка»  әңгімесінен табамыз. Өз кезiнiң өзектi 
шындығын қандай қаламгер болсын кесек-кесек толыққанды об-
раздармен елестетiп көрсетедi.  
Мысалы:  А.Алтайдың  «Прописка»  әңгімесінің  тақырыбы 
да желтоқсан. Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы 
мен  шері.  Пропискаға  отырудың  соры.  Қала  қазақты  қабылда-
ғысы  жоқ.  Әңгіме  жолға  шыққан  Арқат  есімді  жігіттің  бір  сәт 
басынан кешкен драмасына құрылған. Алайда бұл жеке бастың 


 
38 
қайғысы  емес,  бүкіл  қазақ  қоғамының  басына  түскен  ауырпа-
лықты таңбалайды. Алтайдың қысы әлі кетпеген бұрқасынында 
автобус толы адам жолда үсіп қала жаздайды. «Ал бұрқақта бұ-
лаңытып  кеткен  бұландай  жігіттер  сол  бойы  оралмады.  Арқат 
ымырт аязынан тітіркенді». Соңы осылай аяқталады. Әңгімедегі 
автобус  пен  оның  ішіндегі  жүргінші  аллегория.  Желтоқсан  ке-
зеңін  автор  осылай  тұспалдайды.  Алтайда  көктем  келсе  де  бо-
раны  басылмай  тұрғаны ол  да  тұспал.  «Бұландай жігіттер»  деп 
автор тегін айтып отырған жоқ. Махамбетте «Бұландай ерді кес-
кен күн» деген өлең жолдары бар. Ер жігіттердің майдан дала-
сындағы  ажалы.  Анау  үш  жігіт  образы  желтоқсан  құрбандары. 
Сол боздақтарды тұспалдайды. Автор шынайы дүние сомдай ал-
ған.  Жалғыздың    үні,  жаяудың  шаңы  шықпас.  Автор  ұлт 
республикаларында  қалыптасқан  ахуалды  беруге  күш  салған. 
Арқат  қалаға  пропискаға  отыру  үшін  төрт  ай  қаңғиды.  Қала 
қазақ баласына өгей шешеден бетер. Қоғамды жегі құрттай же-
ген жалғыздықтың түпкі себептері сан алуан. Абайша айтқанда, 
бір
 
қайғы
 
мың
 
қайғыны қозғайды.
 
Ол
 
қазақ қоғамындағы шындық.  
Бұл  әңгімеде  Архат  атты  әскерден  Отан  алдындағы  мін-
детін абыроймен атқарып оралған жігіттің  Алматыда  еш  жерге 
жұмысқа  орналаса алмай, сандалып жүрген жүрісі сөз болады. 
Бұның бәрі желтоқсан  оқиғасынан кейін болған сергелдең. Енді  
міне  сегіз айдан соң  Қазақстанның  қиыр шығысындағы  ауы-
лына  кетіп  барады.  Ақыры  ұйытқыған  боранмен  алысып,  еліне  
әрең жетеді.  
Шығармада  ә  дегенде,  жолаушыларды  жанама  мiнездеу, 
шендестiру  тәсiлiнде  әр  қайсысының  портретi  берiледi.  Осы 
жағдайдан  бiрте-бiрте  психологиялық  сурет  өрбидi.  Желтоқсан  
оқиғасына  қатысқан жас жiгiттің бойындағы жастарға тән ұш-
қыр  қиял,  жүрек  жалыны  мен  ой  толғанысы  әңгiменi  оқыған 
сайын баурайды. Жазушы осы жастың жан-дүниесiндегi өзгерiс-
тердi,  өмiрге  деген  көзқарастарын,  ой-пiкiрлерiн  жол  үстiндегi 
ой-толғанысы өткенді  еске  алудағы диалогтары арқылы ашып 
көрсетедi.  
Жазушы  диалогты  ситуацияға  қарай  құрады.  Мысалы, 
Алтайдың  аязды  қысында,  суық  автобуста  тоңып  отырған    жо-
лаушылардың  диалогы  мынандай:  “Жол  қиындады.  Автобус 


 
39 
тасбақаша    төрттағандап  ілбіп  келеді.  Бірсін-бірсін  бас  алған 
бұрқақ  қарға  адым  жерді  көсетуден  қалды. Айнала-ақ топан. 
Жолаушылардың “Қап, қырсық  шалды-ау! Мына күн  қайтеді?” 
деп  те  елден  ақ  құла  өкініш    білдірді.  Бірақ  оның  сөзін  ешкім  
елемегендей  қосыла  жөнелмеді. Мұндай  құқайды  талай көріп  
жүрген алтайлықтардың  әдетінше  тым-тырыс  іштен  тынған. 
Соған  қарағанда, мына  келе  жатқан   жолаушы  бұл  өңірдікі  
емес    екені    болмысынан    біліп    қалған.”  Осылай  кете  бередi. 
Бұл  жерде  диалогтың  салқын  қандылығы  Алтайдың  табиғаты-
ның суықтығымен  қатарластырыла  алынады. А.Алтай осы ар-
қылы өмiр қайшылықтарын ашады. 
Кейіпкер  санасында  алма-кезек  ауысып  жатқан  Алматы 
мен Алтайдың табиғатын суреттеу кейіпкер өмірінің ғана емес, 
тұтас бір адамның өмір тарихын береді. Автор мұнда да тек пей-
заж  емес, айналадағы  табиғат  тiршiлiгiн  қатыстырып,  бүкiл  ал-
қапты қайғы мен мұң билегендей, бiрте-бiрте үдете, бүкiл таби-
ғатқа  жан  бiтiрiп,  кейiпкер  ойымен  қабаттастыра  суреттейдi. 
Шығарма  желiсiнде  кездесетiн  көркем  пейзаждар  осылай  әңгi-
менiң  iшкi  мазмұнын,  идеялық  сапасын  байытып,  композиция 
тұтастығын  қамтамасыз  етуге  қызмет  етiп,  кейiпкер  характерiн 
аша түскен.  
 «Прописка»  әңгiмесiнде  адамның  характерiн  көрсетуде 
жаңа бiр ырғақ бар. Артық мiнездемеден, құрғақ баяндаудан iр-
гесiн аулақ сала отырып, ол кейiпкер жан-дүниесiн iшкi монолог 
арқылы ашып көрсетедi. 
 “Тұрақтатпады  ғой…  көрші-қолаң  “Желтоқсаншы”  екен 
деп   шығармағанда, ал  Николай  бригадир    мұның    туған  ағасы 
Дәуреннен  өшін бір алуға қолайлы сәт туды 21-не дейін үйінде 
қонған  жоқ.  Ел    дикабристермен  бірге  Алматыда  болыпты  деп 
жүр… анық-қанығын анықтаңыздар! Ағасы   коммунистік  пар-
тия мүшелігіне  кандидат  болса да “сенімсіз адам”, інісінің іс-
әрекетін  жасырып  отыр.  Тексеріңіздер!  Деп  “донос”    жазып, 
Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті  мен  “Ішкі істер орнына жаз-
бағанда   құйрығына   қалжуыр байланбаған  болар еді.” Автор 
жас  жiгiт  Арқаттың  толғаныстары  арқылы  замана  мәселелерiн 
көтереді.  Өмiр  жөнiнде    ой  толғайды.  Әңгiмеде  жас  жiгiт  пси-
хологиясы  бiр    күйден  екiншi  күйге, бiр арнадан екiншi арнаға 


 
40 
ойысып,  құбылып  отырады.  Яғни,  шығарма  кейіпкерінің  адам-
заттық тұлғасы, өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті бүгінгі күннің 
талабымен ұштасып жатыр. 
Желтоқсан тақырыбына арнап жазылған қазіргі қазақ әңгі-
мелерінің ішінде А.Алтайдың «Сібір офицері» атты әңгімесінің 
түрі  мен  пішіні  бөлек.  Көбінесе  бұл  тақырыпта  жазылған  әңгі-
мелердің көпшілігінің оқиға желісі желтоқсан зардабынан жапа 
шеккен  «Желтоқсанға  қатысқандардың»  өмірін  суреттеуге,  сол 
қанды  оқиғадан  бір  үзік сыр  түюге  құрылатұғын.  Ал,  аталмыш 
әңгімеде жағдай мүлдем басқаша суреттеледі. 
Қаламгер  қаһарлы  суықтан  қарусыз  қайрат  көрсеткен 
жұртты  жаппай  қанға  бөктіріп,  өзін  адал  сезінетін,  кеңес  зама-
нының  азат  азаматымын  дейтін  офицер  Бураханның  тағдыры-
ның тәлкекке ұшырауын авторлық шеберлікпен көрсете білген. 
А.Алтайдың  кейіпкері  абақтыдағы  өмірдің  әділетсіз  сипатын 
кесінді  биліктің  кесірлі  пендесі  болып  шыққан  адам  болмысы-
ның кері өзгерісін суреттейді. Автор өзінің осы шығармасы ар-
қылы  кісенді  қоғамның  зорлығын,  аңқау  офицердің  әмірлі  би-
ліктің құрбанына айналғандығын: партиялық бұйрықтың қатал-
дығын, кеңес саясатының екі жүзділігін көрсеткісі келген. Ота-
нына  әскери  парызын  адал  атқарып  жатқан  кеңес  офицерінің 
жазықсыз қолын жазалы еткен де саясат.  
Кейіпкердің  жанын жегідей  жеген  де,  намысын жер  қыл-
ған да желтоқсан. Бураханның көзін ашқан да, көңілін басқан да 
сол желтоқсан деп пайымдайды авторлық таным. 
Жазушы Ж.Қорғасбектің «Желтоқсан» әңгімесі де осы та-
қырыптас. Әңгімедегі қисық мойын тракторист. Қарапайым көп-
тің бірі. Автор арақ бөтелкесін «жансауғасын тауып алып» деп 
кейіпкеріне тегін телімейді. Автор үшін де, әлгі тракторшы үшін 
де  арақ  жарық  дүниеде  болып  жатқан  сұмдықтан  бас  сау-
ғалаудың  құралы  ретінде  алынған.  Әйтпесе  оның  алапат  уыты 
мен  күйзелісіне  төзу  қиын.  Адамдарды,  дәлірегі,  өрімдей  жас-
тарды ел жоқ айдалаға апарып, көміп тастап жатыр. Бірақ әңгі-
меде  кім  көмгені  түсініксіз.  Мына  тракторшы  көмісті  ме,  әлде 
солдаттар ма, ол жағы бұлдырлау. Жас өліктер тобылғы бұтала-
рындай аяқ-қолдары ербиіп жерден шығып қалады. Құпия көму. 
Қыс кезінде қар жатпаушы ма еді?! Кейіпкерде ат жоқ. Ол қазақ 


 
41 
деген ұғымға ие. Оның бауырмалдығы, жүрегі езілетіндігі біраз 
детальдардан  білінеді.  Басында  ол  мына  сұмдықты  елес  шығар 
деп  қабылдайды.  Бірақ  екі  қызды  тракторына  мінгізіп  ала  кет-
кенде ғана көрген-баққаны елес емес екенін түсінеді. Екі қыз бір 
пальтоны  жамылған.  Үсіп  жаураған.  Бірі  есімін  айтты:  «Ақто-
ты»,  ол  қыз  қасындағы  екіншісін  танымайды.  Желтоқсан  күй-
реткен қазақ жастары. Енді үшеуі түн ішінде кездесті. Трактор-
шы  екі  қызға  жылынсын  деп  арақ  береді.  Кетіп  бара  жатқанда 
арттарына қарап еңіреп жылаған қыздарға қосылып ер адам  да 
жылайды. «Бағандан бері тып-тыныш отырған екі қыз арттары-
на бұрыла қарап, көз жастарын тия алмай боздап кеп берді сон-
да.  Іші-бауыры  аударылып-төңкеріліп,  астаң-кестең  болып,  қи-
сық  мойнын  соза,  қалақтай  басы  қалталақтап,  қыздарға  қосы-
лып, еңіреп бұл да жылады. Кімнің кімді жоқтап отырғаны бел-
гісіз, әйтеуір дауыстары жарыса шығып, «әкем-ау, көкем-ау, ба-
уырым-ауға» басты аңырап. Жол үстінде айтылған жоқтау бірақ, 
жол  үстінде  ұмыт  қалды  сол  күй.  Оны  айтасыз,  мына  тұрған 
ауылға  да  үн-түнсіз  барып  кірді  үшеуі».  Кімге  жоқтау  айтып 
отырғаны белгісіз деп түйіндейді автор. Әңгіменің селт еткізетін 
тұсы осы сияқты. Өйткені бұл ұлт басына түскен қорлықты, жа-
зықсыз  мерт  болған  өрімдей  жастарды  жоқтау.  Қазақ  басына 
түскен трагедия. Әңгіме желтоқсан тақырыбына арналғанымен, 
тың тақырыпты қозғап, шығарма өзегіне енгізіп, ұлт қасіретінің 
бір  сәтін  аңғартып  өтуге  талпыныстың  өзі  бағалы.  Қалтарысы 
мол құпиясы ашылмай, көптен жабық жатқан тақырыптың күр-
делілігі  де  шығарма  көркемдігіне  әсер  еткен.    Көркем  туынды 
мінсіз болуы үшін не керек?  
Қазіргі проза жанрында, қарқынды дами қоймаған желтоқ-
сан тақырыбы қалам тербеуі, өзінің оқырман қатарын толықты-
ру, сұранысқа ие болу мақсатында емес, қоғамымызда әлі күнге 
дейін жете қарастырылып, толық бағасын алмаған, не сан ғасыр-
лардан  бері  шешімін  таппаған  –  ұлт  тағдыры,  ұлттық  рух  бол-
мысы,  ұлттық  сана,  ұлттық  мүдде,  ата  тарих  алдындағы  қарыз 
бен парыз сынды әлеуметтік категориялардың бұлқыныспен ор-
таға  шығуы,  «айтылмаса,  сөздің  атасы  өледі»,–демекші  айтыл-
маса болмайтын, ұлт үшін маңызды Желтоқсан мәселелері көр-
кем  проза  түрінде  бағаланса  керек.  Дана  Л.Толстой  «жазбауға 


 
42 
шыдай  алмағанда  жаз»  дегеніндей,  ұлт  қаламгерлерінің  де  бұл 
тақырыпта  кең  көлемді  туынды  жазбауына  мүмкіндігі  қалма-
ғанда жазылған туындылар іспетті.. 
Жоғарыда  талданып  отырған  тақырып  қазақ  халқы  үшін 
ел Тәуелсіздігінің  бастаулары болған  Желтоқсан тақырыбының 
өзектілігі,  саяи-әлеуметтік  дискурсының  көкейтестілігі,  идея-
лық-эстетикалық  жүгінің  зәрулігімен  ғана  емес,  шығарма  ком-
позициясында  қолданылған  әдіс-тәсілдердің  молдығында,  шы-
ғарма  жанрымен  үйлесім,  үндестігі  мен  жарасымдылығы 
жайында әңгіме етуге тұрарлық жаңалығымен бағалы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет