Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

көк  темірдің
    Алтайда  
Мұзтауда    жасалуына    байланысты  да    қарастыруға    болады, 
яғни «көк  темірдің иесі   – «көк  түрік» деп  тегін  аталмағаны  
бүгінгі  тарихтан да  белгілі болып  отыр. 
Түркілердің  шығу  тегі  көне  түркі  тілінде  айтсақ  «Көк 
құртқа»,  қазақша  айтсақ  «Көк  бөріге»  тығыз  байланысты  екен-
дігін дәлелдейтін бірнеше аңыздар бар. Көк бөрі тотемі түркілер 
өмірінде үлкен орын алып келеді. Тіпті Қытай ғалымдары «түркі 
қағаны» мен «бөрі» сөзі синоним, бір ұғымды білдіреді деп та-
ныған. Ежелгі түркілер туға алтынмен әріптелген бөрінің басын 
бейнелеген. Ал, түркі қағандары шет елден келген елшілерді бө-
рінің  басы  салынған  туды  көрсеткенде  ғана  қабылдап  отырған. 
Осындай қасиетті де, қадірлі Көк бөрі бейнесі барлық түркі ха-
лықтарының  ежелгі  дәуір  әдебиетінде,  фольклорында  есте  жоқ 


 
51 
ескі заманнан келе жатқан образ. Оны көне түркі жазба ескерт-
кіштерінен кездестіре аламыз. Соның бірі – ХІІІ-ХҮ ғасырларда 
жазылған  түркі  халықтарына  ортақ  көне  мұрағат  «Оғыз-наме» 
дастаны.  Дастандағы  «Ұранымыз  Көк  бөрі  болсын»  деген  тір-
кестің үлкен мәні бар. Мұндағы ұран дәрежесіне дейін көтеріл-
ген  Көк  бөрі  түркі  тілді  халықтардың  аса қадір  тұтып,  табына-
тын  киелі  де,  қасиетті  аңы.  Көк  бөрі  бейнесі  Әлем  әдебиетінің 
інжу-маржаны «Қорқыт ата кітабында» да ұшырасады.  
Көк  бөрі  бейнесі  ауыз  әдебиетінде  хандар  мен  батырлар-
дың  ұлылығын,  ерлігін  суреттеуде  бірде-бір  теңестіріле  көрсе-
тетін образ. Қазақтың эпостық жырларында бөрі бейнесі ылғи да 
ұнамды сипатта алынып, жауға жалғыз шапқан батырдың асқан 
ерлігін  суреттеу  мақсатында  қолданылады.  Қазақ  эпостарында 
Көк бөрі ерлік пен батырлықтың баламасы ретінде алынған. 
Көк бөрі бейнесі түркі халықтарының мақал-мәтелдерінде
қанатты сөздерінде үлкен орын алған. Анатолы түріктерінде ба-
тыр адамдарды «бөрі тектес» деп атайды, ал азербайжандарда ер 
жүрек  адамдарды  «қасқырдың  жүрегін  жұтқан»  деп  немесе 
«бөрі баласы, бөрі болады» деп дәріптейді. Сонымен қатар «ер 
азығы мен бөрі азығы жолда», «бөрі арықтығын білдірмес, сырт-
қы  жүнін  қампайтар»,  «қасқыр  да  қастық  қылмас  жолдасына», 
«қасқыр  ішігі  бар  кісі  жолдасының  тоңғанын  білмес»,  «қасқыр 
қартайса да бір қойға күші келеді», «өлі бөріні ит аттамас» деген 
қазақ  халқының  мақал-мәтелдерінде  бөрі  бейнесі,  мінез-құлқы 
жан-жақты  ашылған.  Жалпы  түркі  халықтарының  түсінігіндегі 
«Қасқыр-Бөрі» ұғымының мән-маңызын ескере отырып
оның  қазақ  түсінігіндегі  символикалық  мәнін  төмендегідей 
сызба арқылы негіздеуге болады. 
 
 
 
 
шене, 
құрт
 
 
 
Қазақтың 
қасқыры                                                                  
 
 
 
 
Жүрек, Рух, Ерлік    
 
 
 
бөрі
 
 
 
 


 
52 
 
Бөрі
 
 
қасқыр
 
 
 Бүгінгі қасқыр
 
 
кешегі бөрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
жыртқыш аң
 
 
Шененің 
өзі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
қорқау, 
жебір, 
топас,  рахымсыз
 
 
Жалғасы, 
мұрагері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет