Ж А Б Ы Қ Т Е С Т
1. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз.
а) қысаң ә) еріндік б) үнді в) жуан г) қатаң
2. Қазақ тіліне тән әріптер жазылған қатарды табыңыз.
а) ү,ұ,у ә) ғ,қ,ш б) ф,х,һ в) ы,і,и г) ө,і,ү
3. Буынға бөлінбейтін сөзді көрсетіңіз.
а) әке ә) қиын б) отан в) кие г) тарс
4. Сөз тіркесі арасындағы ілгерінді ықпалды табыңыз
а) Рахманқұл ә) көзбе-көз б) сәнқой в) ала ешкі г) ең қызық
5. Сөз бен қосымша аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
а) есікті ә) жазғайсың б) қаздар в) сызықсыз г)орманға
6. Бәрі буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
а) -бей,-паз,-ға,-лар,-лер ә) -дар,-дер,-тар,-тер б)-ны,-ні,-ды,-ді в) -нан,-не,-ға,-дің г)-нікі,-тай,-мен,-хана
7. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз.
а) жұлдызша ә) жиналыс б) кәдімгі в) үзіліс г)үскірік
8. Тоғыспалы ықпалды табыңыз.
а) ала ат ә) Оразжан б) көк ала в) Жанғали г) Жанқожа
9. «Тұрақты тіркес» сөзінің баламасын табыңыз.
а) семасиология ә) лексикография б) лексикология в) ономосиология г) фразеология
10. «Тамырына балта шабу» тұрақты тіркесіне синонимді табыңыз.
а) от жағу ә) ұсталық б) жылыну в) алдау г) жою
11. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз
а) қой ә) қала б) қол в) қара г) қате
12. Кіріккен сөзді табыңыз.
а) биік-биік ә) кез-келген б) сары уайым в) шекара г) әпер
13. Бастауышы сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Жақсыдан қашпа,жаманға баспа ә) Жанар әнді жақсы айтады б) Әдептіге елікте,әдепсізден жирен в) Сыпайының сыры ішінде г) Жомарт жоқтығын,жүйрік тоқтығын білдірмес.
14. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Олар үштерде келеді.
а) анықтауыш ә) толықтауыш б) баяндауыш в) бастауыш г) пысықтауыш
15. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады.
а) салт ә) құрамды б) көмекші в) болымсыз г) сабақты
16. Одағайдан жасалған туынды етістікті табыңыз.
а) абайлау ә) ысқыру б) желбіреу в) ілгерілеу г) аухаулау
17. Пысықтауыш қатынасты табыңыз.
а) түлкі тымақты ә) жылқыны бағу б) қатты қағаз в) жаман әдет г) жақтырмай қарау
18. Матасуды табыңыз
а) ашынған әйел ә) күн сайын күтті б) жайын айтты в) өзі келді г) Төребек үйі
19. Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықтаңыз. Ағаштың бұтағы,хат алу,қалың орман
а) матасу,қабысу,жанасу ә) меңгеру,қиысу,қабысу б) қабысу,меңгеру,жанасу в) қиысу,матасу,меңгеру г) матасу,меңгеру,қабысу
20. Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз.
а) Қайнар қыстауды әлі таба алмай келеді ә) Жақсы – ісімен жақсы б) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік в) жаңа ғана жаққан сабанның иісі мұрынды жарып барады г) Жығылған күреске тоймайды
21. Айқындауыш қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
Оның кіші қызының,Жамалдың,ақындығы елге танымал.
а) бастауыш ә) толықтауыш б) пысықтауыш в) баяндауыш г) анықтауыш
22. Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «Сол,сонша,сондай» есімдіктерінен жасалады?
а) ыңғайлас ә) қарсылықты б) себеп-салдар в) талғаулы г) түсіндірмелі
23. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
а) өздерін ә) ұшырып б) жүрегіңмен в) әркім-ақ г) ұшқыш
Т І К Е Ж А У А П Т Е С Т
Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буынды не дейміз?
Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын не дейміз?
Қолданыстан шығып қалған, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі
сөздерді не дейміз?
Бір тілде сөйлесетін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді не дейміз?
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды не дейміз?
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық
бөлшектерді не дейміз?
Көзге көрінбейтін адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым
атауларын не дейміз?
Өзге сөз таптарынан жасалған сын есім қалай аталады?
Жалғаудың неше түрі бар?
Жұрнақтың неше түрі бар?
Қосымшаның неше түрі бар?
Тұрлаулы мүшелер деген не?
Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем қалай аталады?
Сөйлемнің барлық мүшесі қатысқан сөйлем қалай аталады?
Сөйлемге қатысты тұрлаусыз мүшенің бірі қатыспаған сөйлем қалай аталады?
Бастауышы жоқ, бірақ баяндауышқа сұрақ қою арқылы таба алатын сөйлем қалай аталады?
Толықтауыш деген не?
Анықтауыш деген не?
Пысықтауыш деген не
Үстеудің мағыналық түрлерін ата
Есімдік және оның түрлері
Көсемше мен есімшенің жұрнақтары қандай?
А Н Ы Қ Т А У Т Е С Т І
р/с
|
Тапсырмалар
|
Жауаптары
|
1
|
Өзі жалғанған сөзге меншік мағына беретін жалғаудың түрін анықта
|
|
2
|
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табын анықта
|
|
3
|
Мифтік ескі наным бойынша атын тура атауға тыйым салынған сөздерді не дейміз?
|
|
4
|
Грамматиканың екі саласын анықта
|
|
5
|
Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған сөздерді анықта
|
|
6
|
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесін анықта
|
|
7
|
Сөйлемді лингвистиканың қай саласы зерттейтінін анықта
|
|
8
|
Сөйлемде іс - әрекеттің түрлі белгісін (мекен, мезгіл т.б.) анықтайтын сөйлем мүшесін анықта
|
|
9
|
Негізгі түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді анықта
|
|
10
|
«Punctum» сөзінің қазақша мағынасын анықта
|
|
11
|
Шылаудың түрлерін анықта
|
|
12
|
Мағынасы дөрекі, тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздерді анықта
|
|
13
|
Көмекші сөздердің түрлерін анықта
|
|
14
|
Белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздерді анықта
|
|
15
|
Сөз және оның мағынасын зерттейтін саланы анықта
|
|
16
|
Зат есімнің түрленуін мысал келтіріп, анықта
|
|
С Ә Й К Е С Т І К Т Е С Т
1. 1) Зат есім шырақ, кенже қыз 2) есімдік кім, не 3) табу сілтеу, жіктеу
2. 1) эвфемизм ашық,тұйық,бітеу 2) буын төбе шашы тік тұру,қоян жүрек 3) табу қолды болды,о дүниеге аттанды
3.1) сабақты етістік оңашаланған, қосарлы 2) айқындауыш табыс септігі 3) анықтауыш қандай, қай
4.1) көсемше атау,ілік септіктен өзге септіктер 2) сан есім реттік,жинақтық,болжалдық 3) толықтауыш -ып,-іп,-п,-қалы,-келі,-а,-е,-й
5.1) сарғыш жай шырай 2) аса қызыл салыстырмалы 3) суық асырмалы
6.1) жұрнақ - іміз, - ымыз, - лерің 2) ортақ тәуелдену қолжуғыш, бетперде, итбалық
3) біріккен сөз сөз түрлендіруші, сөз тудырушы
7.1) жалпылауыш сөздер септеулік,демеулік,жалғаулық 2) сөз тіркесі есімді,етістікті 3) шылау сілтеу, жалпылау есімдігі, сан есім
Т О Л Ы Қ Т Ы Р У Т Е С Т І
Берілген көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, қосымшалардың түрін,
жалғану себебін түсіндіріп, анықтап, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Ел жайлау... қайт..., күзек.. .бетте... кел... жат... (-дан,-ып,-ке,-п,-е,-ты)
Киіз үй... төр... бір топ ауыл ақсақал... қымыз іш... отыр. (-дің,-інде,-дары,-іп)
Мен қар... бірге домала... жер... түс... . (-мен,-п,-ге,-тім)
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Ұлтжандылық».
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, тыңдалым арқылы жазбаша еркін орындай білуге, сауатты жазуға дағдыландыру;
ә) мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуді жетілдіру;.
б) қазақ зиялыларына деген құрмет сезімін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
2. Жазба жұмысына арналған дәптерлерді тарату.
Жаңа білімді игерту:
Қарашаның он алтысы
Ұлтжандылық
Осыларының үстіне жасөспірім жігіттің Тұрағұл назарын айрықша аударған тағы бір қыры – ұлтжандылығы. Мұны да анық білетін адамдардан естіді. Абай ұрпақтарын, олардың ішінде ел қамын, заман жайын ойлайтын танымы мен толғамы мықты Тұрағұл Ибраһимұлын қатарларына тартып, тілекке тілек, білекке білек қоса бастаған осы өлкедегі қадау - қадау қазақ зиялылары, әсіресе, қаладағы Алаш азаматтары оқуда жүрген жас Мұхтардың әлгі қырына ерекше мән беріп, келешегіне үлкен үміт артатын - ды.
Басқа басқа ғой, білім қуған қазақ жастарын «елімнің ертеңі» деп сергек әрі сарабдал сынмен байқап, барлап жүретін Әлихан Бөкейхановтың өзі бір жолы Семей семинаристерімен кездескенде, Мұхтардың мұхтарлығын дәл және жыға танып, оның өзіне оңаша:
– Шырағым, бүкіл семинарияда төрт - ақ қазақ екенсіңдер, сенің ұлтжандылығың әшейін тілде бар да ділде жоқ «квасной патриотизмнің» қырық қазағына бергісіз табиғи екен, тұрлаулы екен, тек осы бетіңнен жазба! – депті.
Осыны естігелі бері Тұрағұл Мұхтарды көруге құмар еді. Көрді. Көрді де, Қасымбек үшеуі көп сөйлесті, көп жайды қозғап, пікірлесті. Көрші қонақтармен бірге дәм үстінде де, әредікте үшеуі оңаша шыққанда да Мұхтар мен ағаларының әңгімелері ортақ еді, шешіле сырласты. «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген емес пе, Тұрағұл өзі бұрыннан білетін Қасымбекті ғана емес, енді Мұхтарды да етене іш тартты.
Тұрағұлдың Мұхтарға бәрінен бұрын риза болғаны – оның Абайшылдығы. Сауатын өлеңдерімен ашқан Абайға деген ықыласы ақынның бауырынан өрген балаларынан бетер артық! Өзі Абайды пір тұтып қана қоймайды, дүниеге Абайша, Абай дүрбісімен қарайды.
Зейнолла Қабдолов (205 сөз)
Мәтінді бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма: «Менің ұлтымның басты ерекшеліктері» Эссе жазу.
тілдің тазалығы
ой жүйелілігі
Сөз сапалары
сөздің мазмұндылығы
сөз қысқалығы
сөз түсініктілігі
сөз әуезділігі
сөз байлығы
сөз анықтылығы
сөз дұрыстығы
сөз дәлдігі.
Достарыңызбен бөлісу: |