ГЛОССАРИЙ Баскетбол – әрқайсысы 5 адамнан тұратын екі команда арасындағы ойын. Бұл командалардың мақсаты – бір жағынан қарсыластың торына допты мүмкіндігінше көп лақтыру болса, екінші жағынан қарсылас команданың осындай әрекеттеріне кедергі келтіру.
Жүгіру – баскетболшылардың ойын барысында кез-келген бағытта, жылдамдықтың өзгеруімен, алға, артқа, бүйірімен оңға, солға қарай жасалатын қимыл әрекеттері.
Тосқауыл – тосқауылдың бірнеше түрі бар:
а) қарсыластардың алға жылжуына кедергі жасайтын допсыз ойыншының қимыл әрекеті. Бұл ережені бұзу болып есептеледі;
б) қақтығыстан сақтанам деп қарсыластың қолайлы бағытқа шығуына тосқауыл жасаған ойыншының қимылы;