Көп рет тәртіп бұзу – команданың бір немесе бірнеше ойыншысы бір мезетте қарсыластардың бір ойыншысына жасайтын жеке тәртіп бұзулардың нәтижесінде болатын жағдай.
Бағыттау – қорғаушыны қамқорлығына алған ойыншының жолына тосқауыл жасап бір орында тұрған әріптесін әртүрлі айламен қалпынан қозғалту.
Допты лақтырған кезде жабу – себетке лақтырғанда қолмен доптың үстінен басып кедергі қимыл жасау.
Шабуылшы – бұл атаудың екі мағынасы бар: біріншіден, ол допты иеленген команданың ойыншысы; екіншіден, алаңнын шетіндегі шабуылда ойнайтын ұзын бойлы ойыншы.