График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет30/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға
§ 6.1 Позициялық есептер
Егер позициялық есептер оңай есеп болса, онда есептің шешуін жалпы 
əдістердің көмегімен шығарады. Бұл параграфта кеңістіктегі нүкте мен 
түзу сызықтың өзара орналасуы, кеңістіктегі түзу сызықтардың өзара 
орналасуы, кеңістіктегі екі жазықтықтың өзара орналасуы жəне кеңістіктегі 
түзу мен жазықтықтың өзара орналасулары сияқты позициялық есептерді 
қарастырамыз. 
6.1.1 Нүкте мен түзу сызықтың өзара орналасулары
Кеңістікте нүкте мен түзу сызық əртүрлі жағдайда кездесуі мүмкін. 
Кеңістікте орналасқан нүкте түзу сызық бойында орналасуы немесе түзу 
сызықтан тыс орналасуы мүмкін. 
Енді осы тақырыпқа мысал ретінде 87-суреттегі нүктелер мен түзудің 
өзара орналасуларын қарастырайық. Суретте С жəне D нүктелері мен АВ
түзу сызығының горизонталь жəне фронталь проекция жазықтығындағы 
эпюрасы берілген. Кеңістікте орналасқан D нүктесі АВ түзу сызығының 
VІ-тарау
ПОЗИЦИЯЛЫ ЖӘНЕ 
МЕТРИКАЛЫ ЕСЕПТЕР


91
горизонталь жəне фронталь проекция 
жазықтықтарындағы кескіндерінің бо-
йын да жатқан нүкте, яғни D нүктесі АВ
түзу сызығына тиісті немесе түзу бойында 
орналасқан нүкте. Ал, енді С нүктесін 
қарастыратын болсақ, онда С нүктесінің 
фронталь проекциясы С
2
нүктесі АВ
түзу сызығының фронталь проекция 
жазықтығындағы кескін бойында емес
тысқары орналасып жатыр. С нүктесінің 
горизонталь проекциясы С
1
нүктесі – АВ
түзу сызығының горизонталь проекция 
жазықтығындағы кескін бойында жатыр
яғни кеңістікте орналасқан С нүктесі 
АВ түзу сызығының сыртында тыс орна-
ласқан түзу бойында жатпайтын нүкте. 
Егер нүкте кескіні түзу проекциясы-
ның бойында жатса, онда нүкте түзуге 
тиіс ті немесе бойында жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет