Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 5В060200 Информатика Курс 3, семестр 6 Практикалық сабақтардың сағат саны: 30



бет1/4
Дата17.04.2020
өлшемі303,66 Kb.
#62937
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
seminar 2 ioa inf17tp


«Cырдария» университеті

Практикалық(семинар) сабақтарды өткізу жоспары ЖН-04-19 ФР 01

беттің -беті



«Сырдария» университеті


«Жаратылыстану» факультеті

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы




ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ

Модульдің коды, атауы: KB Қолданбалы бағдарламалау

Пәннің коды, атауы: IOA 3215 «Информатиканы оқыту әдістемесі»

Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 5В060200 – Информатика


Курс 3, семестр 6


Практикалық сабақтардың сағат саны: 30




Жетісай, 2019

Практикалық сабақтарды өткізу жоспарын дайындаған: Сарайбаев М.Ш.



Практикалық сабақтарды өткізу жоспары ___ _____________201__жылы факультет деканы бекіткен пәннің оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.





Кафедраның мәжілісінде талқыланған. Хаттама № ___ ____ _________ 201__ жыл

Кафедра меңгерушісі, тех.ғ.к. ______________ Кукеев Ж. С.



8. Санау жүйелері

Жоспар:

1. Санау жүйесі және олардың түрлері.

2. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне өту.

Сабақтың мазмұны:

1. Санау жүйесі және олардың түрлері.

Жалпы, санау жүйесі дегеніміз сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсілдерінің жиынтығы. Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді.

Қандай да бір санды құрайтын цифрлар тізбегіндегі цифрлардың орналасуы өзгергенде сол цифрдың мәні де өзгеретін болса, онда оны позициялық деп атайды. Бұған араб санау жүйесі жатады. Мысалы, 555 санында әр бестің мәні орналасу позициясына байланысты өзгереді.

Қандай да бір санды құрайтын цифрлар тізбегіндегі цифрлардың орналасуы өзгергесе де цифрлардың мәні өзгермейтін болса, онда оны позициялық емес деп аталады. Бұған римдік санау жүйесі жатады. Мысалы, ХХХ санында 1-ші, 2-ші, 3-ші разрядтың мәні 10.

Егер сан түзетін цифрлар разрядтарының бірліктері оңнан солға қарай есептегенде бір-бірінен тұрақты бір сан есе, мысалы q есе артып отыратын болса, онда сан q санау жүйесінде берілген деп, ал q осы жүйенің негізі деп аталады. Ондық санау жүйесі үшін q=10. Позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін 0-ден бастап 9-ға дейінгі бүтін сандар пайдаланады да, олар осы жүйенің базистік (негіздік) цифрлары деп аталады.

1-кесте


q

Базистік цифрлар

2

8

10



16


0, 1

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, F



Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс істейді (базистік цифрларын 1 – кестеден қараңыз).

Он алтылық санау жүйесіндегі A, B, C, D, F әріптері осы жүйенің сәйкес 10, 11, 12, 13, 14, 15 цифрларын анықтайтын символдар.


2. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне өту

Бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуде санның мәні өзгермей қалады тек оның көрінісі ғана өзгеретіне көңіл бөлген дұрыс.

1 – ереже. Кез келген жүйеде берілген кодты не бүтін санды ондық санау жүйесінде өрнектеу үшін оны

аn * qn + аn-1 * qn-1 +… + а1 * q + а0 * q0

түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізсе болғаны (q = 2, 16,…). Мысалы, латынша А әрпінің екілік коды (01000001)2 ондық кодта өрнектеу тәсілі мынадай (n =7)

0 * 27 + 1 * 26 + 0 * 25 + 0 * 24 + 0 * 23 + 0 * 22 + 0 * 21 +1 * 20 = 6510



2 ереже. N – ге тең ондық кодты (не ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды) q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N – ді q – ге бөліп, оны N = q * p1 + r1 түрінде жазып алу керек. (p1 – бөлінді, r1 – қалдық). Егер p1>q болса, оны да q – ге бөліп, p1 = q * p2 + r2 түріне келтіру керек т. с. с. Бұл процесті pk < q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір – біріне тіркеп жазып шықса болғаны. Яғни

N10 = (pk rk-1 rk-2…r1) ; k >= 1, pk < q

Мысал. 65 ондық кодын екілік және он алтылық жүйелерде өрнектеу керек.

1) 65 = 2 * 32 + 1

32 = 2 * 16 + 0 6510 = 10000012

16 = 2 * 8 + 0

8 = 2 * 4 + 0

4 = 2 * 2 + 0

2 = 2 * 1 + 1

1<2


Бұл кодтың байт түрінде жазылуы: 01000001

2) 64 = 16 * 4 + 1 6510 = 4116

4 < 16

Керісінше, 4116 кодын ондық кодқа айналдыру тәсілі:

4116 = (4 * 161 + 1 * 160)

16 – лық санау жүйесінің екілік санау жүйесінің 4 разрядымен өрнектеуге болады.

0 0000 3 0011 6 0110 9 1001 C 1100 F 1111

1 0001 4 0100 7 0111 А 1010 D 1101

2 0010 5 0101 8 1000 B 1011 E 1110

Бұл кестені тетрада деп атайды.

8 – дік санау жүйесінің сандарын екілік санау жүйесінің 3 разрядымен былай өрнектеуге болады.

0 000 3 011 6 110

1 001 4 100 7 111

2 010 5 101

Бұл кестені триада деп атайды.

Мысалы.


Екілік негізде берілген 1011011011, 0111011сандарды 16 – лық, 8 – дік санау жүйесінде жазу керек.

Екілік жүйедегі санды 16-лық жүйеге ауыстыру үшін төрт төрттен бөліп, әрбір төрт разрядқа сәйкес 16-лық цифрды жазса болғаны. Төрт орынға толмаған жағдайда бөлшектің соңында және бүтін бөліктің алдында нолдер бар деп есептелінеді.

0010`1101`1011= 2DВ 0011`1011= 3В

8-дік санау жүйесіне өту үшін үш-үштен бөліп сәйкес 8-дік цифрды жазамыз.

001`011`011`011 = 13333 000`111`011= 073
Студенттің орындайтын тапсырмалары:

1. ASCII кодтар кестесін пайдаланып өзінің аты-жөнін кодтау және басқа санау жүйесіне өткізу.


Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.

9. Бағдарламалық қамтамасыз етудің классификациясы.

Жоспар:


  1. Жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру.

  2. Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру.

  3. Бағдарламалау жүйелері.

Сабақтың мазмұны:

1. Жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру.

Барлық бағдарламар жиыны қолдану міндетіне қарай, арналуына байланысты

үш күрделі топқа: жүйелік, қолданбалық және бағдарламалау жүйесі деп бөлінеді

Оқушыларға жүйелік БҚ бағдарламалары, ең алдымен, компьютердің өзіне қызмету ету, оның құрылғыларын басқаруға арналғанын түсіндіру қажет.

Жүйелік бағдарламалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялық жүйе (ОЖ) құрайды. ОЖ – өте күрделі бағдарламалық жүйе. Базалық курстың шеңберінде оның қызметін және құрамын жете түсіндіру мүмкін емес. Әйтсе де, жүйелік БҚ-сыз компьютер жұмыс жасай алмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу - мұғалімнің міндеті.

Басында оқушыларға мектепте қолданылатын ОЖ атауын айту керек. Мысалы: «Біздің компьютерлер Windows XP операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды». Сөйлемді дәл осылай құру керек, сонда, компьютерлер операциялық жүйенің «...басқаруымен жұмыс жасайды» – дегенге ерекше көңіл аударылады. Одан соң «ОЖ басқарады» түсінігін былай ашуға болады:

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын, қолданбалы бағдарламаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа бағдарламалармен үйлестіретін, деректерді қорғайтын, пайдаланушы және бағдарламаның сұранысы бойынша сервистік қызметтерді орындайтын бағдарламалар жиыны.

Операциялық жүйе компьютердің бағдарламалық жасақтамасының қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.

Кез келген операциялық жүйелердің, қай типі болмасын, үш негізгі қызмет атқарарады:

1) компьютердің құрылғыларын басқару;

2) пайдаланушымен әрекеттестік жасау;

3) файлдармен жұмыс жасау.

ОЖ төрт модульді құрайтын бағдарламалардан тұрады:

1) файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль;

2) командалық процессор;

3) сыртқы құрылғылардың драйверлері;

4) графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.

Компьютердің жұмыс үрдісі, оның құрылғыларының арасында файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдық жүйені басқару болып табылады. Файлдармен жұмысты – негіздік модуль деп аталатын арнайы бағдарлама қолдайды.

Әр құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Пайдаланушы компьютермен пернетақта және тінтуірдің көмегімен тілдеседі. Әр перненің немесе тінтуірдің батырмасының басылуы процессорға қайсыбір бұйрық болып ұсынылады. Бұйрық енгізілген соң, арнайы бағдарлама – командалық процессор оның шифрын ашады және орындайды.

Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік блогына арнайы келістіруші тақшалар (контроллер) арқылы қосылады. Әр құрылғы ерекше бағдарлама бойынша жұмыс істейді және ақпаратты әртүрлі жылдамдықта өңдейді, сондықтан олардың жұмысын процессордың жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына ОЖ құрамына кіретін арнайы программалар – құрылғылардың драйверлері жауап береді.

Пайдаланушыға компьютермен тілдесу үрдісі ыңғайлы болуы қажет. Қазіргі ОЖ құрамына міндетті түрде, графикалық интерфейсті жасайтын модульдер кіреді.

ОЖ жүктеу үрдісі. ОЖ файлдары әдетте қатты – жүйелік дискіде тұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖ орындалатын бағдарламасы жүктеледі. ОЖ барлық файлдары қатарынан жедел жадыда тұруы мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады. Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеуші программа (загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеуші және компьютерді тестілеу бағдарламалары, компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды. Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынан кішкентай жүктеуші бағдарламаны іздейді де, ол бағдарламаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.

Одан әрі, дискіден ОЖ негіздік модулін іздейді және жедел жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.

Негіздік модульдің құрамына кіретін басты жүктеуші, ОЖ басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді. Бұл тәртіп, әрдайым компьютердің қоректену блогын қосқан сайын орындалады (орысша “холодный" старт).

Көбінесе қайтадан жүктелу тәртібі (Reset пернесі басылғанда) жиі қолданылады, бірақ бұл жағдайда компьютердің құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша “горячий” старт).

ОЖ жүктелуі аяқталған соң, басқару командалық процессорға беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады.


2. Қолданбалық бағдарламалық қамсыздандыру.

Қолданбалы бағдарлама дегеніміз пайдаланушының ақпараттық мұқтаждықтарын қанағаттандыратын бағдарламалар: компьютерлік ойын ойнау, сурет салу, мәтін теру, компьютерлер көмегімен есептеу, т.б.

Мұғалімнің мақсаты оқушыларға қазіргі компьютерлердің қолданбалы мүмкіндіктері туралы айтып беруі, не көрсетіп беруі керек. Бүгінгі ақпараттық технология деп атайтынымыз көптеген қолданбалы бағдарламалардан тұрады. Бірінші сабақты мектеп компьютерінде бар кейбір қолданбалы бағдарламаларды көрсетуден бастаңыз. Мысалы: WINDOWS операциялық жүйенің кіріктірілген «Стандартные» тобынан: «Калькулятор», «Блокнот», «Paint» бағдарламаларын көрсетіңіз.

Қолданбалық бағдарламалық қамсыздандыру құралдарын тереңірек «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық сызығына жататын тақырыптарды оқығанда қарастырылады. Базалық курстың шеңберінде оқушылар тек жалпыға ортақ қолданбалы әмбебап бағдарламалармен танысады. Олар: мәтіндік және графикалық редакторлар, кестелік процессорлар, деректер қорын басқару жүйесі, желілік бағдарламалар, броузерлер, іздеу серверлері.


3. Бағдарламалау жүйелері.

Алғашында бағдарламалау жүйелері туралы ұғымдарды жалпы түрде берген дұрыс. Оқушылар мына түсініктерді білуі керек:



  • компьютерге арналған бағдарламаларды бағдарламашы (орысш. – программист) жасайды;

  • бағдарламашы бағдарламаларды бағдарламалау тілінде жазады;

  • көптеген бағдарламалау тілдері бар (Бейсик, Qbasic, Visual Basic, Pascal, Turbo Pascal, Delphi, Сi+, Borland Ci++ және т.б);

  • бағдарламалау жүйелері бағдарламашыға компьютерге бағдарламаны енгізуге, өңдеуге, тестілеуге, орындауға мүмкіндік береді.

Оқушыларға қандай бағдарламалау тілдерімен танысатындарын айтып кетуге болады. Көбіне мектептерде Паскаль немесе Бейсик тілдері оқытылады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:

  1. Windows операциялық жүйесінің функциясы.

  2. Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары.

Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
10. Сызықтық алгоритм

Жоспар:


  1. Серия

  2. Сызықтық алгоритм, оның блок схемасы.

Сабақтың мазмұны:

Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше командасының тізбегі серия деп аталады. Серия бір ғана командадан да тұра алады.



Мыс: у=(4х+3)(8х+6)

Алг өрнектің мәнін табу.

Арг х

Нәт у

Басы

R1=4*x;

R2=R1+3;

R3=8*x;

R4=R3+6;

у=R2*R4


Соңы

Бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдер алгоритмдік тілде сызықтық алгоритм болады. Жоғарыда мысал сызықтық алгоритм.



Студенттің орындайтын тапсырмалары:

1. Үшбұрыштың a,b,c қабырғалары берілген. а қабырғасына түсірілген биіктігін

табыңыздар.

2. Табандарының радиусы r, биіктігі h цилиндрдің көлемін табыңыздар.

3. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Герон формуласы бойынша ауданын

табыңыздар.

4. Тіктөртбұрыштың қабырғалары берілген. Периметрін, ауданын және диагоналының

ұзындығын табыңыздар


Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
11. Құрама команда

Жоспар:


  1. Тармақталу командасы

  2. Таңдау командасы

  3. Қайталану командасы.

Сабақтың мазмұны:

  1. Тармақталу командасы

Алгоритмдік тілде екі негізгі құрама команда –тармақталу командасы және қайталану (циклді) командасы қолданылады. Осы екі команданың жай командадан айырмашылығымынада: оған құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енген.

Тармақталу командасының толық түрі былай жазылады.



Егер шарт

Онда 1-серия

әйтпесе 2-серия

бітті.

Шартқа тәуелді түрде тармақталу командасына енетін командалр серияларының екеуінің тек біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 1-ші серияны, ал шарт орындалмаса 2-ші серияны орындау керек.

Тармақталу командасының қысқа түрі мына түрде жазылады:

Егер шарт

Онда серия

Бітті

Бұл жағдайда, егер шарт сақталатын болса, орындаушы алгоритмнің онда қызметші сөзінен кейін жазылған командалар сериясын орындайды, ал қарсы жағдайда, серияны аттап өтіп, тармақталу командасынан кейінгі (бітті қызметші сөзінен кейінгі) командаларды орындауға кіріседі.




  1. Таңдау командасы

Таңдау командасы мына түрде жазылады:

таңдау

жағдай 1-шарт: 1-серия

жағдай 2-шарт : 2-серия

…..


жағдай N- шарт : N- серия

бітті.

Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен орындаушы 1- шарт сақтала ма, жоқ па соны тексереді.Егер шарт сақталса, онда орындаушы 1- серияға енетін командаларды орындайды, таңдау командасының орындалуы осымен аяқталады.Егер шарт сақталмаса, онда орындаушы 2- шарт сақтала ма,жоқ па соны тексереді. Егер тексерілетін шарт сақталса, онда орындаушы 2-серияға енетін командаларды орындайды, осымен таңдау командасының орындалуы аяқталады. Егер 2- шарт та сақталмаса, онда орындаушы 3- шартты тексереді. Егер бұл шарт сақталса, онда орындаушы 3- серияны орындайды және тағы сол сияқты. Басқаша айтқанда, орындаушы сақталатын алғашқы шартты іздеп тапқанға дейін, команданың барлық шарттарын біртіндеп тексеріп шығады. Осындай алғашқы шартты тауып, орындаушы мұнан кейінгі командалар сериясын орындайды, таңдау командасы осымен аяқталады. Мысалы әлгі таңдау командасын орындар алдында 2- шарт та және 3- шартта сақталатын болса, онда атқарушы (орындаушы) бәрі бір тек 2- серияны ғана орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет