Х. Жұмабаев атындағы Қарсақ бастауыш мектебі 2015-2016 оқу жылының оқу- тәрбие жұмысына сараптама



бет1/31
Дата25.12.2016
өлшемі5,71 Mb.
#4885
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Х.Жұмабаев атындағы Қарсақ бастауыш мектебі

2015-2016 оқу жылының

оқу- тәрбие жұмысына сараптама

Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,ерекше құнды ,қайталанбас кезең. Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.



Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан – жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып, ата – аналарға, оқушыларға оқу – тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.

Балаларға салауатты өмір салтының машықтарын сіңіру және насихаттауға байланысты нақты шараларды жүзеге асыру.Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру.

Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да жауапты жұмыс.Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу,оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,жағдайларды объективті түрде бақылап,талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс айтуға,салыстыра білуге,дәлелдеуге ,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Оқу жылының басында оқушылар саны – 14 болса,

І-жартыжылдықтың соңында оқушылар саны-12 құрады.

Мектепте тәрбие жұмысы білім мазмұны, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар жүргізу арқылы атқарылады. Осыған байланысты мектепте тәрбиелік жұмыс жоспары құрастырылып жасалды.Тәрбиенің салаларына қарай жүргізілген мектептің тәрбие және сыныптан тыс жұмыстары жоспарға сәйкес орындалды. Патриоттық сананы қалыптастыру мен азаматтыққа тәрбиелеу Оқушыларды өз Отанын, халқын, тілін сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрмет тұтатын елжанды тұлға етіп қалыптастыру мақсатында жүргізілді.

2015-2016 оқу жылына мынадай мәселе қойылды:

«Ауылдық шағын жинақталған мектеп жағдайындағы бастауыш буын білімінің сапасын көтеру.»

Қарсақ бастауыш мектебіне 14оқушы қабылданды.Осы оқушылар оқулықтармен толық қамтылды.Сабақ кестесі құрылып,бекітілді. Мұғалімдердің күнтізбелік жоспаралары Троицк орта мектебімен бекітілді.Жан-жақты оқуға қамту бойынша әр мұғалім жұмыс атқарды.Жаппай біліммен қамту айлығында әр мұғалімге оқушылардың тұрмыс мекені бойынша мөлтек аудандар бекітілді.Өз ауданына қарасты мұғалімдер бір жыл бойы оқушылардың сабаққа қатысуын,оқу үлгерімін қадағалап тексеріп отырды.



Оқу жылы 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынмен басталды.Жылдағы дәстүр бойынша салтанатты жиынға демеушіміз Хәкім Жұмабаевтың ұлы ҚарсақпайХәкімұлы қатысып,оқушыларды,мұғалімдерді,ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«Мектепке жол»атты акцияға өз үлесін қосып,20 мың теңгеге оқу құралдарға толы сөмкелер табыс етті.Оқушылар өздерінің дайындаған өлең,әндерін орындады.Сағына күткен «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімі 1-ші сынып оқушыларына ұсынылды.Жиыннан соң оқушылар сыныптарына кіріп «Менің Отаным-Қазақстан!»атты сынып сағатына қатысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

Өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың алдын алуда мектептегі тәрбиенің маңызы зор.Салауаттанудан білім берудің мақсаты-салауатты өмір салтының негіздерін, гигиеналық білім мен дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету.



Осындай мақсатпен

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет