Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет227/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ңа әдебиет», 1931, №2), «Әдебиеттегі 
семеновехшылдыққа қарсы» («Қазақ-
стан большевигі», 1931, №5), М. Қа-
йыпназаровтың «Көркем әдебиеттің 
кезектегі міндеттері» («Жаңа әде-
биет», 1931, №1) және тағы басқа 
ма қалаларда орыс әдебиеттану ғылы-
мындағы проф. В. Ф. Переверзевтің 
бұл идеяны жоққа шығарып, көркем 
образды ғана алған концепция сын 
талқандауға үн қосу байқалады. 
Д. Бедныйша жазуға үндеу арқылы 
көркемдік дамудың заңды жолда-
рына тежеу салып, әдебиетті бір 
ғана таптың мүддесіне сай тар шең-
берде ғана болуын талап ету, ақын-
жазушы таптық ортаның жемісі 
еке нін дәлелдеу басым болды. Про-
фессор В. Переверзевтің концепци-
ясына қарсы дискуссияда нәтижесі 
де қабылданды: «Только тот критик 
и историк близок к марксизму, кото-
рый не отходит от точки зрения Пле-
ханова» деген тұжырымынан кейін 
әдеби-теориялық ой-пікір «Плеханов 
ортодоксиясы үшін» деген қағиданы 
түсіндіру мен теориялық негіздеуге 
көшті. С. Мұқановтың «Пролетариат 
көркем шығарманың әдістері тура-
лы» («Жаңа әдебиет», 1931, №4-5) 
аталатын мақаласы, Ғ. Тоғжановтың 
«Әдебиет және сын мәселелері» 
(1922) атты еңбегіне қарсы жазылған. 
Ғ. Тоғжановтың «бізде пролетариат 
табы жоқ, ол жоқ болған соң пролета-
риат әдебиеті де жоқ. Кедей-шаруа мен 
оқығандардан шыққандар пролетари-
ат әдебиетін жасай алмақ емес» деген 
секілді пікірлеріне қарсы той тарыс 
беру басты мақсат ұстағандық тан
Г. В. Плехановтың эстетикалық ой-
көзқарасын басшылыққа алады. Ол 
әсіресе, сыншы Воронскийдің «ақын-
жазушылар көркем шығарманы жа-
зарда ішкі түйсікке сүйенетіні» ту-
ралы теориясына негізделген Ғ. Тоғ-
жановтың «ақын сезгенін сезген 
кү йінде жазады, сезіммен жазады, 
ақылға жорытпайды» деген тезисінің 
қате екенін дәлелдеуі барысында 
анық байқалады. «Сезгенін ақылға 
төрелете, өзінің табының тілегіне 
үйлестіріп жазбайтын ақын жоқ» 
екенін дәлелдеу үшін Плехановтың 
идеологияға, оның ішінде көркем 
әдебиетке қойлатын бес түрлі заң-
дылығын ұсынады. Соның негі-
зінде «Таптан тысқары ақын жоқ. 
Тап ақыны осы Плеханов айтқан 
бес заңмен байланысты. Ақынның 
ақындығы сыртқа шыққанда, бас-
тапқы сезген күйінде емес, осы бес 
жағдайға сәйкестендіріліп қоры-
тылып шығады» деген түйін жасай-
ды. Маркстік эстетиканы дамыту 
жолында біршама үлес қосқанмен 
Г. Плехановтың методологиялық 
тео рияларының бір жақтылығы, әсі-
ресе, Толстойдың суретшілігі мен 
ойшылдығын бір-біріне метафи-
зикалық 
тұрғыда 
қарама-қайсы 
қоюын, Е. Онегин туралы «жүмысшы 
адам бұл романның ішкі мазмұнын 
мүл де түсінбейді» деген секілді 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет