Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет316/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
кеңірек сөз болып, ақыры 1960 жыл-
дан шыға бастаған көп томдықта 
тұ жырымдала пайымдады. Қазақ 
әде биеттануының өткен жолын та-
разылап, алдағы бағыт-бағдары мен 
міндеттерін белгілеу жолында ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
ұлттық мүддеге сай табыстарын 
жоққа шығарып, біржақтылықпен 
бағалауға жол беріп алды. Әрине, 
өз ықтиярымен немесе әдіснамалық 
және ғылыми теориялық тұрғыда 
өресі жетпегендіктен емес. Маркстік-
лениндік әдіснама, кеңестік идеоло-
гия оны осыған баруға мәжбүр етті. 
Бұл жерде отаршылдық пиғылда-
ғы ұлы орыстық шовинизмді және 
еуропацентристік көзқарасты, одан 
қуат алған ұлттық нигилизмнің әсерін 
де жоққа шығаруға болмайтыны өз-
өзінен түсінікті. Қазақ әдебиеттануы 
бірыңғай ағым теориясына байла-
нысты осындай негізсіз айыптау-
дан тек «40-50 және 60 жылдардағы 
Қазақ әдебиеті» (1998) атты еңбектегі 
проф. Т. Кәкішев, Д. Мыңбаев жаз-
ған «Әдебиеттану және сын» тарау-
ларында ғана құтылды.
ХХ съезден басталған жаңа 
кезең де қазақ әдебиеттану ғылы-
мының өт кен мақтанудан көрі 
даттауы басым осындай айыптау-
лар мен бағалар ай тылып жатқан 
тұста, маркстік-ленин дік әдіснама 
қағидаларын басшылыққа алуды 
насихаттаған партияның өнер, ғы-
лым саласындағы саясаты мен иде-
ологиясы кеңес дәуіріндегі әде-
биеттен зерттеуге болатын ақын-
жазушыларды жіктеп көрсетіп бер-
ді. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
оларды тексеруге құлшына кірісті. 
Монографиялық сипатта тексеруді 
мақсат тұтқан көптеген мақалалар 
жазылды. Оларда жаңа талап бой-
ынша қоғамдық өмірмен тығыз бай-
ланыста қараудан тарихилық сипат, 
жанрлық және әдеби-теориялық тұр-
ғыда талдау жасауға деген ұмтылыс 
айқын көрініс тапты. Оны айтқан 
уақытта ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің шын мәнінде алғырлық, 
жұмыла жасауда парасаттылық тап-
қанын атап өту керек. Екі-үш жыл 
ішінде көрнекті қаламгерлер туралы 
әдеби-сыни және монографиялық 
очерктердің шығуы, «Қазақ әде-
биетінің кейбір мәселелері» (1957), 
«Қазақ совет әдебиетінің мәселелері» 
(1957) сияқты әдеби сын-зерттеу 
мақалалар жинағының жарық көруі, 
С. Сейітовтің «Қырық жылда» (1957) 
атты әдеби очеркі, М. Қаратаевтың 
«Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), 
М. Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» 
(1959) еңбектері, Е. Ысмайыловтың 
«С. Сейфуллин», М. Қаратаевтың 
«І. Жансүгіров» туралы кітапшала-
ры шығуы кеңестік дәуірдегі қазақ 
әдебиетін зерттеудегі жақсы ізде-
ністердің нышаны еді. Сонымен қа-
тар, ұлттық әдебиеттануға, оның 
туу, даму жолына бағалаушылық 
мән де көңіл аударыла бастады. Бұл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


336


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет