ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
бағытта «Әдебиет және әдебиетта-
ну ғылымы» («Қ.Ә.», 17.VІІІ.1956),
«Әдебиеттану ғылымы мен әдеби
сынның дәрежесі жоғары болсын»
(«С. Қ.», 28.VІІІ.1956) секілді бас
мақалаларда, М. Базарбаевтың «Әде-
биеттану ғылымы өрлеу жолында»
(«Қ. Ә.», 25.Х.1957), Т. Кәкішевтің
«Әдебиеттану ғылымы туралы бірер
сөз» («Жұлдыз», №9, 1958), Х. Сү-
йіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің
зерттелу жолы» («Жұлдыз», №5,
1958), Е. Ысмайыловтың «Әдебиет-
танудың негізгі міндеттері» («Жұл-
дыз», №7, 1959) секілді мақалалар
жарияланды. Оларда негізінен жеке
басқа табынудың ғылыми жұмыс-
тарға тигізген зардаптары мен
1947-1953 жылдар аралығындағы
тұрпайы социологизм ықпалындағы
бұрмалаушылықтар сынала келе,
алдағы уақытта маркстік-лениндік
әдіснаманың партия құжаттары
көрсетіп берген қағидаларын бас-
шылыққа алу насихатталды. Өткен-
дегі мұраны идеялық және саяси
бағытына, таптық сипатына қарай
сұрыптау қажеттігі ерекше сөз бо-
лып, ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір дің ұлттық негізде дамуына ба-
ғыттайтын тың мәселелер көтеріле
қойған жоқ. Оған заман талабы мүм-
кіндік бермегені, әрбір жаңашыл
ұсыныс қырағы қадағаланып оты-
рылғаны айтпаса да түсінікті. Со-
лай дей отырғанымен, бұл да болса
жақсылық нышаны еді. Өйткені, қазақ
әдебиеттануы өзінің өткен жолына
«партиялық сын» тұрғысынан көз
салып, бар-жоғын түгелдеп алуымен
бірге, ендігі кезеңінде, яғни маркстік-
лениндік әдіснама қағидаларына
бір жола мойынсұнғаннан басқа ама-
лы қалмағанында, алдағы бағыт-
тарын белгілеп алуы қажет еді. Бұл
«Қазақстанда әдебиет ғылымы, яғни
көркем әдебиет туралы, оның тео-
риясы мен тарихын жасайтын, оның
заңдылықтары мен даму жолдарын
ғылыми тұрғыдан талдап отыра-
тын ғылым жасалды» деген секілді
пікірлердің айтыла бастауына се-
беп болды. Енді ұлттық әдебиеттану
ғылымының табысы ретінде таны-
латын еңбектер жазып шығару күн
тәртібіне шұғыл қойылды. Соның
нәтижесінде 1958 жылы «Қазақ ССР
Ғылым академиясының Тіл мен
әдебиет институты
Орталық Коми-
тет нұсқаулары мен жұртшылықтың
көптен бергі тілегін өтеу мақсатымен
осы «Очеркті ...» жазып шықты»
(астын сызған біз. –
С. Ж
.). Яғни,
кеңестік дәуірдегі әдебиетке арналған
«Қазақ совет әдебиеті тарихы очеркі»
жарық көрді [86, 7].
Алғы сөзінде М. Базарбаев
атап жазғандай, еңбек «Қазақстан
Компартиясының Орталық Комите-
ті республикадағы әдебиет зерттеу
ғылымының міндеттерін айқындай
келіп, қазақ әдебиетінің совет дәуірі
тұсында өсуін көрсететін, әдебиет-
те болған түбірлі өзгерістер мен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
337
Достарыңызбен бөлісу: |