Тәжірибе барысы: Қ ұрамында ас тұзы (натрий хлориді) мен қант (сахароза) бар ыстық концентрлі ерітінді дайындаңыз. Ол үшін 50г қайнап тұрған суға 30г натрий хлориді мен 30г қантты салып ерітіңіз. Сосын ерітіндіні суытпай, оған қауырсынды (ватман қағазынан қиып жасалған) батырыңыз және ерітіндіні біртіндеп бөлме температурасына ауысқанға дейін қойыңыздар.
Ерітінді суығаннан кейін қауырсын түссіз кристалдармен жабылады. Олар асыл тасқа ұқсайды. Олар қағаздан түсіп қалмау үшін оларды шашқа арналған түссіз лакпен өңдеуге болады.
Жұмыртқаның қабығын сындырмай аршу
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
тұз қышқылы
химиялық стақан
піскен жұмыртқа
су
қасық немесе шыны таяқша
Тәжірибе барысы: С тақанға тұз қышқылын құйып, үстіне піскен жұмыртқаны саламыз. Жұмыртқа алғашқы кезде тұз қышқылының біресе астына түссе, біресе үстіне шығып қозғалыста болады. Себебі, жұмыртқаның сыртындағы қабығы (СаСО3) тұз қышқылында ериді.
Нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының қысымының әсерінен жұмыртқа қозғалысқа түседі. Мінекей, біздің жұмыртқамыз дайын.