Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет28/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тәжірибе барысы:
Химиялық стақанға 5мл азот қышқылы мен 10мл күкірт қышқылының қоспасын дайындаңыз. Қоспаны жеңіл салқындатыңыз. Содан кейін оған абайлап шыны таяқшаның көмегімен гигроскопиялық мақтаның кішкене бөлігін салыңыз. Қоспасы және мақтасы бар стақанды 700С-қа дейін су моншасында қыздырыңыз. 5-8 минуттан кейін мақтаны сумен жуыңыз, сүзгі қағаздың арасына салып қысыңыз және фарфор кеседе су моншасында кептіріңіз.
Кепкен мақтаға шыраны жақындатсаңыз, мақта сол сәтте түтінсіз тез жанады. Негізі мақта өңдеусіз жаққан кезде бықсиды.
Нитрлеу өнімінің жарылыс қауіпі бар, сондықтан да барлық қалдықтарды тәжірибеден кейін жағып жіберіңіз, оны сақтауға болмайды!


«Қанды» тәжірибе немесе «Жараның жазылуы»


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

Тәжірибе барысы:
«Қанды» алу үшін роданид пен темір (ІІІ) тұзын пайдаланамыз. Мысалы:
2FeCl3 + 6KSCN → Fe[Fe(SCN)6] + 6KCl
Әдетте, бұл реакция үшін калий немесе аммоний роданиді мен темір (ІІІ) хлоридін қолданады. Реакцияның жүру барысында қан-қызыл автокешенді роданид түзіледі.
Тәжірибе үшін калий (аммоний) роданиді мен темір (ІІІ) хлориднің ерітіндісі бар стақанды аламыз, сонымен қатар басында мақта оралған екі шыны таяқша аламыз. Және де пластмасса немесе темір пышақ дайындап қойыңыз. Пышақ өткір болмауы тиіс.
Алақаныңызды темір тұзының ерітіндісімен сүртіңіз (көрермендерге бұл йод ерітіндісімен дезинфекция жасалғанын хабарлауға болады). Ал, пышақты роданид ерітіндісімен ылғалдаңыз (көрермендерге мұны спирт деп айтып алдауға болады). Әрі қарай қолыңызды пышақпен кескен болыңыз. Сол кезде қан шығады.

Қанды кетіру үшін кешен түзу реакциясын пайдаланамыз:
[Fe(SCN)6]3+ + 6F- → [FeF6]3+ + 6SCN-
немесе: Fe(SCN)3 + 3NaF → FeF3 + 3NaSCN
Темірдің (ІІІ) фторидті кешені түссіз. Сондықтан да, егер жарақатты натрий фториді ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртсеңіз, роданидті кешен бұзылады және [FeF6]3+ тұрақты кешені түзіледі. Қан кетеді. Көрермендерге алақанда қанның жоқ екенін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет