Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, бастаулары және субъектілері



бет10/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, бастаулары және субъектілері



  1. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні және әдістері.

  2. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

  3. Әкімшілік құқық субъектілері

Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасында құқық жүйесінің ең үлкен


және маңызды салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттік басқару қызметінің процесінде пайдаланылатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Қазіргі заманғы ғылымда әкімшілік-құқық терминінің әртүрлі анықтамааларын кездестіруге болады. Негізінен «администрация» сөзі латын тілінен алынған. Оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық тиісті мемлекеттік құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған. Жалпы түрде әкімшілік құқықты басқару құқығы деп те айтуға болады делінген. Энциклопедиялық сөздікте «әкімшілік құқық» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы деп атаған. Оның нормалары басқару аппаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың ұғымын мемлекеттік басқаруды
ұйымдастыру және оның атқару-жарлық беру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін анықталған.Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілер мыналар:
1.Әкімшілік құқық –құқықтың дербес саласы.
2.Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
3.Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны ҚР-сы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәнін басқарушылық қоғамдық қатынастар
құрайды. Басқару қатынастарын субьектілеріне қарай келесідей түрлерге жіктеуге болады:

  1. Атқарушы биліктің бірінің біріне бағынышты субьектілерінің арасындағы қатынастар.

  2. Біріне бірі бағынышты емес субьектілер арасындағы қатынастар.

  3. Атқарушы билік субьектілері мен жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарының арасындағы қатынастар.

  4. Атқарушы билік субьектілер мен азаматтар арасындағы қатынастар.

  5. Атқарушы билік субьектілері мен өзге субьектілер арасындағы қатынастар.

Әкімшілік құқықтың әдістері-бұл басқару қатынастарын реттейтін тәсілдердің, жолдардың жиынтығы.Әкімшілік құқықтың екі негізгі әдісін ажыратуға болады:

  1. Императивті әдіс(бір жақты өктем әдіс)

  2. Диспозитивтік әдіс.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері дегеніміз мемлекеттік билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез-құлықтары ережесінің көрінуі мен бекітілуі.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: ҚР Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз,халықаралық, мемлекетаралық шарттар,ҚР-ның конституциялық заңдары, ҚР-сы заңдары,ҚР-сы президентінің, парламентінің, Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер,әкімшілік шарт, ғылыми-құқықтық доктрина.

Құқық субьектісі дегеніміз-құқық нормалары бойынша құқықтар мен міндеттерге иеленген қоғамдық қатынастарға қатысушылар. Субьектіні азаматтар және ұйымдар деп екіге бөледі немесе индивид және ұжымдық субьектілер. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субьектісі дегеніміз әкімшілік-құқықтық нормаларда қарастырылған және қамтамасыз етілген мемлекеттік басқару саласындағы құқықтар мен міндеттерді иеленген және оларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар нақты тараптар мен қатысушылар. Әкімшілік құқықтық қатынастар субьектілеріне жататындар: Мемлекеттік басқару органдары, кәсіпорын, мекеме, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық және діни бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз- мемлекеттік басқару саласындағы заң және басқа да нормативтік актілермен белгіленген құқықтар мен міндеттердің жиынтығы. Азаматтар басқару қатынастарында екі негізгі сипатта болады.



  1. Мемлекеттік органның өктем нұсқауларын орындауға бағынышты субьектілер ретінде.

  2. Белсенді түрде қатысушы ретінде.Әкімшілік құқықтық қатынастардың қатысушылары болу үшін азаматтар құқық субьектілікке ие болулары тиіс.

Құқық субьектілік дегеніміз-құқық қаблеттілік пен әрекет қаблеттіліктің
жиынтығы. Құқық қабілеттілік дегеніміз- тұлғаның құқықтар мен міндеттерге ие болуы. Әрекет қабілеттілік дегеніміз- осы құқықтар мен міндетті іс жүзіне асыру қабілеттілігі.
Азаматтық құқықтар: мемлекеттік басқаруға қатысуға, мемлекеттік
қызметке кіруге, білім алуға, еркін жүріп тұруға, тұрғын үйге қол сұғылмайтындығына, тегі мен атын өзгертуге, бірлесуге, денсаулығын сақтауға, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағым беруге, заңдық бостандықтарын іске асыруға.
Азаматтық міндеттері: басқару аясында заңдылықпен мемлекеттік
тәртіпті сақтауға, арнайы тыйымдарды сақтауға, бірқатар әрекеттерді жасауға басқару органдарынан рұқсат алуға.
Қоғамдық бірлестік дегеніміз-қоғамдық мүдделердің ортақтығы негізінде
азаматтардың еркін ерік білдіруі нәтижесінде пайда болатын ерікті құрылым. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың әр түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Ол мақсаттар мәдени, ғылыми т.б кәсіптік түрде болуы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктердің негізгі белгілері:

  1. Қызмет ету территоиясына қарай халықаралық, республикалық, аймақтық, жергілікті болып бөлінеді.

  2. Мемлекетке тиістілігіне байланысты қазақстандық, шетелдік.

  3. Қызмет мақсатында байланысты саяси партиялар, кәсіптік одақтар, бұқаралық қозғалыстар, т.б.

    • әлеументтік маңызы бойынша: прогресшілдер, кертартпалар, реакцияшылар;

Қоғамдық бірлестіктердің принциптері: ерекшелік, тең құқылық, өзін-өзі басқару, заңдылық.Діни бірлестіктер дегеніміз- мемлекеттік органдарда өз жарғысын тіркеумен бірге дінге сенуші азаматтардың бірлесуіне немесе діни қажеттіліктерді бірге жүзеге асыру мақсатында құрылатын құрылым. Діни бірлестіктер былай жіктеледі:

  1. Діни нанымына байланысты ислам, будда, христиан, т.б.

  2. Территориялық белгілеуіне байланысты жергілікті және аумақтық.

  3. Мүшелігі сипатына байланысты белгілі және белгісіз.

  4. Қызмет мақсатына байланысты діни қауымдар, басқармалар, орталықтар, оқу орындары, миссионерлік ұйымдар, братсволар, шіркеулер және т.б.

Діни бірлестіктердің белгілері:

    • діни сенім босандығы;

    • құдайға құлшылық жасау, діни жоралар мен рәсімдерге қатысу;

    • дінді оқып үйрену және өзінің шәкірттерін тәрбиелеу.

Діни ұйымдардың түрлері:

    • жергілікті;

    • орталықтандырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет