Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Еңбек құқығы ұғымы, қағидалары. Жеке еңбек шарты



бет19/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Еңбек құқығы ұғымы, қағидалары. Жеке еңбек шарты.
1. Еңбек құқығы ұғымы.
2. Еңбек құқығының қағидалары.
3. Жеке еңбек шарты ұғымы, мерзімі.

Құқық жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталатын құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.


Құқық саласы-өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық- мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Еңбек- адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асуы мүмкін. Алайда еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.Көп жағдайларда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбек нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратқан жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек.
Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделген еңбек қатынастарын реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі- кәсіпкерлердің қызметі т.б. жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып- заңды тұлғаны құрмастан дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі жұмыс істесе.
Еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар табылады.
Еңбек құқығының пәнін құрайтын барлық қатынастар 2 топқа бөлінеді:
1 негізгі қатынастар (еңбек қатынастары)-жұмыс берушінің қызметкердің еңбекке қабілетін пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық және ақылы негізде жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін жалақы, ал жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады.
Бұл қатынастар мынадай ерекше белгілермен сипатталады:

  • Еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функцияларын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие және соңғы нәтижелермен аяқталмайды, яғни еңбек қатынастары- бұл ұзаққа созылатын қатынастар.

  • -Еңбек қатынастары- бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.

  • Еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды., ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайларын т.б. таңдайды.

  • Қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді.

  • Еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісімдермен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.

  • Мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты.

  • Жұмысқа іс жүзінде қабылдаған кезден басталады.

  • Қызметкерге оны жұмыстан босату туралы бұйрық жариялаған және оның қолына еңбек кітапшасын берген кезде тоқтатылады.

2. Еңбек қатынастарымен тығыз байланысты және солардан туындайтын өзге де қатынастар. Олар:
- еңбек ұжымының жұмыс беруші және оның басшылығымен арасындағы еңбек- әлеуметтік сауалдар бойынша қатынастар.Олар негізінен өндірісті ұйымдастыружәне ұжымды басқарумен байланысты, сонымен қатар, нақты ұйымдағы еңбек жағдайына, қызметкерлерге жағдай жасаудың материалдық- тұрмыстық және мәдени нысандарын жақсартуға, қызметкерлердің ұжымдық және жеке мүдделерін көздейтін өзге де мәселелерге байланысты болады.
-Кәсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау , еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік кепілдіктер мәселері бойынша жұмыс беруші және оның басшылығымен арасындағы қатынастары
- азаматтарды жұмысқа орналастыруға және жұмыс іздеп жүрген азаматтардыжұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қатынастар.
- қадағалау және бақылау органдарының жұмыс берушімен еңбек заңдарын және еңбекті қорғауды сақтау мәселесіне қатысты қатынастары. Мысалы, санитарлық эпидемиологиялық қызмет, өрт инспекциясын және т.б. атауға болады.
- Жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар т.б.
Аталған қатынастардың барлығы еңбек құқығының пәні болып табылады.
Еңбек құқығы қатынастары-бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелетін еңбек қатынастары.

«Қағида» сөзінің өзі латын тіліндегі «principium» сөзінен туындаған және оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылайша, «қағида » түсінігі басшылыққа алынатын идеяны , негізгі ережені , бастаманы білдіреді. Еңбек құқығының қағидалары- бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.


Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары- бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мәнін және мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін , қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларынтүсінуге болады.
Әрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:

  • Барлық құқық салаларына , соның ішінде, еңбек құқығына да тән жалпы құқықтық қағидалар- заңдылық, теңдік, демократизм т.б.

  • Құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар

  • Тек белгілі бір құқық саласына тән сала ішіндегі қағидалар. Мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары.

Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тән қағида болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғау , еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана емес, сонымен қатар азаматтық, қылмыстық атқару құқықтарына да тән. Себебі аталған құқық салалары да еңбекті қолдануды (мердігерлік шарт бойынша жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс және т.б.) реттейді.
ҚР-сы еңбек заңнамасының қағидалары (ҚР еңбек кодексі 4-бап):
1. Адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу
2. Еңбек бостандығы
3. Кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тиым салу
4. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету
5. Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы
6. Еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету.
7. Тынығу құқығын қамтамасыз ету
8. Қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі
9. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету.
10. Әлеуметтік әріптестік
11. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу.
12. Қызметкерлер өкілдерінің ҚР-сы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек шарты- қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін орындай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек шартымен қатар қазір нарықтық экономикаға көшуге байланысты «контракт» ұғымы пайда болды. Кең мағынада контракт дегеніміз кез-келген шарт, яғни тең құқылы тараптардың арасындағы келісім. Еңбек қатынастары саласында «контракт» ұғымы анағұрлым тар, ерекше мағынада қолданылады және еңбек шартының айрықша нысаны ретінде қарастырылады.


Контрактінің еңбек шартынан айырмашылығы мынада:

  • Контрактінің талаптарын тараптардың өздері белгілдейді және онда нақты жеңілдіктер мен артықшылықтар белгіленуі мүмкін.

  • Контрактыда еңбек заңдарында белгіленбеген шаралар қолданылуы мүмкін, мысалы, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақытының режимі, демалыстың ұзақтығы және т.б.

Жеке еңбек шартының белгілері:
1. Жеке еңбек шартының белгілерінің бірі болып шарт пәнінің өзгешелігі табылады. Жеке еңбек шартына сәйкес қызметкер белгілі бір қызмет түріне жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын мамандықты, кәсіпті, біліктілікті, лауазымды орындауға міндеттенеді. Кәсіп-адамның жұмыстарының, еңбек қызметінің ең басты түрі, білім туралы лайықты құжаттармен расталған, мысалы, дәрігер, оқытушы, құрылысшы, заңгер; мамандық-білім туралы лайықты құжаттармен расталғанбелгілі бір қызметке қажетті дайындық және тәжірибемен шыңдалған білім, іскерліктер және дағдылардың кешені, белгілі бір кәсіптің бағыты, мысалы, дәрігер кәсібі бойынша хирург, терапевт, педиатр мамандықтары; біліктілік- бұл белгілі бір мамандықты игергендіктің дәрежесі, арнайы дайындық пен тәжірибенің деңгейі. Біліктілік нақты бір қызметкердің қандай күрделіліктегі жұмысты орындай алатынын көрсетеді. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дәрежемен, санатпен анықталады. Мысалы, жоғары санаттағы хирург.
2. Жеке еңбек шартының маңызды белгісі болып өндірістік қызметке қызметкердің өзіндік қатысуы табылады. Бұл қызметкердің кәсіпорын немесе ұйымның штатына енуін және осы кәсіпорынның немесе мекеменің өндірістік қызметіне тартылуын білдіреді.
3. Қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы жеке еңбек шартының келесі белгісі болып табылады. Кез-келген мекеме, кәсіпорын белгілі бір еңбек тәртібінің негізінде жұмыс істейді, бұл өз кезегінде ұжымның нақты және үйлескен жұмысын қамтамасыз етеді.
Жеке еңбек шарты келесі мерзімдерге жасалуы мүмкін:
1. Белгіленбеген мерзімге. Шарттың әрекет етуінің бастапқы мерзімі көрсетіледі, бірақ оның күші қашан аяқталатыны көрсетілмейді.
2. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге. Белгіленген мерзімнің белгіленбеген мерзімнен басты айырмашылығы- жеке еңбек шартының аяқталу мерзімінің нақты көрсетілуінде. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
3. Белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына. Мұндай шарттар жұмыстың аяқталу уақытын нақты анықтау мүмкін болмаған кезде (мысалы, құрылыстың аяқталатын күні) жасалады.
4. Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына. Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасасқан жеке еңбек шарты аяқталу мерзімі көрсетіле отырып немесе мерзімі көрсетілмей де жасалуы мүмкін, алайда кез-келген жағдайда жеке еңбек шартында еңбек қатынастарының жұмыста уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығуымен тоқтатылатыны көрсетіліп өтуі тиіс. Қызметкер ауруына, баланы күтумен байланысты еңбек демалысында болуына, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауына және т.б. байланысты жұмыста уақытша болмауы мүмкін. Уақытша болмаған қызметкер қайтып келген жағдайда қызметтен босатылған тұлғаға жұмыс беруші өзара келісімнің негізінде басқа жұмысты ұсынуы мүмкін.
5. Маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Маусымдық жұмыстарға қабылдау кезінде жеке еңбек шарты белгілі бір маусымға қатысты жасалады. Маусымдық жұмыстар ретінде табиғи және климаттық жағдайларға орай жылдың белгілі бір кезеңінде орындалатын, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын жұмыстар танылады. Маусымдық жұмысқа ағаш отырғызу, көпір жөндеу, қар жинау, көкөністер мен жемістер жинау, ағаш дайындау, балық аулау т.б. жұмыстар кіреді.
Маусымдық қызметкерлер- бұлар табиғат және климат жағдайларына байланысты бүкіл жыл бойына істеле бермейтін ұзақтығы алты айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер.
Үй қызметкерлері. Үй шаруашылығында жұмыс істеуге (қызмет көрсетуге) жеке еңбек шартын жасасқан қызметкерлер үй қызметкерлері деп танылады. Үй қызметкерлері бала бағушы, жүргізуші, мал бағушы, бағбан т.с.с жұмыстарды атқарады.
Үйінде жұмыс істейтін қызметкерлер. Олар орындайтын жұмысты, не атқаратын қызметті кәсіпорын, мекеме , ұйымның аумағында емес, өз үйлерінде орындайды. Бұл қызметкерлер жұмысты өз еңбегімен өзінің материалдарымен не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандарды, тетіктерді пайдалана отырып істейді.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегі. Қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жеріне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен басқа жерде еңбек процесін ұйымдастырудың түрін вахталық әдіспен атқарылатын жұмыс дейді. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге қажетті еңбек жағдайларын жасап, яғни жұмыс жүргізу объектісінде болған кезеңде оларды тұрғын үймен, жұмыс орнына апарып, алып қайтатын көлікпен және жұмыстарды орындау мен ауысым арасында демалу үшін жағдайлар жасауға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет