Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстық жауаптылық



бет27/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстық жауаптылық. Адамның өмірі қоршаған ортаның, ауаның, судың, топырақтың тазалығына, тағамдардың сапасына тікелей байланысты. ҚР Қылмыстық Кодексінің 2-бабында көрсетілгендей Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады.
Қылмыстық кодекстің шоғырланған табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қылмыстарды 3 үлкен санаттарға бөлуге болады: арнайы экологиялық құрам, аралас және қосымша.
Арнайы экологиялық құрам ҚР ҚК-нің 11 тарауында «экологиялық қылмыстар» деген атпен шоғырланған. Бұлар таза экология саласындағы қылмыстар. Мысалы, 281бап- суларды ластау, бітеу және сарқу; 282 бап-атмосфераны ластау, 278 бап- ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы;
Аралас экологиялық құрамды қылмыстар тек белгілі бір жағдайларда , қоршаған орта мен табиғатты қорғау саласына ғана қатысы бар жағдайларда ғана экологиялық деп танылады. Мысалы, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу.
Қосымша құрамы бар экологиялық қылмыстарға мемлекеттік билікке қарсы , мемлекеттік қызмет саласындағы және мемлекеттік құпиялармен байланысты қылмыстарды жатқызуға болады. Мысалы, 307 бап- Қызмет өкілетттігін теріс пайдалану, 314 бап- қызметтік жалғандық жасау; 316 бап- салақтық.
ҚР ҚК-нің 39 бабына сәйкес эколгиялық қылмыс жасағаны үшін төмендегідей жазалар қолданылады:

  • айыппұл салу;

  • белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

  • қоғамдық жұмыстарға тарту;

  • түзеу жұмыстары;

  • әскери қызмет бойынша шектеу;

  • бас бостандығын шектеу;

  • қамау;

  • тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

  • бас бостандығынан айыру;

  • өлім жазасы қолданылуы мүмкін.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқамынадай қосымша жазалар: а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен , біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет