Қате жəне оның қылмыстық- құқықтық маңызы Қате – адамның өзi жасаған əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгiнiң жəне оның зардаптарының заңдық немесе iс жүзiндегi сипатын немесе мəн жайын дұрыс түсiнбеуi.
Қатенiң сипаты қылмыстың субъективтiк жағын анықтауға елеулi ықпал етедi, оның iшiнде қылмыстық жауаптылық мəселесiн шешуде маңызды болып табылады. Кiнəлiнiң адасу (түсiнбеу) сипатына байланысты қателер заңдық жəне фактiлiк (iс жүзiндегi) болып бөлiнедi.
Заңдық қате – бұл субьектiнiң өзi жасаған əрекетiнiң жəне оның зардаптарының қылмыстық заңға қайшы екендiгiн, яғни өзi жасаған əрекеттiң дұрыс сарамалауы сонымен бiрге бұл əрекеттi жасаған үшiн берiлетiн жазаның мөлшерi мен түрi туралы анық бiлмеуi табылады.
Осыған сəйкес қылмыстық құқық теориясында заңдық қатенiң төрт түрi бар:
Адам заңда жаза көзделмеген iс əрекеттi жасап, оны өзi қылмыс деп санайды. Мұндай қате сол жасаған əрекет үшiн қолданылатын қылмыстық заң нормасы болмағандықтан оны қылмыстық жауаптардан құтқарады. Мысалы, арзанға сатып алған тауарды қымбатқа сатқанын адам қылмыс жасадым деп қате ойлайды.
Адам өзi жасаған əрекетiн қылмыстық заңға қайшы емес деп қате ойлайды, ал қылмыстық заңда ол əрекет үшiн жауаптылық қарастырылған, заңды бiлмеу жауаптылықтан босатпайды. Мысалы, адам тауып алған оқ-дəрiнi өзiнде сақтайды, ол үшiн қылмыстық жауаптылық жоқ деп қате ойлайды.
Адамның өзi жасаған əрекеттi заңдық саралау туралы қате түсiнедi. Мысалы, сенiп тапсырған бөтеннiң мүлкiн иелену əрекетiн жасап тұрып, оны ұрлық деп қате саралайды.
Адам өзi жасаған қылмыс үшiн тағайындалуы мүмкiн жазаның мөлшерi мен түрi туралы қате түсiнедi.