Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық


Қылмыстың арнайы субъектісі



бет21/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы

Қылмыстың арнайы субъектісі.
Арнаулы субъектiлер қылмыстың тек орындаушылары ғана бола алады. Арнаулы субъектiнiң белгiлерi жоқ басқа адамдар қылмысқа қатысушылар ретiнде қарастырылады.
Қылмыстық жауаптылық туралы мəселенi шешкенде, сондай-ақ кiнəлiнiң iс əрекетiн саралағанда арнаулы субъектiнiң белгiлерiн анықтаудың маңызы зор. ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көзделген арнаулы субъектiнiң белгiлерiнiң болмауы сол қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылықты да болдырмайды.
Мысалы, лауазымды тұлға болып табылмайтын адамның қызметке селқос қарауы ҚК 371-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты тудырмайды, себебi тек лауазымды тұлға ғана қылмыстың субъектiсi бола алады.
Арнаулы субъектiнiң белгiлерi кейбiр реттерде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн жоғарлататындықтан негiзгi құрамды жауаптылықты ауырлататын құрамға айналдырады. Мысалы, ҚК 149-бабының 3-бөлiгiнде ″Тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу″ қылмысын адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса жауаптылығы ауырлатылады.
Өзiнiң мазмұнына қарай арнаулы субъектiнiң белгiлерi сан алуан түрлi. Олар жеке адамның əртүрлi қасиеттерiне қатысты сипатталады.
Қолданыста жүрген қылмыстық заңдағы арнаулы субъектiлердiң барлық белгiлерiн жинақтап, оларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Субъектiнiң құқықтық жағдайы мен əлеуметтiк ролiн сипаттайтын белгiлер:

  • Азаматтық белгiсi - ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар (ҚК 175,176-баптары);

  • Адамның қызметтiк жағдайы – лауазымды тұлғалар, ұйымның жетекшiсi, өкiмет өкiлi, сот, прокурор, тергеушi жəне т.б. (ҚК 127-бабының 2-бөлiгiнiң ″2″ тармағы, 145-баптың 2-бөлiгi, 149- баптың 3-бөлiгi, 361-362-баптар жəне т.б.);

  • Адамның атқаратын жұмысының сипаты, қызмет түрi, кəсiби мамандығы – спортшы, дəрiгер, жекеше нотариус немесе аудитор, кеме капитаны, көлiк құралын жүргiзушi адам (ҚК 103-бабы, 114-бабы, 117-баптың 2-бөлiгi, 144-бабы, 228-бабы, 295-300-баптары жəне т.б.);

  • Əскери қызметке қатыстылығы - əскери қызметшi, əскерге шақырылған адам (ҚК 387-бабы, 437-466 баптары);

  • Сот процесiне қатысушы немесе сотталған – куəгер, жəбiрленушi, сарапшы, аудармашы, бас бостандығынан айыруға сотталған адам, жаза өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам (ҚК 342-343 баптары, 350-бабы, 352-353 баптары, 358-361 баптары жəне т.б.);

  • Адамның соттылығы – бұрын соттылығы бар адам, талан-тараж үшiн екi немесе одан да көп реет соттылығы бар адам (ҚК 117-бабының 2-бөлiгi ″в″ тармағы, 176,177,178 баптарының 3-бөлiктерiнiң ″в″ тармағы, 206-баптың 2-бөлiгi, 221-баптың 2-бөлiгi жəне т.б.);



  1. Субъектiнiң физиологиялық жəне демографиялық қасиеттерiн сипаттайтын белгiлер:

  • Субъектiнiң жасы – 18 жас (ҚК 132-133 баптары);

  • Субъектiнiң жынысы – ер адам не əйел адам (ҚК 120,121-баптары, 100- бабы);

  • Денсаулық жағдайы – соз аурумен ауратын адам, еңбекке жарамды адамдар (ҚК 115,116-баптары, 136-баптың 2- бөлiгi);

  • Субъектiнiң жəбiрленушiмен немесе өзге адамдармен қатынасын сипаттайтын белгiлер:

  • Туыстық қатынастар – ата-анасы, балалары, жұбайы, жақын туыстары (ҚК 100 бабы, 132-133 баптары, 136-137 баптары,);

  • Қызметтiк не өзге де тəуелдiлiк - қамқоршы, қорғаншы, басшы адам (ҚК 102-бабының 2-бөлiгi, 107- баптың 2-бөлiгiнiң ″а″ тармағы, 113-баптың 2-бөлiгiнiң ″а″ тармағы, 118-бабы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет