ІІ тарау. Олимпиадалық есептер
А есебі. Шеңбер
Енгізу файлының аты: А.in
Шығару файылының аты: А. Out
Есептің жауабы файылының аты: A. pas
Уақыт шектеу: 2 секунд
Жадыға шектеу: 64 мегабайт
Шеңберде бірдей қашықтықта N нүктелер белгіленген, олар қарсы сағаттық тілдің бүтін сандармен 1-ден N-ға нөмірленген. Сіздерге осы шеңбердің бірнеше қос хордалар берілген, хорданың ұштары сол нүктелер болады. Әрбір хордалар үшін анықтаңыздар, олар қиылып кетеді ме, немесе қиылымайды (сүйкелмейген хордалар қиылған деп саналады).
Мәліметтерді енгізу форматы
Кіріс файлдың бірінші жолында екі бүтін сан тұрады: N және К (1 <=N <=109, 1<=K<=100). Келесі К жолда 4 бүтін сан тұрады: А1, В1, А2, В2- бірінші хорданын (А1, В1) және екінші хорданын (А2, В2) нүктелерінің нөмірлері. Жолдағы сандар пробелмен арқылы бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |