Информатика кабинетiне ќойылатын талаптар


Жарықтандыруға қойылатын талаптар



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі127 Kb.
#80398
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
инф пр

Жарықтандыруға қойылатын талаптар

Табиғи жарық сол жақтан түсу керек, оның оң жақтан, арттан және алдыңғы жақтан түсуiне болмайды. Күн сәулесiнiң шағылысуы оқушының көру аймағына тiке түспеуi керек.


Информатика кабинетiнiң аумағы солтүстiкке немесе солтүстiк-шығысқа бағытталған терезелерден түсетiн табиғи және жасанды жарықтармен қамтамасыз етiлуi қажет. ТЖК (табиғи жарықтандыру коэффициентi) қар көп түсетiн аймақта 1,2, ал басқа аймақта 1,5-тен аз болмау керек, жарықтандыру қатынасы – 3:1. Қабырғаны төбеге дейiн, не белгiлi бiр биiктiкке дейiн бояу түстерi: ашық-көгiлдiр, ашық-жасыл, ашық-сұр, ашық-сары, ақшыл-бозғылт түстер. Терезе жақтаулары мен терезе алды ақ түспен сырланады.
Монитор экранына қарсы қабырғаны қара (қою) түспен бояуға болмайды.
Жұмыс үстелдерiнiң түсi табиғи ағаш түстi, көгiлдiр, ашық-жасыл, ашық-сұр болып келуi керек және жылтырамайтын болуы қажет. Терезеге қабырға түсiмен сәйкес келетiн перделер (жалюздер) iлiнедi. Перделер табиғи жарықты өткiзбейтiн және терезенi толық жауып тұратындай болуы керек және олар ауыр матадан тiгiледi. Терезеге қара перделер iлуге тиым салынады!
Күндiзгi шамдар ДК экранына тура түспеу керек. Люминесценттiк шамдар қатарлана орналасу керек, олар қуаттары 36 немесе 40Вт болатын ЛБ және ЛХБ типтегi шамдар болады. ЛД және ЛДЦ типтi люминесценттiк шамдар қолдануға рұқсат етiлмейдi!
Сұр ЛПО13, ЛЕЮ31, ЛПО 33 001 және 006, ЛСО02, ЛСО04 типтегi күндiзгi шамдар сыртқы жағы жарқырамайтын, iшкi жағы металл болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет