Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Алгоритм және оның қасиеттері
|
Алгоритм орындаушысы
|
Алгоритм жазу жолдары және оның құрылымына байланысты түрлері
|
Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.
Амалдар тізбегі алгоритм болып аталуы үшін олардың орындаушыға түсініктілік, дискреттілік, дәл өрнектелу, нәтижелік және жалпылық қасиеттері бар болуы керек.
|
Алгоритм орындаушысы – көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина, құрылғы, жануар немесе адам.
Алгоритм орындаушысы формалды немесе формалды емес бола алады.
Алгоритм орындаушысын оның ортасы, бас тартулары және командалар жүйесі сипаттайды.
|
Алгоритмді табиғи тілде, алгоритмдік тілде, графикалық түрде немесе программалау тілінде жазуға болады.
Құрылымына байланысты алгоритмдер сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер болып бөлінеді.
|
Қорытынды:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Орындалуы соңында белгілі бір нәтижеге әкелетін әрекеттер тізбегінің атауы - ...
a.блок-схема b.алгоритм c.программа d.оператор
Алгоритмнің арнайы блоктар арқылы бейнеленуі ...... деп аталады.
a.блок-схема b.алгоритм c.программа d.оператор
3. Алгоритмнің әрбір қасиетіне сәйкес келетін сипаттамасымен тап.
Қасиеттер:
1. Нәтижелік 2.Дискреттілік 3.Түсініктілік 4.Жалпылық
Сипаттама:
Алгоритм әрқашан бірінен кейін бірі келетін үзік қадамдардан тұрады;
Алгоритм тек белгілі бір есептің шешімін табуға ғана арналмайды, ол белгілі бір класс есептерін шешуге арналады;
Алгоритм командаларын дәл орындаған жағдайда процесс шектеулі қадамдар санынан кейін тоқтап, белгілі бір нәтижеге алып келуі қажет;
Алгоритмді құрайтын командалардың барлығын орындаушы түсінуі керек.
4. Алгоритмің дәл, айқын өрнектелу қасиетінің мәні неде?
5. Алгоритмнің формалды және формалды емес орындаушысы деген не?
6. Алгоритмнің формалды орындалуының маңызы неде?
7. Алгоритм орындаушысын қандай параметрлер сипаттайды?
8. Команданың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болатын алгоритм атауы - ...
a.сызықтық b.циклдік c.тармақталған d.қосымша
9. Кейбір әрекеттері бірнеше рет қайталанатын алгоритм ..... деп аталады.
a.сызықтық b.циклдік c.тармақталған d.қосымша
Командаларды бірінен кейін бірін орындайтын алгоритм атауы - …
a.сызықтық b.циклдік c.тармақталған d.қосымша
“Иә” немесе “Жоқ” мәндерін қабылдайтын логикалық амал — ...
a.блок b.алгоритм c.программа d.шарт
Шарт блогы қай фигурамен бейнеленеді?
a.сопақша b.тіктөртбұрыш c.ромб d.параллелограм
Блок-схема арқылы берілген алгоритм түрін анықта.
a.Сызықтық b.циклдің
c.тармақталған толымды d.тармақталған толымсыз
Блок-схема арқылы көрсетілген алгоритм түрін анықтаңыз:
сызықтық
циклдік
тармақталған толымды
тармақталған толымсыз
Блок-схема арқылы көрсетілген алгоритм түрін анықтаңыз:
сызықтық
циклдік
тармақталған толымды
тармақталған толымсыз
Алгоритмнің күрделі тармақталуы деген не?
__________________________________________________________________
Арифметикалық және итерациялық циклдардың айырмашылығы неде?
__________________________________________________________________
18. Төменде көрсетілгендердің қайсысы орындаушы бола алмайды?
машина
шахтер
құс
үстел
ІІ деңгей тапсырмалары
Сызықтарды қолдану арқылы Күнді салу кезінде қате жіберілді. Алгоритмді қарай отырып, қай қадам қате екенін тап.
Алгоритм:
Керекті нәтиже:
2. X пен Y-тің қалай өзгеретінін суретке қарай отырып білуге болады. Өзгерістер қай алгоритм бойынша жүзеге асып жатқанын анықта.
Y = X * X – 9;
Y = 20 – 2X;
Y = 3X + 1;
Y = 5X – 9.
3. Алдыңғы есептің шарттарын пайдалана отырып, X пен Y-тің арасындағы байланысты көрсететін алгоритімнің блок-схемасын сыз.
4. Қайсысы алгоритм екенін анықтаңыз:
Кітап
Мағлұматнама
Инструкция
Энциклопедия
5. Қайсысы алгоритм екенін анықтаңыз:
лифтті қолдану ережелері
лифттің шығу жылы
лифтті өндіруші-зауыт
лифттің ведомстволық тиістілігі.
6. Алгоритм дегеніміз:
процессордың жұмыс істеу принципі
процессордың командалар жүйесі
процессорды басқару командаларының тізбегі
процессорлардың даму тарихы
7. .Компьютер формалды орындаушыға жатады ма? Неге?
8.Адам формалды орындаушы бола алады ма? Жауабыңды түсіндір.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Берілген қандай да бір санға екі амал ғана қолдануға болады:
2-ге көбейту
соңғы цифрды өшіру
Айталық, 56 санынан 112 және 5 сандарын алуға болады. 458 санынан қалай 14 санын алуға болады? Алгоритмді өзіңе ыңғайлы түрде жаз.
2. Алдыңғы есептің орындаушысының командалар жүйесін сипатта.
3. Жұмысқа қабылдау процесі конкурстық негізде жүргізіледі. Қабылдау шарты: адамның жасы 42-ден төмен болуы керек және жұмыс тәжірибесі 20 жылдан көп болуы керек.
Адамды жұмысқа алуға не алмауға болатынын анықтайтын алгоритм құрыңыз (блок-схема түрінде). Енгізілетін мәліметтер ретінде S - жұмыс тәжірибесі және V – адамның жасы деп белгілеңіз.
Келесі жағдайлар орындалатындай S пен V-ға мысал келтіріңіздер:
а) адам жұмысқа қабылданады, егер: S = …, V = … .
б) адам жұмысқа қабылданбайды, егер: S = …, V = … .
4. Көлемдері 8, 5 және 3 литр болатын үш ыдыс бар. Бірінші ыдысқа су құйылған. Берілген ыдыстарды қолдана отырып, ыдыстардың біреуінде 7 литр су болатындай алгоритмді құрастырып, график түрінде кескінде және алгоритмдік тілде жаз.
*Артық суды төгіп тастауға болады.
Топтық жұмыс.
Бақылау жұмысы кезінде топтық жұмыс орындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |