8
толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар
ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі
шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы
педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге
асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар
жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады» [2].
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім
беруді ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (2009 ж.
16 наурыздағы БҒМ №4-02-4/450 хаты) білім беруге ерекше қажеттіліктері
бар балалардың жалпы білім беру процесіне ішінара интеграциялануын
арнайы сыныптар жүзеге асырады [3]. Осы санаттағы оқушылар үшін арнайы
сыныптардың негізгі функциясы, олардың танымдық қабілеттері мен ерекше
қажеттіліктеріне сәйкес, тұрғылықты жерi бойынша өзінің білім алу құқығын
іске асыру болып табылады. Бұл жерде
ерекше қажеттіліктері бар
оқушыларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялауға, өз
баласының тәрбиесі мен дамуындағы отбасының рөлін арттыруға мүмкіндік
жасалады.
Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар
оқушылар үшін дамуындағы бұзылыс түріне қарай және оқу үдерісін
барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады:
естімейтін балаларға арналған - 8 адамнан артық емес;
нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған - 10
адамнан артық емес;
зағип балаларға арналған - 8 адамнан артық емес;
көзі нашар көретін және кейін келе көрмей қалған балаларға арналған –
12 адамнан аспайтын;
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған – 12 адамнан
аспайтын;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған – 12 адамнан
аспайтын;
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған – 12 адамнан артық
емес;
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 12 адамнан артық
емес;
орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 6 адамнан артық
емес [2].
Орта мектептерде бұзылыс түрі бойынша білім беруге ерекше
қажеттіліктері бар оқушыларға арналған
арнайы сыныптар ашу туралы
шешімді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Арнайы сыныпқа баланы қабылдау ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша
өтінішімен және оқыту бағдарламасы көрсетілген психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде
білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
9
Арнайы сыныптар қажетті жағдай жасалғанда (материалдық, кадрмен қамту,
оқу-әдістемелік) ашылады.
Арнайы сыныптардағы оқу процесі, есту қабілеті, көру, сөйлеу, тірек-
қозғалыс
аппаратының бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген білім
алушылар үшін ҚР МЖБС талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының мазмұны бойынша жалпы білім беру нәтижелеріне қол
жеткізу үшін, ал жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар
үшін қолжетімді білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін, МЖМБС
талаптарынсыз қоғамдағы жеке және тәуелсіз
өмір салтын қалыптастыруға
қажетті бастапқы кәсіби-еңбек дағдыларын меңгерту арқылы жүзеге
асырылады.
Білім беру мерзімі арнайы сынып жағдайында бастауыш деңгейінде,
нөлдік сыныпты енгізу арқылы 1 жылға ұзартылды және оқу-танымдық
әрекеттердің баяу қарқынын ескере отырып, сонымен бірге түзете-дамыту
және оңалту шараларын іске асыру мақсатында негізгі орта білім беру
сатысына 10 сыныпты енгізу есебінен 1 жылға ұзартылды.
Достарыңызбен бөлісу: