Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері



бет6/61
Дата09.03.2022
өлшемі0,84 Mb.
#134725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
веб 2 апта

Электрондық ресурстар


Зерттеулер көбінесе кең жоспардағы технологиясын зерттеуден бастау алады.
Зерттеу технологиясын меңгерген бойда келесi қадамның жеке технологияларға маманданған кiтапханалар мен деректер қорын пайдалануға бағытталатынын ұғасыз. Назарларыңызға негізгі іздеу шеңберінен арылуға көмектесетін әр түрлі деректер қорын ұсынып отырмыз.
G oogleScholar - Ғылыми мақалалардың толық мәтінін барлық түрі мен пәндерді индекстейтін еркін қолжетімді іздеу жүйесі. Google Scholar тұтынушыларға мақалалардың онлайн немесе кітапханада болсын цифрлы және физикалық көшірмесін іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Іздестіру «Ғылыми» нәтижесі журнал мақалаларының толықмәтіні, техникалық есептер, диссертациялар, кітаптар мен басқа да құжаттар, сонымен қатар «ғылыми» болып табылатын веб-парақшалар сілтемелерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.


H arzing's Publish or Perish - академиялық дәйексөздерді алу мен талдау бағдарламасы. Кейбір зерттеулерді жүргізе келе, аталмыш мәтіннің бар болуы немесе авторлардың дәйексөз жазғанын тексеруге өте ыңғайлы. Егер сізде Harzing's Publish or Perish жұмыс істейтін Интернет-жалғау бар болса, мұндай мәліметтерге тіпті секунд ішінде қол жеткізуге болады. Мәліметтерді алуда бұл бағдарлама Google Scholar сауалдарын пайдаланады. Егер сіз автордың есімін қолдана отырып, нақты бір сөз бен сөйлемдер тобына іздестіруді жүргізсеңіз, дәйексөздердің жалпы саны мен мәтіндері жайлы Harzing's Publish or Perish құжат нөмірін есептеуі мүмкін. Сол кезде сіз талдаудың төрт түрін орындауыңыз шарт.
А вторлардың жалпы сілтемелер санын іздеуге мүмкіндік беретін Google әмбебап гаджеті. Ол Хорхе Хирша ( h-индекс) индексі бар мақалалар дәйексөздерінің жалпы санын көрсететін және жалпы дәйексөздермен қамтамасыз етеді. Орнату. Нұсқауды оқу немесе мынаны басу арқылы iGoogle-ге қосу:   
M icrosoft Academic Search (MAS) кеңейтілген әрі ыңғайлы іздеу тетігі бар, MicrosoftResearch тарапынан жасалған академиялық еркін іздеу жүйесі болып табылады.
S CIRUS - әмбебап ғылыми іздеу жүйесі. АҚШ, Еуроодақ, Жапон және ДЗМҰ қатысушы-елдердің (LexisNexis жүйесінің ресурстарын қолдана отырып) 13 миллион патенттері көптеген ірі шетелдік баспа журналдарының (17 миллионға жуық) мақалалар бойынша толықмәтінді іздеуді жүзеге асырады. Барлығы 105 миллионнан астам индекстелген беттер мәлім болды. Толық қолжетімділік режімдегі ELSEVIER SCIENCE (Elsevier, Pergamon и North-Holland) баспаларының журналдарына толықмәтінді қолжетімділікке ие болуға мүмкіндік беретін SCIRUS ScienceDirect-пен интегралданған.
C iteSeerX - компьютерлік және ақпараттық ғылымдарға айрықша екпін берілген іздеу жүйесі мен сандық кітапхана. Ол 750 000-нан астам құжаттарды индекстейді. Мұнымен қоса, ресурс міндеттерінің бірі – ғылыми зерттеулерді жүргізуде сапасын арттыру болып табылады.
И нтернет-мұрағат фильмдер мен музыкаларға, кітаптарға, сондай-ақ, 150 миллиардқа жуық веб-беттер мұрағатына жалпылай тегін қолжетімділік ұсынатын коммерциялық емес сандық кітапхана болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет