195
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыздың тыйған
тартыс мәселесі тағдырдың
осы екінші түріне байланысты болуы мүмкін.
2. Адам баласы жалпы тағдырды толық әрі дәл
түсіне алмайды. Өйткені тағдыр тақырыбы –
өте қиын
әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір мұсылман тағдырға
байланысты мәселелерді дін мамандарынан сұрап, осы
тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне
алғанынша түсініп, ал түсінбей
ақыл жеткізе алмаған
мәселелерін Алланың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсы-
рып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені жөн. Алла ең
дұрысын біледі.