161
ИМАНИ ГҮЛ
деген шынайы сенім. Жалпы
әлемдегі істелініп жатқан
зұлымдыққа, бейкүнә жандардың бостан-босқа төгілген
қанына, әділетсіздікке, барлық жаманшылық атаулыға
«Жетер енді, тоқта!»
деп, тосқауыл бола алатын
жалғыз күш – қайта тірілуге деген осы сенім.
Өйткені
бұл сенім әр тұлғаның ар-ұжданында, жүрегінде әрбір
ісін қадағалап тұратын ең әділ күзетші іспетті. Ақиқат
тек күште деп саналатын және әділетсіздікке,
ұрлық-
қарлыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа толы қазіргі мына
дүниеде бұл сенімнің қаншалықты қажет екені айтпаса
да түсінікті. Қазақ атамның
«Құдайдан қорықпағаннан
қорық»
деуі де бекер емес.
2. Ақыретке кәміл сенген адам ешқашан өлімнен
қорықпайды. Өлім – ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке
айналып, мәңгілікке көз жұму емес. Керісінше, екінші бір
мәңгілік өмірге көшу, жалған дүниеден бақи негізгі дүние-
ге қоныс аудару. Өлім құбылысы – ақырет сенімін толық
қабылдаған адам үшін
мәңгілік өмірдің, шексіз бақыт-
тың басы болмақ. Кезіндегі ең күшті мемлекеттердің бірі
Иранды жеңіп, тізе бүктірген Сағд ибн Әби Уаққас өзінің
жетістігінің себебін былай деп түсіндіреді:
«Мұсылман
әскерлер шейіт болып, мәңгілік бақытқа қауышу үшін
ешнәрседен қорықпастан өлімге жүгіреді. Ал жаудың
әскерлері болса, керісінше, өлімнен қашып, әрбір қадамын
өлімге деген үреймен басады»
.
Иә, ақыретке сенбеген адам үшін өлімнен
қорқынышты еш нәрсе жоқ. Өйткені олар үшін өлім –
жоқ болып, тіршілік бетінен мәңгілікке өшу деген сөз.
Мұндай
жандар өлімді ойлап кетсе, ұйқылары қашып,
өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Әсіресе, өмірлерінің
соңына таяп қалған ақыретке сенімі жоқ қарттар мен
айықпас ауруға шалдыққан жандар үшін өлім өте
қорқынышты. Қалған аз ғана өмірлері де олар үшін