Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Экономикалық әлеуметтанудың объектісі



бет23/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Экономикалық әлеуметтанудың объектісі - қоғамның экономикалық саласы.
Экономикалық әлеуметтану пәні:

  1. Әлеуметтік құрылымның элементтері ретіндегі экономиканың әлеуметтік қатынастары, байланыстары мен құрылымы;

  2. Қоғам мүшелерінің экономикалық әрекеттері мен экономикалық мінез-құлқы.

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтауға болады:

  • Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

  • Ашық экономика - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Меншік қатынастарының формалары бойынша:

  • Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

Дәстүрлі экономикалық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді;
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде;
3. Техникалық прогресс шектеулі;
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады;
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі;
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

  • Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы Шығыс Еуропа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы. Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы. Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады:
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік;
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау;
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі;
4. Орталықталынған ресурстар қоры;
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

  • Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады. Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін рөлі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықтық экономикаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы;
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару;
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді.

  • Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшеліктеріне:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттің ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

  • Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

  • Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделеді.

  • Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

  • Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

21.Дін және қоғам. дін институтына әлеуметтанулық талдау жасаңыздар.


Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді.Дін әлеуметтануы Еуропада бұдан 50 жыл бұрын, кейіннен АҚШ-та пайда болған діни әлеуметтанудан ерекшеленеді. Теологтар әлеуметтанулық зерттеулерді дінді тарату үшін қолданылады.
Діни функциялардың қоғаммен, оның ішінде әлеуметпен арадағы қарым-қатынастарын тарихи үдеріссіз, әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерсіз бөлектеп қарауға болмайды. Өйткені, дін кез-келген мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастап, қалыптасу кезеңдерінде, даму үде­рістерінде, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етумен қатар, діндер арасында немесе қандай да бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікті бұзып, тұрақтылықтан ауытқытып жіберу мүм­кіншілігі де жоқ емес Діни әлеуметтану бірінші орынға дінді қояды,ол ғылымды дінге бағындырады. Дін әлеуметттануы обьективті. Ол – тек ғылым. Екі әлеуметтанудың арасында терең айырма бар. Дін әлеуметтануы сонымен бірге іске атеистік тұрғыдан келуді қатаң білдіруге тиіс емес.
Социолог ғылыми әдістерді пайдаланады: сұрау жүргізу, статистикалық талдау, бақылау, эксперимент, жазбаша деректер мен құжаттарды талдау, т.б. Сұрау жүргізу интервью немесе анкета толтыру түрінде жүргізіледі. Бақылау бағдарламаға сәйкес стандантты болады және оған зерттеуші өзі бақылайтын адамдарының арасында өмір сүрген кезең енгізіледі. Жаңа діни қозғалыстарды осылай зерттейді. Мұндай байқаулар көбінесе, құпия, жасырын болады.
Дін әлеуметттануы 1850 жылдары пайда болды. Бұл ғылымның пайда болуын ХVIII-ғасырдағы француз ағартушылары ( Гельвеций, Гольбах, Дидро), сол сияқты неміс философы Кант үлкен ықпал еті. Ол діннің ақыл-ойға негізделуін жақтап, соған шақырды. Дін әлеуметтануының қалыптасуында француз философы Огюст Конттың (1798-1857)орны ерекше. Конт қоғамды зерттеуде жаратылыс тану ғалымдарының әдістерін қолдана отырып, әлеуметтануды құруға( жасауға) болады деп дағдарыстарды жеңгісі келді. Оның әлеуметтік динамика туралы ілім дін тарихының терминдерін қолданады. Әрі қарай дінге жаңа баппен келуді Г.Спенсер, Э. Дрюкгейм, М.Вебер, т.б. дамытты.
22. Білім жүйесіне әлеуметтік институт ретінде талдау жасаңыздар. Білім беру институтының қызметтерін, құрылымын және қоғамдық маңызын анықтап көрсетіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет