Сырлытамкесенесі – сәулет өнері ескерткіші. ХІІ-ХІІІ ғасырларда салынған. Тағай ауылының солтүстік-шығысынан 16 км жерде орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1962 жылы Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов), 1971 және 1976 жылдары Қазақ КСР Мәдениет Министрінің экспедициясы жүргізген. Сырлытам кесенесі порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Күйдірілген кірпіштен қаланған, ауданы 10 х 11 м, бүлінгеннен кейінгі биіктігі - 9 м. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.