Ќызылорда облысындаєы


Көшен – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау. Күмісқорған



бет134/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   203
Көшен – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Күмісқорған – қоқандықтар қорғаны. Қоқандықтар мен Хиуалықтар шекарасында 1818 жылы салынған. Күмісқорған қалдығы Сырдария (Тереңөзек) ауданының Ақжарма мен Шаған ауылының шекарасында «Шіркейлі» каналының жағасында сақталған.
Қорғанның Күмісқорған аталуы туралы түрлі аңыз-әңгімелерде сақталған. Соның бірі – зорлықпен келген Күміс атты қазақ қызының қазақ ауылдарына астыртын көмектесуіне байланысты сол қыздың есімімен аталған деседі.
Кілемжайғанұсақ көлдер аты, ежелгі қоныс орны. Аудандағы Қараөзек ауылына жақын жерде, Қызылжарма (11-темір жол айырмасы) ауылының солтүстік-шығысында орналасқан. Романовтар патшалығының 300 жылдығында Перовский шаңырағын патша әулеті қонаққа қоңыраулы күймемен саяхаттап келе жатып, осы Кілемжайған жеріне тоқтаған. Жергілікті болыс, билер көл жағасына 300 кілем жайып, 3-4 қатар ақ үй тігіп, патша әулетін қонақ еткен. Сол жер кейін Кілемжайған аталған.
Қабылкөл – темір жол бекеті. Жалағаш кентінен шығысқа қарай 16 км жерде. «Қабылдың көлі» деген мағынадағы атау.
Қазансынған – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Жаңадария өзенінің аңғарында. Құдық басында болған белгілі бір оқиғаға байланысты қойылған атау.
Қазымбеткөл – көл. Дариялық Тақыр жазығының оңтүстік-батысында, Қараөзек тарамының бойында. «Қазымбеттің көлі» мәніндегі атау.
Қалғандария – елді мекен. Қалғандария атауының мағынасы: «Сырдария өзенінің бөлініп қалған тармағы, бөлігі», сол себептен Қалғансу, Қалғандария деп аталса керек.
Қалжан ахун – ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы. Тереңөзек кентінен оңтүстік-батысқа қарай 37 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, сарсазан, қарабарақ, бұйырғын, баялыш, т.б. сораң шөптесін өскен қуаң шөлді белдемде орналасқан. 1967-97 жылдары күріш өсіретін Ильич атындағы кеңшардың орталығы болып келді. 1997 жылдан бастап Мәлібаев атындағы кеңшардан бөлініп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет