Тораңғылытүпкен – қоныс. Арысқұмның шығыс бөлігінде.
Төбеқорған – төбе. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Абс. биіктігі – 142 м.
Тұщықұдық – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Тереңдігі – 15 м, шығымы – 450 л/с.
Шаған – ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы, Қызылорда облысындағы ең ірі елді мекендер қатарына жатады. Ауыл облыс орталығынан 60 шақырым, аудан орталығынан 20 шақырым және темір жолдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Іргесі 1928 жылы қаланған. 1937 жылы «Контонская коммуна», 1939 жылы К.Маркс ұжымшары болып құрылды. 1950 жылы «Красная Заря» ұжымшары аталды және оған 1958 жылы Жамбыл мен Ворошилов атындағы ұжымшарлар қосылды. 1961-96 жылдары күріш өсіретін «Тереңөзек» кеңшарының орталығы болған. Жерінің көлемі 24 279 га, оның ішінде елді мекен жері – 326 га. Моңғолдың чагаан – «ақ» мәніндегі сөзі екенін, ал оның қазақ тіліндегі шаңқан – «аппақ», «ақ түс» мәні де бар екені де белгілі.