Ќызылорда облысындаєы


Жеңістің 50 жылдығына арналып қойылған ескерткіш



бет182/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   203
Жеңістің 50 жылдығына арналып қойылған ескерткіш – 1995 жылы кент орталығында ашылған. Көлемі – 60 х 70 метр жерге орналасқан. Пішіні жарты ай сияқты, биіктігі – 3,5 м, ортасында үш солдат мүсіні бар. Ескерткіш жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі.
Жиделі - өзен. Жаңақорған ауданы жерімен ағады. Бастауын Қаратаудың солтүстік батысындағы Ранг асуы тұсынан алып, тар шатқалдармен ағып, Жайылма ауылы тұсында жерге сіңіп кетеді. Өзенде су жылдың көктем айларында (сәуір, мамыр) жауын-шашын, қар суларымен толысады. Осы кезде өзен әжептәуір арна жасап, жыраларды қазып ағады. Оның төменгі ағысында шағын Жайылма бөгені салынған. Ол қыстағы қар суы мен көктемгі жауын суларын бөген бойына жинап, жазғы егістікке пайдаланылады. Жиделі өзенінің төменгі ағысында Жайылма ауылының шаруашылық жерлері суғарылады. Қаратау биіктерінен пайда болған табиғи таза бұлақ көздерінің суынан үлкен аңғарларға айналып және аңғарларында жиде ағаштары болғандықтан Жиделі өзені аталған
Жиделі – су қоймасы. Жайылма ауылдық округі елді мекенінен 22 шақырым қашықтықта, Қаратау беткейінде орналасқан. 1982 жылы пайдалануға берілді. Сыйымдылығы – 9 млн. текше метр. Жиделі өзені аталған өзен суымен толығатындықтан «Жиделі» су қоймасы деп аталған. «Жиделі» су қоймасы ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлерін таза аяқ сумен қамтамасыз етіп, ауылдың көркеюіне септігін тигізсе, екіншіден, шаруашылықтар бойынша жылма-жыл егілетін 600 гектар көкөніс-бақша дақылдарының сапалы өнім беруіне себепкер болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет