Ақбауыр – қыстау. Арал теңізінің солтүстігінде.
Ақберген – қыстау. Баршақұмның оңтүстік–батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Ақбике – жер атауы. Бөген аулының солтүстік бетінде, қазір ел қоныстанбайтын құм төбе. Онда ілгеріде Нұрбай байдың бәйбішесі Ақбике жылқы шаруашылығын басқарып отырған. Сол себепті бұл төбе Ақбике деп аталады.
Ақбөгет– көл. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 66 шақырым жерде, Сырдария өзенінің аңғарында.
Ақеспе – ауыл. Арал қаласынан батысқа қарай 88,5 шақырым жерде, Арал теңізінің аңғарында. «Жағасының топырағы ақ, жазда құрғап қалатын өзен маңындағы ауыл» болғандықтан берілген атау болса керек.