Ќызылорда облысындаєы


Қалтөбе – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзенінің аңғарында. «Беткейінде ойдым-ойдым таңдақ жері бар төбе» мәніндегі атау. Қандыөзек



бет80/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   203
Қалтөбе артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзенінің аңғарында. «Беткейінде ойдым-ойдым таңдақ жері бар төбе» мәніндегі атау.
Қандыөзек – көл. Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде.
Қаншықкөл – сор. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде.
Қапшық – төбе. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 71 м. Ұқсастыру жолымен қойылған атау.
Қарабайбұлақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатының оңтүстігінде, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Қарабайдың бұлағы» мәніндегі атау.
Қарадүзген – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Өсімдік атынан қойылған атау.
Қаракөз – көл. Сырдария алабында, Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде. Әйел кісі есімінен қойылған атау.
Қарақуыс темір жол бекеті, ауыл. Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. «Қара сай» мағынасындағы атау.
Қарақыз – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Тереңдігі – 10 м, шығымы – 210 л/с. Ру атынан қойылған атау.
Қараманәуіт – бөген. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Су жинайтын шұңқыр» мағынасындағы атау.
Қарамолда – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Қаратазқұдық – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.
Қаратамақ – сор. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде. «Қара аңғар» мағынасындағы атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет