Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалтумен сүйемелдеу



Pdf көрінісі
бет22/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім
Инклюзивті-білім, tebenova-arnaiy-psih, 8 SQL тілінің компоненттері, annotation169253, Эпилепсияның жалпы клиникалық-психологиялық ерекшеліктері
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалтумен сүйемелдеу. 

 

Мүгедектерді 

әлеуметтік 

қолдау және қорғау

оларға экономикалық

саяси және өзге  құқығы мен  бостандықтарды  тең  іске  асыру  мүмкіндіктерін 

қамтамасыз  ету  Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен,  сондай-ақ 

қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен кепілденген. 

Мүгедектердiң  әлеуметтiк  қорғау саласындағы қоғамдық  қатынастарды 

реттейдi және мүгедектердi  әлеуметтiк  қорғауды  қамтамасыз  етудiң,  олардың 

тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың 

құқықтық,  экономикалық және ұйымдастырушылық  шарттарын  айқындаушы 

заң  «Қазақстан  Республикасында  мүгедектердi  әлеуметтiк  қорғау туралы» 

ҚР 2005 жылғы 13 сәуiрдегi № 39-III Заңы болып табылады. 

Мүгедектер  мемлекеттік  тапсырыс  қаражаты  есебінен  медициналық, 

әлеуметтік және кәсіптік  оңалту  курстарынан  өтеді,  арнаулы  қозғалыс 

құралдарымен, 

санаторлық-курорттық 

емделумен, 

сурдотехникалық, 

тифлотехникалық және басқа оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі. 

Мүгедектерге  мемлекеттік  бюджеттен  кепілденген жәрдемақылармен  бірге 

мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау элементтерінің  бірі  организмді  қалпына 

келтіру және бұзылған немесе  жоғалтқан қызметін  қалыптастыруға,  өзіне-өзі 

қызмет көрсетуге,кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне бағытталған медициналық, 

психологиялық,  педагогикалық,  әлеуметтік-экономикалық  іс-шаралар  кешенін 

ұсынушы оңалту болып табылады. 

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек

мүгедек  балаларды  тәрбиелеу және оқыту  жалпы  немесе  арнаулы  мектепке 

дейінгі 


ұйымдарда және басқа оқу мекемлерінде жүзеге 

асыру 


мүмкін 

болмағанда, 

психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультативтік 



29 

 

қорытынды  негізінде  тағайындалады.  Әлеуметтік  көмек  мөлшері  тоқсанға 6,5 



АЕК құрайды. 

Қазіргі  уақытта  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу  орындарында 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  кадрлық  даярлау  жеңіл  мамандықтар 

бойынша  жүргізіледі:  «әрлеу  құрылыс  жұмыстарының  шебері»;  «сылақшы–

майлаушы»,  «ағаш  ұстасы»,  «ауылшаруашылық  техникасының  темір  ұстасы–

жөндеушісі»,  «автомеханик»,  «аспазшы»,  «тігін  өндірісі  және  киімді 

модельдеу», «аяқ-киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы мен бағдарламалық 

қамсыздандыру»,  «тамақтануды  ұйымдастыру»,  «емдеу  ісі»,  «аударма  ісі»,  «іс 

қағаздары және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйе» және 

т.б.  І,  II  топтардағы  мүгедектер,  бала  кезінен  мүгедектер,  мүгедек  балалар 

арасынан  шыққан  азаматтарды  қолдау  мақсатында  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2012  жылғы  27  қаңтардағы  №  296  қаулысына  сәйкес  жоғары  оқу 

орындарына қабылдау кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 

1  пайыз  көлемінде  қабылдау  квотасы  қарастырылған.  Бұрын  бұл  квота  0,5 

пайызды құрайтын. 

2012-2013  оқу  жылында  273  мүгедекке,  оның  ішінде  белгіленген  квота 

шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды. 

Соңғы үш жылда 713 мүгедекке гранттар тағайындалды. Осыған қоса, 2008 

жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес көзі нашар көретін мүгедектер мен 

құлағы  кеміс  мүгедектер,  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 

қалған  және  азаматтардың  қорғаншылығындағы  (қамқорлығында-ғы)  балалар 

ұлғайтылған (+75 пайыз) мемлекеттік стипендия алады. 

Сондай-ақ,  мүгедектер  білім  алып  жатқан  жоғары  оқу  орындарында 

олардың  еркін  кіруі  үшін  (пандус)  жағдай  жасалады,  арнайы  оқу  құралдары 

пайдаланылады. 

Қазақстан  Республикасының  Елбасы  өз  жолдауында  әлеуметтік 

мәселелерге  көп  көңіл  бөлді.  2011-2012  жылдары  Қазақстан  Республикасының 

білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру 

үдерісінің  барлық  қатысушыларын  жақсы  білім  беру  қорлары  мен 

технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр. 

Мемлекеттік  саясаттың  басты  міндеттерінің  бірі  –  мүмкіндіктері  шектеулі 

балалардың  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  білім  алу 

құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады. 

Білім  беру  саласындағы  халықаралық  құжаттар  негізінде  құрылған 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  мүмкіндігі  шектеулі  баланың 

білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. 

Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  білім  алу  құқығына  кепілдіктер  Қазақстан 

Республикасының Ата Заңы – Конституциясында, «Қазақстан Республикасында 

бала  құқықтары»,  «Білім»,  «Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді 

әлеуметтік  қорғау»,  «Арнай  әлеуметтік  қызметтер»,  «Мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды  әлеуметтік  –  медициналық  –  педагогикалық  және  психологиялық 

түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген. 




30 

 

Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың 



басты  мақсаты  ретінде  оның  дене  және  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере 

отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған. 

Қазіргі  уақытта  ортамызда  болып  жатқан  әлеуметтік  жанұя  мәселелері, 

экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық 

аурулары  бар,  кемтар  болып  туылатын  нәрестелердің  саны  жыл  сайын  өсіп 

отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар  аз емес. Мектепте және 

үйде  де  ондай  балалар  жеке  ықпал  жасауды  қажет  етеді.  Ол  үшін  баланың 

психологиялық  қажеттіліктерін,  оқу  үлгерімін  зерттеп,  психологиялық  түзету 

жұмыстарын ұйымдастыру керек. 

Келісімшартпен  бекітілген  нормаларды  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғауға 

байланысты  қазақстандық  заңнамада  бар  нормалармен  салыстыра  отырып,  ең 

алдымен мүгедектік мәселесіне тұжырымдамалық жағынан келуге назар аудару 

керек.  Келісімшартта  мүгедектердің  кемшіліктеріне  баса  назар  аударылмайды, 

керісінше,  мүгедектік  мәселесі  барлығын  жаппай  қамти  алатын  және  дербес 

әртүрлілікті қабылдай алатын қоғам дерті болып саналады. Адам құқығы туралы 

(ары  қарай  –  Нұсқаулық)  БҰҰ  Жоғарғы  комиссарының  Басқармасымен  2010 

жылы  жарияланған  «Адам  құқығы  туралы  Келісімшарттың  жүзеге  асуын 

бақылау»  атты  адам  құқығы  саласындағы  бақылаушыларға  арналған 

нұсқаулықта  көрсетілгендей,  Келісімшарт  мүгедектікті  болдырмау  емес,  ең 

алдымен, мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті болдырмауға бағытталған. 

Қазақстанның мемлекеттік саясаты мүгедектерге қатысты көбіне мүмкіндігі 

шектеулі  жандардың  олқылықтарына  және  оларды  қоғамға  біріктіру 

қажеттіліктеріне негізделген. 

Мүгедектігі  бар  адамдардың  заңды  мүддесі  мен  құқықтарын  қорғау 

саласында  негізгі  нормативті-құқықтық  акт  (НҚА)  «Мүгедектерді  әлеуметтік 

қорғау  туралы»  (ары  қарай  –Заң)  2005  жылдың  13  сәуіріндегі  №39  ҚР  Заңы 

болып  табылады.  Ол  Қазақстандағы  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау 

саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды, олар: 

мүгедектіктің  алдын  алу,  әлеуметтік  қорғау,  сонымен  бірге  мүгедектерді 

сауықтыру; мүгедектерді қоғамға тарту. 

«Мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»  заңда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет