Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



Pdf көрінісі
бет23/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім
Инклюзивті-білім, tebenova-arnaiy-psih, 8 SQL тілінің компоненттері, annotation169253, Эпилепсияның жалпы клиникалық-психологиялық ерекшеліктері
мүгедектік

 

4  ағза 


қызметінің  қатты  бұзылуы  салдарынан  адам  өмірінің  шектеулі  сатысы  ретінде 

қарастырылады. 

Заң 

мүгедекті

  «өмір  сүруді  шектеуге  дейін  әкелетін  және  әлеуметтік 

қорғауды қажет ететін аурулар, жарақаттар, олардан келген зияндар, кемістіктер 

салдарынан  ағза  қызметінің  қатты  бұзылуынан  денсаулығында  ауытқушылық 

болған тұлға» ретінде қарастырады. 

Келісімшартқа  сәйкес,  мүгедектерге  «түрлі  кедергілермен  өзара  әрекет 

жасау  кезінде  олардың  басқалармен  тең  дәрежеде  қоғам  өміріне  толық  және 

тиімді араласуына кедергі келтіретін физикалық, психикалық, интеллектуалдық 

немесе  сенсорлық  ауытқушылықтары  бар  тұлғалар»  жатады.  Келісімшартта 

және  мүгедектер  құқығын  қорғау  бойынша  ҚР  негізгі  заңында  «мүгедек»  және 




31 

 

«мүгедектік» 



деген 

анықтамалардың 

айырмасы 

жоғарыда 

айтылған 

мүгедектердің қабылдауы мен мүгедектікке деген қатынасты көрсетеді. 

«Мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»  заң  2002  жылдың  8  тамызынан 

№345 «Балалар құқығы туралы» ҚР Заңында бекітілген «мүгедек бала» түсінігін 

де  анықтап  береді.  Екі  НҚА-ге  сәйкес,  «өмір  сүруді  шектеуге  дейін  әкелетін 

және  әлеуметтік  қорғауды  қажет  ететін  аурулар,  жарақаттар,  олардан  келген 

зияндар,  кемістіктер  салдарынан  ағза  қызметінің  қатты  бұзылуынан 

денсаулығында ауытқушылық болған он сегіз жасқа дейінгі тұлға» мүгедек бала 

болып  саналады.  2002  жылдың  11  шілдесінен  №343  «Мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  демеу  туралы» 

Заңының  1  бабының  2  тармақшасы  «он  сегіз  жасқа  дейінгі  физикалық  және 

(немесе) 

психикалық 

ауытқушылықтары 

бар, 

туыла 


салысымен, 

тұқымқуалаушылық  әсерінен,  аурулардың  немесе  түрлі  жарақаттардың 

салдарынан болған белгілі бір тәртіпте анықталған өмір сүру қабілеті шектелген 

бала (балалар) «мүмкіндігі шектеулі бала (балалар)» түсінігін енгізді. Заңнамаға 

сәйкес  «мүгедек  бала»  және  «мүмкіндігі  шектеулі  бала»  терминдеріне  шек 

қойылмаған  (ҚР  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»,  2008  ҚР  Заңына 

сараптамалық анықтама). 

ҚР  «Мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»  Заңының  13  бабына  сәйкес 

мүгедектік тобы он алты жаста бекітіледі. 

Сонымен  бірге  Келісімшартқа  сәйкес  мүгедектігі  бар  адамдарға  қатысты 

«мүгедектер»  және  «мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар»  терминдерінің 

мағыналары әртүрлі. 

Төменде  көрсетілген  кестеде  аталған  келісімнің  3  бабында  бекітілген 

мүгедектер  құқығы  туралы  БҰҰ  Келісімшартының  және  «Мүгедектерді 

әлеуметтік  қорғау  туралы»  ҚР  Заңының  2  бабында  бекітілген  мүгедектерді 

әлеуметтік  қорғау  саласында  Қазақстанның  мемлекеттік  саясатының  негізгі 

ұстанымдары  көрсетілген.  Келісімшарт  негізінде  жатқан  ережелердің 

қалыптасуына  мүгедектік  мәселесін  құқық  қорғау  мәселесі  ретінде  түсіне 

жатқанын  айта  кету  керек.  Шолу  авторларының  пікірі  бойынша  екі  жақты 

құқықтық  жақтардың  негізгі  ұстанымы 



кемсітпеушілік

 

немесе  кемсітушілікке 

тиым салу болып табылады. 

Теңдік  пен  кемсітпеушілікке  Келісімшартта  жеке  бап  берілген  –5  бап. 

Аталған  баптың  мүгедектік  бойынша  кемсітушілікке  тиым  салу  ғана  емес,  кез 

келген  жағдайда  кемсітушіліктен  теңдей  және  тиімді  құқықтық  қорғауға 

мүгедектерге  кепілдік  беретінін  айта  кеткен  жөн.  Сонымен  қатар  қазақстандық 

заңнамада  ол  аясы  тар  түсінікте  бекітілген  - 



мүгедектік

 

белгілері

 

бойынша



 

кемсітушілікке

 

тиым

 

салу

 

ұстанымы  ретінде  қарастырылады.  Мүмкіндіктері 

шектеулі  адамдар  жағдайын  анықтайтын  маңызды  деңгейде  осы  ұстанымның 

айырмашылығы кестенің астыңғы жағында қарастырылған. 

 

 

 




32 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет