Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет19/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Кілемнің шет суларын жүргізу әдісін түсіндір.

  2. Қақпаларды қайталап түсіру қалай жүзеге асады?

  3. Ала-құртты не үшін жүргізеді?

  4. Шашақ түйіндерді түю қалай орындалады?

  5. Ілгіштер қалай дайындалады?



Дәріс №13. Тақырыбы: Гобелен тоқу технологиясы.
Мақсаты: Гобелен тоқудың әдіс-тәсілдерін меңгеру
Дәрісті өткізу түрі: Миға шабу.
Тірек ұғымдар: «Гобелен», «желі жіп», «түр жіп», «арқау», «шатыс», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Гобелен сөзінің мән-мағанасын түсіндіру.

  2. Гобеленнің тоқылу ерекшелігі.

  3. Гобелен тоқу шеберлерімен таныстыру.

Әдебиеттер
1. Райымқұлова А.Д. Түксіз кілем тоқудың әдістемесі. Әдістемелік құрал. Алматы.2007.-152 б.
2. Қасенова Қ., Шкляева Кілем мен тұскілем тоқып үйренеміз. Қолөнершілерге арналған оқу құралы. С.-Алматы, 2009.-112 б.
3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері, Алматы:1989.

Гобелен суретті, түксіз, түкті қабырғаға ілінетін және төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен кілемі сәндік бұйым да. Оны қазіргі кезде тәжірибелі шеберлер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелендегі композиция өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Белгілі тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемнен айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде. Гобелен тоқымасы көркем шығармашылық туындыға жатады, ал көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ойсанамыз бен түйсік сезімізге тікелей әсер береді.


Қазақ сәндiк қолданбалы өнерiнде гобелен тоқу 1970 жылдардан бастап қалыптаса бастады. Әйтсе де, бiр қырынан алып қарағанда ол жаңа өнер болса, екiншi жағынан өзiмiзге ата-бабаларымыздан белгiлi болып келе жатқан өте жақын әрi таныс өнер деп айта аламыз. ¤йткенi, гобелен тоқу өнерi ертеден келе жатқан ұлттық кәсiбiмiз алаша, кiлем тоқу өнерiмен ұқсас, әрi қолданылуы да бiр болып келедi. Кәсiптiк қолданбалы өнер саласында бойына ұлттық дәстүр мен соңғы техникалық стильдiк жаңалықтарды бiрдей тоғыстырған гобелен жетекшi роль атқарды.
Тоқыма өнері Ежелгі Египет, Греция, Парсы, Скифте дамытылып, орта ғасырларда өнер саласында үлкен бір орынға ие болды. Тоқылған гобелендер мен кілем түрлері рыцарлар сарайының көркіне айналды.
Қаіргі кезде кеңінен қолданылатын «Гобелен» сөзі Францияда XVII ғасырда пайда болған. Ол Гобеленовтер жанұясының фамилиясы болып, кейіннен фабрикалар мен тоқыма өнеріне байланысты орындар осылай атала бастады. XVII ғасырда Людовик 17-ші тоқыма шеберханасын сатып алып, кейіннен осы шеберхана негізінде «Патшалық Гобелен мануфактурасын» ашады.
Қазіргі кезде аса талғампаздық пен өсемдік туындысы гобелен жедел дамып, көп сұранысқа ие болды. Балтық жағалауындағы елдерде Литва және Латвиядағы арнайы Гобелен суретшілері мектебінің ашылуы бұған дәлел бола алады. Европа елдерінің гобеленге қызығуының артуы бұл өнер саласының әрі қарай қарқынды дамуына алып келеді.
Гобеленнің 50-ші жылдардағы көрінісі барынша функционалды және геометриялық тұрде жылылық пен жайлылықберіп, бір жакты тұрмыс өтеу аясына қарағанда, барды ұқсата білуде әсемдік пен талғампаздық туындысы ретінде көрінетін. Міне гобелен — кілем, алаша, текемет басқұрдан және басқа өнер туындыларына қарағанда осындай қасиеттерімен ерекшеленетін.
Шеберлік, фактура, материалдық түстің қанықтығы, гобеленнің интерьерле өте күшті эмоционалды екпінін көрсетеді. Гобелен орта ғасырларда рыцарлар сарйындағы суықтық орнына жылылық әкелсе, қазіргі заманғы интерьерде көркемдік мазмұнды толықтырып тұрады.
Балтық жағалауы суретшілерінің Р. Хеймратс, Р. Багустова, Ю. Вигнер, Балчиковичтердің еңбектерінде гобелен көрінісі өте үлкен үйлесімділік тапқан.
Гобелен композициясында ішкі жан дүниенді толғандыратын ой, идея, образдарды бейнелеуге болады. Осы орайда композиция ұғымына тоқтала кетейік. Композиция өнердің барлық саласына да қатысты өте күрделі ұғым. Суреткер творчестволық процесс негізінде өз ойын, сезімін әрқилы тәсілдермен, мәселен айшықты тілмен, ою-өрнекпен, форма, бояу үйлестілігімен жеткізеді.
Қазақ қолөнерінің – халық мұрасы, өрісі биік, өрісі кең өнер туындыларының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халқтар сияқты қазақ халқында өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзінен қайталанбайтын ерекшелігімен көзге түседі.
Халық қолөнер шеберлерімен бірге арнаулы білімі бар суретшілеріміз соңғы кезде кілем, терме алаша, тоқудың бір жаңа тәсілі "Гобелен кілем" дайындауды қолға адды.
Гобелен — қазақтың қолөнеріндегі ең жас өнер. Бұл тоқыма өнері негізінен 1950 жылдардан кейін ене бастады. Гобелен әсіресе көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарда іздестіріп, одан әрі даму жағын көздеуде. Гобелен кілемнің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен, жалпы ою-өрнек суреті сирек қолданылады. Әр гобеленнің өзі бір мақсатқа, мағына мазмұнға құралады да, сол арқылы өрнектеліп тоқылады. Бұл кілемнің тоқылу ерекшкліктері де бар. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болады, өрнекті теруінде бір кілемнің өзінде түкті және түксіз өрнектер араласып келе береді. Сондай-ақ кейде өрнек жіптері тоқылмай қалатын әдістерінде кездеседі, мұндай тоқылмаған өрнек жібі қиылмайды.
Қазақстанда гобеленнiң қалыптасуына Қ.Тыныбеков өз шығармашылығымен үлкен ықпал еттi. Бұл жаңа өнердiң Қазақстан жерiнде негiзiн салған жерлесіміз Құрасбек Тыныбеков, сонымен қатар осы салада көптеген еңбек сiңiрген суретшi – гобеленшi Фатима Заурбекова, Ирина Ярема, Амангүл Иханова, Кулипа Жубаниязова және қазiргi таңдағы өздерiнiң тамаша еңбектерiмен белгiлi суретшi- гобеленшiлер Сәуле және Әлiбай Бапановтардың қосқан үлесiн айтуға болады.
Сонымен, қазiргi кезде Қазақстандық гобелен тоқу өнерi де европалық классикалық дәстүр мен үндестiк тапқан қазақтың халықтық тоқыма өнерi де өркендеу үстiнде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет