«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx



«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту 
әдістемесі» пәні 
 
Дәріс 1. Т:  Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту 
әдістемесі - педагогика ғылымының саласы және оқу
 
пәні
 
1.
 Жаңартылған мазмұндағы «Кӛркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі – 
педагогика ғылымының саласы ретінде оның зерттеу обьектісі, пәні, 
мақсаты, міндеттері мен әдістері. 
2.
 
Жаңартылған мазмұндағы «Кӛркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесінің
 
басқа ғылымдармен байланысы.
 
Лекция мақсаты: 
Жаңартылған мазмұндағы «Кӛркем еңбек» пәнін 
оқыту әдістемесі пәнін педагогикалық ғылым ретінде
 
танысу 
Қарастырылатын негізгі сөздер: 
кӛркем еңбек, кіріктірілген пән
пәннің обьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері. 
«Кӛркем еңбек» – бейнелеу ӛнері мен еңбектің негізгі түрлерін, барлық 
қажетті материалдарды мазмұнына қарай біріктіріп енгізілген, кіріктірілген 
курс.
«Кіріктірілген пән» деген ұғым пәндерді жай қосу емес, оқу 
материалындағы әрекет кірігуі, оның мәні мен ӛзара байланысы және 
жинақтылығына қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр. 
Түрлі материалдармен жұмыс оқушыларда технологиялық пікір 
қалыптастыруға, кӛркем-эстетикалық талғам, шығармашылық қабілет, жады, 
кеңістіктік қиял, фантазия, қол моторикасын дамытуға, кӛз мӛлшерін 
жетілдіруге ықпал етеді.
Шығармашылық іс-әрекет барысында қоршаған ортадағы обьектілерді 
бір бейнеде кӛрсету үшін ӛнер түріндегі кӛркемдік тіл (түс, сызық, штрих, 
кӛлемді пластика, стилдеу, кӛлем, кеңістік, конструкция, композиция т.б.) 
және материалдың физикалық қасиеттерінің (ерігіштігі, жабысуы, иілуі, 
бүктелуі т.б.) мүмкіндігі пән мазмұнында кіріктіріліп берілген.
Бұрынғы оқытылған екі пәннің біріктірілуі жоғары деңгейлі белгілі бір 
нәтижеге жетуге, шығармашылыққа баулуға жағдай жасайды. 
Шығармашылық іс-әрекет барысында қоршаған ортадағы обьектілерді 
бір бейнеде кӛрсету үшін ӛнер түріндегі кӛркемдік тіл (түс, сызық, штрих, 
кӛлемді пластика, стилдеу, кӛлем, кеңістік, конструкция, композиция т.б.) 
және материалдың физикалық қасиеттерінің (ерігіштігі, жабысуы, иілуі, 
бүктелуі т.б.) мүмкіндігі пән мазмұнында кіріктіріліп берілген.
«Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу ӛнері » пәндерінің біріктірілуі жоғары 
деңгейлі белгілі бір нәтижеге жетуге, шығармашылыққа баулуға жағдай 
жасайды. Сондықтан 6В013 – Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау
 
(Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі) мамандығы үшін 
оқытылатын «Жаңартылған мазмұндағы «Кӛркем еңбек» пәнін оқыту 
әдістемесі» пәні - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың 
педагогикалық жалпы жүйесінің ең бір маңызды бӛлігі. Ол студенттердің пән 


бойынша теориялық білімді, практикалық білігі мен дағдысын меңгеруін, 
оны кәсіби іс-әрекетінде пайдалануды қарастырады. Бұл пән бәсекеге 
қабілетті маман даярлауда қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын 
қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Пәннің 
нысаны
– бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 
мамандығы бойынша ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
жоғары педагогикалық құрамдасы ретіндегі «Кӛркем еңбекті» оқыту 
теориясы мен әдістемесінің мазмұны. 
Пәні 
– стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдеріне «Кӛркем еңбекті» оқыту теориясы мен әдістемесі курсынан 
берілетін білім, білік, дағды қалыптастыру үдерісі.
Пәннің 
мақсаты:
болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне кӛркем еңбек 
әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін 
меңгерту.
Пәннің негізгі 
міндеттері:
- эстетикалық дүниетаным мен ойлауды қалыптастыру; 
- «Кӛркем еңбекті» баланың жалпы мәдени ой-ӛрісін кеңейтудің, 
шығармашыл тұлға ретінде дамытудың құрамды бӛлігі ретінде қарастырып, 
мәнін ашу; 
- кіші мектеп жасындағы оқушыларға «Кӛркем еңбекті» оқыту үдерісін 
ұйымдастыруға қажетті кәсіби білім және біліктермен қаруландыру.
Курс екі бӛлімнен тұрады: кӛркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері 
және бастауыш сыныптарда кӛркем еңбекті оқытудың әдістемесі. 
Жаңартылған мазмұндағы «Кӛркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі негізгі 
міндеттерді іске асыру барысында байқау, анкета жүргізу, эксперимент
теориялық талдау сияқты ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Ол кӛркем 
еңбекті оқыту үдерісін жетілдірудің нақты шараларын жобалауға мүмкіндік 
береді. 
Педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас 
жүйесін құрайды. Педагогика басқа ғылымдармен тығыз байланысты. 
Педагогика ӛзінің дамуында философия, этика, социология, 
психология, мектеп гигиенасымен тығыз байланыста болады және олардың 
заңдылықтары мен нұсқамаларына сүйенеді.
 
Кӛркем еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, 
дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық 
сауаттылықтары арта түседі. Баланың ақыл-ой жүйесінің дамуына септігін тигізіп, 
оқушылар еңбек мәдениетіне қалыптасады. Оқушылар сабақтардың барысында 
1-сыныптан бастап кез келген нәрсенің бейнесін, бұйымның сызбасын талдай 
білуді және ӛлшем бойынша, ӛз бетінше қағаздан, табиғи әртүрлі 
материалдардан бұйымдарды дайындай білуге қалыптаса бастайды. 
Берілетін тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 
қарапайым жұмыстардан бастап біртіндеп күрделене отырылып беріледі. Әрине, 
бұл кезеңдер алғашқы кезде оқушыларға оңайға соқпайтыны белгілі. Орындайтын 


тапсырмалар оқушыларды жалықтырмайтындай болып, қызықты, маңызды 
тапсырмалармен қамтылып, тапсырманың оқу мақсаты айқын болуы тиіс. 
Мұндай тапсырмаларды орындап, оны үйрету үшін бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ӛзінің техникалық, бейнелеу ӛнерінен сауаттылығы мол болуы 
тиіс екендігін жоғарыда айтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет