6. Ағаш қабығы. Ағаш қабыршақтарын пайдаланғанда
ә ртүрлі
жануарлардың бейнелерін немесе оладың дене бӛлшектерін жобалап беретін
формаларына қарай пайдаланамыз. Бұл жерде балалардың бойында бейнелі
кӛруін, байқағыштығын дамытуымыз керек.
7. Жапырақтар. Жапырақтардан қызық және керекті жерлерін
толықтырып отыратын әдемі жабыстыру жұмыстырын жасауға болады. Олар
түрлері мен түстеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Әр түрлі ағаштардың,
бұталардың, гүлдердің жапырақтарын пайдалануға болады.
Жапырақтардан кӛбелектің қанатын, балықтың желбезегін, әртүрлі
оюларды жасауға болады. Жапырақтарды күзде ерекше әдемі болып тұрған
кезде жинаған жӛн.
Жапырақтарды сақтап және одан әрі қарай пайдалану үшін оларды
дұрыстап дайындап, кептірген жӛн. Жапырақтарды кептіргенде араларына
құрғақ қағаз тӛсеп, бір қабат жапырақ, бір қабат қағаз тӛселіп отырады.
Осылай етіп дайындалған қаттаманың үстіне ауыр зат қойып басып қояды.
Жапырақтарды газет арқылы ыстық үтікпен үтіктеп жіберуге болады.
Кептіріліп жатқан жапырақтар түсін сақтап қарайып кетпес үшін
арасындағы қағаздарды күнделікті ауыстырып отыру керек. Кепкен
жапырақтарды арнайы папкада сақтау керек, ӛйткені кейбір даналарының
(экземпляр) арасында қағаз беттерін салу керек болады. Кепкен жапырақтар
ӛте сынғыш. Нәзік болып келеді.
8. Сабан. Сабанды бұрыннан қолеңбек жұмыстарын жасағанда
пайдаланып келеді. Сабан- бұл дәнді дақылды ӛсімдіктердің сабағы, іші
қуыс, жеңіл ӛңделетін материал. Сабаннан жасалған бұйымдар ӛте
тартымды, әдемі шығады. Олар балалардың шығармашылығының дамуына
үлкен кеңістік береді. Қара бидайдың, бидайдың, сұлының, арпаның,
қамыстың, тимофеевня-жабайы ӛсімдіктердің сабағын пайдаланамыз.
Сабанды дайындау ӛсімдік әбден пісіліп жетіліп, алтын түсті болған
кезде жинайды. Олармен жұмыс істеу үшін ортаңғы және астыңғы бӛліктерін
пайдаланамыз. Сабанды сақтаған ыңғайлы болуы үшін оны байланған
жерінен немесе байланған (түйнектелген) жерін екі бӛлікке бӛліп кескен жӛн.
Ӛңделген сабан жұмыс істеуге жарамсыз, ӛйткені оның сабақтары майысқақ
және сынған. Кӛгермеген комбайн таптамаған жаңадан жиналған
сабандармен жұмыс істеген жӛн. Сабанды жол бойларынан мектеп
учаскелерінен қолмен жинап алуға болады.
Жұмыс істеу үшін сабаннан түтікшелер дайындап, жалпақ жолақтар
жасалынады. Алдымен дӛңгелек, тегіс сабақтарды алып, олардың
түйнектелген жерін кесіп, 1,5-2 сағатқа кең ыдысқа ыстық суға булауға салып
қояды. Сабан жұмсарған кезде түтікшені ұзынынан кесіп бірнеше
қабатталған газетке салып ыстық үтікпен үтіктеп жазады.