Орман жаңғақтарын
қалпақтарымен
әбден піскенде тамыз айында
жинап алып, басқа да ойыншықтарды жасағанда пайдалануға болады.
Жаңғақтарды тақтайға қойып кептіріп құрғақ жерде қорапта сақтайды.
Орман жаңғағының қабығы қатты болады. Оны пышақпен қиын кесіледі
немесе бізбен тескенде де ӛте ауыр болады. Ӛте кеуіп кеткен жаңғақтармен
жұмыс істеген қиын, сондықтан олармен жұмыс істемеген жӛн.
Кедр жаңғақтарын
жануарлардың, орман адамдарының аяқ-қолын,
жұдырығын жасағанда пайдаланамыз. Бұл жаңғақтар
бізбен жеңіл тесіледі,
желіммен жақсы жабысады.
Грек жаңғақтарының
қабығынан қайық, арба, тасбақа, қоңыз жасауға
болады. Жаңғақты пышақпен тура ортасынан дұрыс етіп жаруға болады.
Мұғалім жаңғақты бӛліп дайындап қояды, балалар сол бӛлінген жартысын
пайдаланып жұмыс жасайды.
Жер жаңғағымен
жұмыс істеген ӛте тиімді- оңай тесіледі,
кесіледі,
қабығы жұқа және сынғыш. Жер жаңғағынан жануарлар тұлғасын айнытпай
жасауға болады, оларды құрғақ жерде сақтау керек, ӛйткені олардың қабығы
кептіру кезінде қатаймайды.
3. Емен дәні
әр түрлі және кӛлемді болады. Олар күзде қыркүйек және
қазан айларында пісіп жетіледі.Оларды әбден пісіп, ағаштан шашылғанда
түбінде ұстап тұратын тостағаншаларымен жинап алған жӛн.
Плюски
– емен
жаңғағын толықтырып тұратын жақсы материал және оларды әр түрлі
қолеңбегін жасағанда жиі қолдануға болады. Емен жаңғақтарын жинағанда
әр түрлі мӛлшердегі және кӛлемдегі болуы керек. Бұлардан қолеңбек
жұмыстарын жасағанда жаңадан терілген жаңғақтарды пайдаланған жӛн,
ӛйткені олармен жұмыс істеген жеңіл және ұзақ сақталады.
Біздің елімізде
емен жаңғағы талшынға (каштан) қарағанда кеңінен тараған. Жаңғақтарды
бір бірімен қосу және оларды жинау мен сақтау қиындықтарға соқтырмайды.
Емен жаңғақтарын салқын және ылғалды жерде сақтау керек.
4. Тұқымдар. Қ
ауынның, күнбағыстың тұқымдарынан, ірі тұқымды
гүлдердің тұқымдарынан жануарлардың және адамдардың кӛздерін жасауға
болады.
5. Бұтақтар
. Кӛлемді табиғи материалдардан
ойыншықтар жасау
барысында – (қарағайдың жаңғағы-шишка, емен жаңғағы-желудь, каштан–
талшын пайдаланумен бірге кейбір детальдарын бұтақтардан жасайды:
олар әр түрлі бейнелердің қолдары және аяқтары. Бір ғана кішірек бұтақтан
жасайтын образдың неше түрлі қалпын – жүгіріп бара жатқанын, отырғанын,
қолын кӛтеріп тұрғанын жасауға болады. Шынтақ пен тізе тұстарына
бұтақтардың
қиылысқан жері, ұзындығы жасайтын заттың кӛлеміне қарай
бұтақтардан кесіліп алынады. Бұл жұмыстарға қарағайдың, шыршаның,
сиреньнің бұтақтарын пайдалануға болады. Олардың бұтақтары шымыр
болады, кепкенде оңайшылықпен сынбайды.
Бұтақтарды жинау уақытты,
шыдамдылықты, ұқыптылықты талап ететін жұмыс. Бұтақтардан қолеңбек
жұмыстарын жасағанда бұтақтарды жерден теріп, кесілген ағашардан алып,
ағаштарды күтіп, баптау керек екенін балалардың есіне үнемі салып отыру
керек.