Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Дәлелді жауап беріңіз



бет47/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

1. Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Дәлелді жауап беріңіз.
2. Осы типтік патологиялық процестің этиологиясы қандай? Науқастан алынған сұйықтықтың сипаты қандай – транссудат па немесе экссудат па? Жауабыңызды негіздеңіз. Пунктаттың түрі қандай және оның басқа патологиялық сұйықтықтардан айырмашылығы қандай.
3. Осы типтік патологиялық процесс кезінде жергілікті қанайналымының бұзылуларын атаңыз және сипаттаңыз.


1.Бұл науқаста қабыну процесі дамыған болатын, қабынудың біз білетіндей 3 түрі бар олар :алтерация, экссудация және пролиферация. Экссудацияның ішіде іріңді қабыну дамыған еді. Себебі, Эксудаттың түрлері не – 1) сірнелі (серозды) жалқық 2) шырышты жалқық 3)іріңді 4)қан араласқан (геморагиялық) 5) фибринді 6)шірі жалқық 7) аралас болып жіктелетін түрлері бар. Жалпы іріңдік қабыну кок таяқшаларының әсерлерінен пайда болады мысалы- стрептококктардың, стафилококктардың, пневмококктардың . Оның құрамында іріңді денешіктер яғни бүлінген нейтрофилдер сонымен қатар микробтар, бүлінген тін жасушалары болады да тері бетіне ісіну көрініс береді. Науқастан алынған сары- жасыл түсті сұйықтықтың бөліну себебі, ол құрамында стафилаккок, стрепкоккактың болуы. Стафилаккокты ірінді қабынудың құрамында болса сары-жасыл, ақшыл-сары немесе сарғыш реңді сұйықтықтың бөлінуі, кілегей немесе кілегей консистенциялы болуы және ерекше қышқыл иіс бөледі. Стрептокок іріңнің құрамында кездессе жағымсыз иістің бөлінуі, сұйық консистенцияның болуы, сұр-сарғыш, жасыл-сарғыш реңді, өлі тіндердің жиналуы мен қанның жинақталуы байқалады. Сол себепті науқаста іріңді қабынудың дамуын және де сол жарақат аймағына стафилаккоктар мен стрептококтардың жиналғанын айта аламыз.


2. Науқастағы типтік патологиялық процестің этиологиясына тоқталатын болсақ, науқастың көліктік қақтығыстан ауыр жарақат алуы басты себеп табылады. Яғни бұл типтік этологиялық механикалық факторларға жатады.
Қабыну туындатқан себебіне карай:
• Биологиялык –бактериялар, вирустар, қарапайымдар, саңырауқұлақтар және тағы басқалар жатады.
• Химиялық- қышқылдар, сілтілер, тұздар
Физикалык-ульрагулгінсауле, жогарыжәнетомен температура.
• Механикалык- жаракат, қысым болып бөлінеді
Этиолгиясы- механикалық соққы, яғни экзогендік фактор. Науқаста алынған сұйықтық экссудат. Парацентез нәтижесі бойынша талдасақ:

  1. Экссудат қабыну кезінде байқалады;

  2. Салыстырмалы тығыздық: экссудат кезінде тығыздығы -1,020 г\л дейін, ал транссудат кезінде 1,015 г\л-ге дейін ғана болады, ал бұл жағдайда тығыздық 1,054 г\л.

  3. жасушалар саны-7000 1мкл, ал транссудат кезінде жасушалар саны 100 1 мкл дейін болады.

  4. Нейтрофильдердің басым болуы.

  5. Нәруыздар санының басым болуы.

Бұл жерде этиологиясы – механикалық-жарақат, қысым себебі наукас көлік кақтығысына ұшырағаннан жаракаталғаны белгілі
Науқастан алынған сұықтық экссудат болып табылады.
Экссудат- латын тілінен аударғанда терлеу деген мағынаны береді. Ол дегеніміз- қанның бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің қан нәруыздары мен жасушаларының тамырдың сыртындағы тіндерге қарай шығуын айтамыз. Тамырдан шығарылғаннан кейін экссудат қоршаған тінге қарай өтіп қоршаған тіндерге түседі. Жарақаттың немесе қабыну салдарынан қан тамырларының қабырғалары зақымдануы мен қылтамырлар мен венелалардың қабырғасының өткізгіштігінің артуы, тамырларда және де көктармырларда қан қымсымының жоғарлауы және де тамырдың өткізгіштікке әсер ететін маңызды бір фактордың бірі ол осмостық қысымның жоғарлауымен сипатталады. Қысымның әсерінен тамыр ішіндегі сұйықтық, қысымы төмен жақа қарай өтуі мысал бола алады.
Пунктат-іріңді экссудат. Басқа экссудаттан айырмашылығы – құрамында нейтрофильдер мен бүлінген, бүлінбеген жасушалардың, микробтардың көп болуы, түсінің сары-жасыл түсті болуы. Сонымен қатар іріңнің құрамында гидролиздік ферменттер көп болғандықтан, зақымданбаған тіндерде де, ыдыратып жібереді.


3.Жергіліктті қан айналым бұзылыстарын атайтын болсақ,бұл жағдайда тромбоз,қан ұйып қалу жағдайлары болып табылады. Сонымен қатар организмде және оның жеке ағзалардың қалыпты жұмысы осы жүрек – қан тамырлар жүйесінің дұрыс қызмет жасамауына байланысты болады.сонымен қатар организмде зат алмасу өзгерістерінен де пайда болады.Оларға:
-Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасының зақымдануы лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы;
-Түзілу үрдістерінің төмендеуі;
-Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмеуі жатады.


Тапсырма 2.Науқас Ф., 47 жаста, асқазан обыры бойынша операция жасалған. Анамнезінен – акогольді көп қолданған. Операциядан кейін 9 ай өткен соң науқас жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының азаюына, жүрегі айнып, құсуға, оң жақ қабырға астының тоқтаусыз ауырсынуына шағымданады.
Объективті:бауырдың өлшемі ұлғайған, пальпация жасағанда қатты, бұдырлы, аздап ауырсынады.
Бауырға рентген компьютерлік томография мен ультрадыбысты зерттеу кезінде көлемді құрылым анықталды. Қанда ісік маркерлеріне иммунохимиялық тест жүргізгенде альфа-фетопротеин деңгейінің шамалы ғана жоғарылағаны және обырлы-эмбриондық антигеннің көбейгені байқалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет