ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АУА РАЙЫ • ЖЕЛ
5
ДИАГРАММА 01:
Қосымша сұрақтар
Саффир-Симпсон дауылды жел шкаласы бойынша
дауылдар жылдамдығына байланысты 1–5 шкаласы
бойынша жіктеледі. Сол себепті 5-категория ең
күшті дауылға тән.
С13. АҚШ-та дауылдар қалай жіктеледі?
Дауылдар әліпби бойынша аталады, маусымның
бірінші дауылы “А” әрпінен басталады да, ер немесе
әйел есімімен аталады. Атлантикалық дауылдарға
қолданылатын алты тізім бар, егер дауыл өте
жойқын болса, “танымал” есімдер жаңа есімдермен
алмастырылады.
С14. Дауылдар қалай аталады?
• Дауылдың түзілуіне қандай жағдайлар қажет?
Дауылдар жылы мұхиттардан судың көп мөлшері
буланғанда бөлінетін энергияға тәуелді. Мұхиттардың
температурасы 50 м тереңдікке дейін 26,5°C немесе одан
да жоғары болуы тиіс. Ауа көтерілген кезде мұхиттан
бөлінген су буы конденсацияланып, үлкен бұлттар
түзіледі. Осы процесс нәтижесінде бөлінген энергия
ауаның одан әрі көтерілуіне септігін тигізіп, бұлттардың
көбеюін тудырады. Кориолис әсерінің күші (Жердің
айналуы) барлық жүйенің айналуын және шиыршық
пішінде болуын қамтамасыз етеді. Кориолис әсері
экваторда әлсіз, сондықтан экватордан 5° солтүстікте
және оңтүстікте дауылдар болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: