Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ

Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің зерттелу жайы
» деп аталды. «Мета», 
«метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» мәселесін зерттеген ғалымдардың
яғни А.Г. Асмолов, Ю.В. Громыко, Н.В. Громыко, А.В. Хуторский, Е.Я. 
Аршанский, О.В. Петунин, В.Р. Имакаева, Л.В. Квитова, К.Ю. Колесина, М.Р. 
Леонтьеваның еңбектерімен таныстырылды. Метапәндік тәсілдемені жүзеге 
асыру кезінде тиімді технологияларға, әдістер мен тәсілдеріне талдаулар 
жасалды. Жаңа үлгідегі оқу пәні – «Білім», «Белгі», «Мәселе», «Міндет» атты 
метапәндерге шолу жұмысын жүргізді. Практикалық сабақта «
Бастауыш білім 
беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің зерттелу жайы» 
мәселесінің хронологиялық кестесі түзілді. 
Бағдарламаның үшінші тақырыбы 
«Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері»
деп аталады. Бұл тақырып аясында студенттерге бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытпастан бұрын, бастауыш сынып оқушысы метапәндік 
тұрғыда ұйымдастырылған оқыту үдерісінің соңында қандай тұлғалық 
сапаларға, метапәндік нәтижелерге ие болады деген сұраққа жауап іздестіру 
керек деген тапсырмалар берілді. Сонымен бірге осыларды қалыптастырудың 
психологиялық-педагогикалық әлеуетін анықтау жұмыстары ұйымдастырылды. 
Курстың төртінші тақырыбы 
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқыту негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру 
жолдары»
деп аталады. Оқушылардың дүниетанымдық идеяларын, танымдық 
және шығармашылық белсенділігін дамытуда дүниенің біртұтас ғылыми 
бейнесін қалыптастырудың алатын орны ерекше. Бұл мәселені шешу үшін 
тұлғаны табиғи үйлесімділікте дамыту және оның өздігінен тұтастықта 
дамуының тиімді әдістемелік жолдары практикалық сабақта іздестірілді. 
Курсымыздың бесінші тақырыбы 
«Метапәндердің жіктемесі»
деп 
аталады. Әр метапәннің негізгі міндеті анықталды. Оқыту үдерісінде қолдану 
жолдары талқыланды.
Курсымыздың алтыншы тақырыбы – 
«Бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі»
. Студенттерге метапәндік сабақтарды 
ұйымдастыру 
ерекшеліктері, 
метапәндік 
сабақ 
құрылымы, 
білім 
бағдарламаларын игеру кезінде игеруі тиіс метапәндік нәтижелер үлгілері 
таныстырылды. Практикалық сабақта Google браузеріндегі, «You Tube» 
каналында жарияланған ресей және алыс шет ел мұғалімдерінің метапәндік 
сабақтарына талдаулар жасалды.
Курсымыздың жетінші тақырыбы 
«Метапәндік сабақ – метапәндік 
нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолы» 
деп аталады. Тақырып аясында 
студенттер метапәндік сабақтың құрылымымен, оның дәстүрлі сабақтан 
ерекшелігімен танысты. Практикалық сабақта студенттер дәстүрлі сабақ және 


103 
метапәндік сабақ аясында қалыптасатын метабіліктерге талдаулар жасады. 
Тақырып бойынша постерлер әзірледі.
Ұсынылған семинардың сегізінші тақырыбы «Әмбебап оқу әрекеттері 

метапәндік нәтижені қалыптастыру құралы ретінде» деп аталады. Тақырып 
аясында оқушылардың танымдық, реттеушілік, коммуникативтік және 
тұлғалық оқу әрекеттерін ұйымдастыру жолдары қарастырылды. 
Келесі, 
яғни 
тоғызыншы 
семинардың 
тақырыбы 
«Метапәндік 
тапсырмалар» 
деп аталады. Тақырып аясында метапәндік тапсырмалардың 
түрлері, осы тапсырмаларды құрастыруда басты назарға алу қажет ережелер 
талқыланды.
Әр сабақта студенттер мен мұғалімдер метапәндік тапсырма, метапәндік 
сабақ үлгілерін әзірледі.
Сонымен арнайы курс соңында студенттердің білімін анықтау мақсатында 
және эксперименттік топта сабақ жүргізетін мұғалімдердің білімін тексеру үшін 
қайтадан сауалнама алынды. Сауалнама сұрақтары жоғарыдағы 10-кестеде 
көрсетілген. Cауалнама нәтижесі төмендегідей 19-суретте ұсынылған. 
Сурет 19 

Семинар жүргізілгеннен кейінгі сауалнама нәтижесі 
Сауалнама қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан студенттердің 
100 %-ы тәсілдеме ұғымымен таныс екендігін өздерінің жауаптары арқылы 
дәлел болды. Дегенмен, оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында қандай 
тәсілдемені негізге алып отырғандығы жайында сұрақтың қиындық 
тудырғандығын 9 % байқаймыз.
Метапәндік тәсілдеме ұғымымен студенттердің 100%-ы таныс. 100 % 
көрсеткіштің 92%-ы ғана бұл тәсілдеме жайында түсініктерінің дұрыс бағытта 
екендігін байқауға болады. 
100%
9%
100%
95%
95%
100%
100%
100%
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%


104 
Метапәндік тәсілдеме жайында білімдерін 1-ден 10 баллдық шкаламен 
бағалау тұрғысынан қойылған сұраққа студенттердің 95%-ы 7-9 балл 
аралығында бағалағандығын көреміз. Метапәндік, пәнаралық байланыс, 
интеграция ұғымдарының бір-бірімен не себепті байланысты деген сұраққа 
жауап беру қиындық келтірмегендігін байқадық. Ал 7 және 8-сұрақтарға 
мүлдем жауап бере алмаған студенттердің болмағандығы қуантарлық 
көрсеткіш.
Бұл семинардан басқа, қосымша, 2019-2020 оқу жылында Алматы қаласы 
Білім басқармасының «№76 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныпта сабақ беретін 30 мұғалімге арнап 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет