145
оқушылардың әлемді біртұтастықта қабылдауы мүмкін болатындығы
дәлелденді.
3.Зерттеу міндетіне сәйкес әзірленіп, бастауыш мектептің оқу-тәрбие
үдерісінде тәжірибеден өткен «Бастауыш сынып
оқушыларының метапәндік
нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі» бастауыш
сынып оқушыларында метапәндік білікті қалыптастыруды жүзеге асырды,
тапсырмалар жүйесін жүргізу барысындағы қолданылған метапәндік әдіс
оқушылардың теориялық ойлауының жетілуіне, ақпаратты қайта өңдеу
дағдыларының қалыптасуына, сыни және шығармашыл ойлауға, реттеушілік
біліктерін игеруіне тиімді ықпал етті.Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуға
даярлауды жүзеге асыру мақсатында жүргізілген
«Бастауыш білім берудегі
метапәндік тәсілдеме»
арнайы курсының мазмұны студенттердің бастауыш
білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытып, оқушылардың метапәндік
нәтижелерін қалыптастыруға даярлығының қалыптасуына тиімді ықпал етті.
4.Тәжірибелік-эксперимент
жұмысының қалыптастырушы кезеңінде
алынған нәтижелер оқушылардың метапәндік тұрғыда оқу қажеттілігін түсініп,
метапән тапсырмаларына деген қызығушылықтарының артқанын, универсал
оқу әрекеттері мен метапәндік тапсырмалар мәнін, қызметін ұғынғанын;
метапәндік білім, біліктерінің артқандығын көрсетті.
Аталған нәтижелер оқу
пәндерінің бір-бірінен алшақтығы, бытыраңқылығы, бөлінуі мәселесін шешуге
мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар
жасалады:
– жоғары педагогикалық оқу орындарында студенттердің метапәндік
тұрғыда оқыту туралы білімдерін жетілдіруді әдістемелік жұмыстың басты
бағыты ретінде қарастырып, оқытушылармен арнайы дайындықтар
ұйымдастыру;
– жүрізілген ғылыми-зерттеуіміздің негізінде дайындалған «Бастауыш
білім берудегі метапәндік тәсілдеме»
атты элективті курс пен мен ондағы
әдістемені ЖОО-дағы 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен
әдістемесі мамандығы студенттеріне дәріс оқуда,
семинар сабақтарын өтуде
пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
– зерттеу тақырыбы бойынша бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыда оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендер даярлау.
Аталған зерттеу нәтижелері бастауыш білім беру бағдарламаларын
жаңартуға және жоғары педагогикалық оқу орнындарында мамандар даярлау
мәселесіне арналған жұмыстарды жетілдіруге және осы бағыттағы жаңа
зерттеулер жүргізуге негіз бола алады деп есептейміз. Зерттеу мәселесі күрделі
болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес,
сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге
болмайды. Болашақта бастауыш сынып оқушыларында дүниенің тұтас ғылыми
бейнесін қалыптастыруды кіріктірілген пән мазмұны аясында қарастыру
мәселесі бойынша зерттеу керек деп санаймыз.